2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан № 1 қосымшаға сәйкес субпозиция алып тасталсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына № 2 қосымшаға сәйкес позициялар енгізілсін;
в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының № 3 қосымшаға сәйкес ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 39-ескертпемен толықтырылсын:
"39С) Кедендік құнның 0%-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 126 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2023 аралығында қолданылады.".
2. Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген, Өздеріне қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 5503 11 000 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"5503 11 000 1 | – – – мета-арамидтерден жасалған, жеке қорғаныш құралдарын өндіру кезінде пайдаланылатын тоқыма емес материалдарды дайындауға арналған5) |
5503 11 000 9 | – – – өзгелер". |
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді, бірақ 2022 жылғы 2 қаңтардан ерте емес.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан |
Ресей |
В. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | А.Кожошев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021жылғы 29 қазандағы № 126 шешіміне № 1 қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай Тауар номенклатурасынан шығарылатын СУБПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос. өлш. бір |
5503 11 000 0 | – – арамидтерден жасалған | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінтің 2021жылғы 29 қазандағы № 126 шешіміне № 2 қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына енгізілетін ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос. өлш. бір |
5503 11 000 | – – арамидтерден жасалған: | |
5503 11 000 1 | – – – мета-арамидтерден жасалған, жеке қорғаныш құралдарын өндіру кезінде пайдаланылатын тоқыма емес материалдарды дайындауға арналған5) | – |
5503 11 000 9 | – – – өзгелер | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінтің 2021жылғы 29 қазандағы № 126 шешіміне № 3 қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не Еуромен, не АҚШ долларымен) |
5503 11 000 1 | – – – мета-арамидтерден жасалған, жеке қорғаныш құралдарын өндіру кезінде пайдаланылатын тоқыма емес материалдарды дайындауға арналған5) | 539С) |
5503 11 000 9 | – – – өзгелер | 5 |