Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара саудасының статистикасын жүргізу әдіснамасына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 185 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара саудасының статистикасын жүргізу әдіснамасына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2022 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 185 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара саудасының статистикасын жүргізу әдіснамасына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1.3-тармақта:

      а) төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "контрагент – импорттаушымен немесе экспорттаушымен сыртқы сауда мәмілесінің тарапы ретінде бой көрсететін тұлға;";

      б) жетінші абзацтағы "Шартпен" деген сөз "Еуразиялық экономикалық одақ құқығымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 211 және 212-тармақтарымен толықтырылсын:

      "211.Үндестіру мақсатында уәкілетті органдар статистикалық құжаттардың нысандары бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады, олар мынадай міндетті мәліметтерді қамтуға тиіс:

      а) тауардың орын ауыстыруының бағыты (импорт немесе экспорт);

      б) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар коды;

      в) тауардың сипаттамасы;

      г) тауардың арналым елі;

      д) тауардың шығарылған елі;

      е) тауарды жөнелткен ел;

      ж) сататын ел;

      з) нетто салмағы (килограммен);

      и) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес өлшемнің қосымша бірлігінің коды;

      к) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес өлшемнің қосымша бірлігіндегі тауар саны;

      л) тауардың құны және валюта коды;

      м) тауардың статистикалық құны (АҚШ долларымен);

      н) экспорттаушының (импорттаушының) атауы және сәйкестендіру нөмірі;

      о) контрагенттің атауы және сәйкестендіру нөмірі.

      212. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары статистикалық құжаттардың нысандарын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы Әдіснамада көзделгеннен өзге көрсеткіштермен және мәліметтермен толықтыруы мүмкін.".

      3. 23-тармақтың бірінші абзацы "тауарлар" деген сөздің алдынан "таратылуы және (немесе) берілуі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шектелген ақпаратты қамтымайтын" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 26-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органдар және өзге мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары, мүше мемлекет заңнамасының, Шарттың және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттар мен актілердің күшімен қүпиялы ақпаратқа қол жеткізетін өзге де тұлғалар таратылуы және (немесе) берілуі шектелген ақпаратты жария етуге, жеке мақсаттарына пайдалануға не үшінші тұлғаларға, соның ішінде мемлекеттік органдарға беруге құқылы емес.

      Ақпараттық құпиялылығын бұзу мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады