Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минерал суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) жекелеген талаптарын күшіне енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 182 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы "Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минерал суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті туралы" № 45 шешімінің 2-тармағының екінші абзацына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 маусымдағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 164 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 60 шешімінің ережелерін ескеріп және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) 23-бабының 11-бөлігін назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Балалар тағамына арналған ауыз суды, емдік-асханалық және емдік табиғи минералды суды (бұдан әрі – өнім) мемлекеттік тіркеу туралы оларға қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ЕАЭО TP 044/2017) (бұдан әрі-техникалық регламент) № 2 қосымшаның 2-кестесінің 1-позициясына ("ОМЧ 22 ºС кезінде" көрсеткіші), I бөлімнің 1-позициясына ("ОМЧ 22 ºС кезінде" көрсеткіші) және № 3 қосымшаның 2-кестесінің II бөліміне ("Криптоспоридий ооцистері", "Лямблия цисталары", "Гельминт жұмыртқалары" көрсеткіштері) сәйкес көрсеткіштер үшін белгіленген талаптар күшіне енетін құжаттар (мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде қамтылған өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер) 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      2022 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген (тізілімге енгізілген) өнімді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттарды (мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде қамтылған өнімді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді) 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қайта ресімдеу үшін техникалық регламентте көзделген зерттеулер (сынау) нәтижелерін толық көлемде ұсынбай, осы өнімнің осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген талаптарға сәйкестігін зерттеу (сынау) хаттамалары ғана пайдаланылады;

      б) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін техникалық регламентке № 2 қосымшаның 2-кестесінің 1-позициясына ("ОМЧ 22 ºС кезінде" көрсеткіші), I бөлімнің 1-позициясына ("ОМЧ 22 ºС кезінде" көрсеткіші) және II бөлімге ("Криптоспоридий ооцисттері", "Лямблия цисталары" және "Гельминт жұмыртқалары" көрсеткіштері) сәйкес көрсеткіштер үшін белгіленген талаптарды ескермей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қапталған ауыз суды 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін өндіруге және айналымға шығаруға жол беріледі.;

      в) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген және осы тармақтың "б" тармақшасында көзделген құжаттардың (мәліметтердің) қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің айналысына оны дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады