Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 7.2.2-тармағын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1.Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым және (немесе) отырғызылатын материал импортына сыни тәуелділігі бар деп айқындалсын.
2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 95 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тұқым және (немесе) отырғызылатын материал импортына сыни тәуелділігі бар ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің ТІЗБЕСІ
1.Қант қызылшасы
2.Майлы дақылдар: күнбағыс, рапс, сафлор
3. Дәнді дақылдар: жүгері, қара бидай
4. Көкөніс және бақша дақылдары
5. Көпжылдық шөптер: жоңышқа, экпарцет
6. Жеміс және жидек дақылдары