2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | А. Смайылов | А. Кожошев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 138 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы" 2019 жылғы 8 тамыздағы № 72 шешімінде:
а) 1-тармақтың бірінші сөйлемі "комиссияны" деген сөзден кейін "ол басталғанға дейін 6 айдан кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 2-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өзінің аумағында таңбалауды енгізген мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің 1-тармағына сәйкес сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғауды қамтамасыз етеді;";
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарының, аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптардың, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және салу тәртібінің сипаттамасының 2-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 6401, 6402, 6403, 6404, 6405 позицияларында сыныпталатын аяқ киім тауарларын таңбалау үшін сәйкестендіру құралы – машинамен оқуға жарамды және ИСО/МЭК 16022:2006 "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиялары. Data Matrix штрих коды символикасының ерекшелігі" (ISO/IEC 16022:2006 "Information technology – Automatic identification and data capture techniques – Data Matrix bar code symbology specification") не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) оған ұқсас ұлттық стандарты. Осы бірегей символдар тізбегін сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде FNC1 белгісін қолдана отырып, ЕСС 200 символикасы GS1 қолдану сәйкестендіргіштерінің (AI) типтік форматына деректердің сәйкестік белгісі ретінде қолданылуы тиіс. Сәйкестендіру құралы мынадай деректерді қамтиды:";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"екінші деректер тобы ((21) қолдану сәйкестендіргіші) - тауардың (тауар орамасының) жеке сериялық нөмірі, ол 13 символдан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және үлкен әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұрады. Бірінші символ ретінде осы код шығарылған мүше мемлекеттің сәйкестендіргіші көрсетіледі (1 – Армения Республикасы, 2 – Беларусь Республикасы, 3 – Қазақстан Республикасы, 4 – Қырғыз Республикасы, 5 – Ресей Федерациясы). Бұл топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII символдар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш таңба қолданылады;";
төртінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
алтыншы абзацта:
бірінші сөйлемдегі "ұзындығы" деген сөз ", сондай-ақ арнайы символдардан және" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Үшінші және төртінші деректер топтары "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің 1-тармағының "а" және "б" тармақшаларына сәйкес пайдаланылады.";
г) көрсетілген Шешіммен бекітілген трансшекаралық сауданы жүзеге асыру кезінде құзыретті (уәкілетті) органдардың (тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттерінің (операторларының (әкімшілерінің)) ақпараттық өзара іс-қимылы шеңберінде берілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 6401-6405 тауар позицияларында таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамы мен құрылымына қойылатын талаптарда:
1-кестеде:
3.3.3-позицияда "Ескертпе" деген бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"10 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі";
"Ескертпе" деген бағандағы 3.3.8-позиция "элемент үшінші елдерден әкелінген тауарлар үшін міндетті" деген сөздермен толықтырылсын;
3.3.9-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3.9. Тауардың сапасына және (немесе) қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер | тауардың сапасын растайтын құжаттар, сәйкестікті бағалау туралы құжаттар және т.б. туралы мәліметтер. | мәліметтер 11-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..*"; |
2-кестенің 3-позициясындағы "Ескертпе" деген бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"10 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі";
8-кестеде:
AI 21 коды бар позициядағы "Ескертпе" деген бағандағы "цифрлық немесе цифрлық-әріптік (латын әліпбиі) бірізділіктен" деген сөздер "(латын әліпбиінің цифрларынан, кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-кестемен толықтырылсын:
"11-кесте
Құжат туралы мәліметтер тізбесі
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Көпт. | |
1. Құжат түрінің коды | құжат түрінің кодтық белгіленуі (құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне 8-қосымша)) | 1 | |
2. Құжаттың атауы | құжаттың атауы | 0..1 | |
3. Құжаттың нөмірі | құжаттың тіркеу нөмірі | 0..1 | |
4. Құжаттың күні | құжатты тіркеу (беру) күні | 0..1 | "; |
д) көрсетілген Шешіммен бекітілген қолжетімділік тұтынушыларға және өзге де мүдделі адамдарға (заңды және жеке тұлғаларға) берілетін тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде қамтылған таңбаланған аяқ киім тауарлары туралы мәліметтердің ең аз құрамының 3-тармағындағы
"4 немесе" деген сөздер алып тасталсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы"
2019 жылғы 18 қарашадағы № 127 шешімінде:
а) 1-тармақтың бірінші сөйлемі "комиссияны" деген сөзден кейін "ол басталғанға дейін 6 айдан кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 2-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өзінің аумағында таңбалауды енгізген мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің 1-тармағына сәйкес сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғауды қамтамасыз етеді;";
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарының сипаттамаларының, аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптардың, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және салу тәртібінің сипаттамасының 2-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 4203 10 000, 6106, 6201, 6202, 6302 позицияларында сыныпталатын аяқ киім тауарларын таңбалау үшін сәйкестендіру құралы – машинамен оқуға жарамды және ИСО/МЭК 16022:2006 "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиялары. Data Matrix штрих коды символикасының ерекшелігі" (ISO/IEC 16022:2006 "Information technology – Automatic identification and data capture techniques – Data Matrix bar code symbology specification") не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) оған ұқсас ұлттық стандарты. Осы бірегей символдар тізбегін сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде FNC1 белгісін қолдана отырып, ЕСС 200 символикасы GS1 қолдану сәйкестендіргіштерінің (AI) типтік форматына деректердің сәйкестік белгісі ретінде қолданылуы тиіс. Сәйкестендіру құралы келесі деректерді қамтиды:";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"екінші деректер тобы ((21) қолдану сәйкестендіргіші) – тауардың (тауар орамасының) жеке сериялық нөмірі, ол 13 символдан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және үлкен әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұрады. Бірінші символ ретінде осы код шығарылған мүше мемлекеттің сәйкестендіргіші көрсетіледі (1 – Армения Республикасы, 2 – Беларусь Республикасы, 3 – Қазақстан Республикасы, 4 – Қырғыз Республикасы, 5 – Ресей Федерациясы). Бұл топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII символдар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш таңба қолданылады;";
төртінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
бесінші абзацта:
бірінші сөйлем "әріптерінен" деген сөзден кейін ", сондай-ақ арнайы символдардан" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Үшінші және төртінші деректер топтары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің
1-тармағының "а" және "б" тармақшаларына сәйкес пайдаланылады.";
г) көрсетілген Шешіммен бекітілген мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптарда, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдерінде:
1-кестеде:
3.3.3-позицияда "Ескертпе" деген бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"10 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі";
"Ескертпе" деген бағандағы 3.3.8-позиция "элемент үшінші елдерден әкелінген тауарлар үшін міндетті" деген сөздермен толықтырылсын;
3.3.9-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3.9. Тауардың сапасына және (немесе) қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер |
тауардың сапасын растайтын құжаттар, сәйкестікті бағалау туралы құжаттар және | мәліметтер 11-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..*"; |
2-кестенің 3-позициясындағы "Ескертпе" деген бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"10 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі";
8-кестеде:
AI 21 коды бар позициядағы "Ескертпе" деген бағандағы "цифрлық немесе цифрлық-әріптік (латын әліпбиі) бірізділіктен" деген сөздер "(латын әліпбиінің цифрларынан, кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-кестемен толықтырылсын:
"11-кесте
Құжат туралы мәліметтер тізбесі
Элементтің атауы | Описание элемента | Көпт. | |
1. Құжат түрінің коды | құжат түрінің кодтық белгіленуі (құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне 8-қосымша)) | 1 | |
2. Құжаттың атауы | құжаттың атауы | 0..1 | |
3. Құжаттың нөмірі | құжаттың тіркеу нөмірі | 0..1 | |
4. Құжаттың күні | құжатты тіркеу (беру) күні | 0..1 | "; |
д) көрсетілген Шешіммен бекітілген тұтынушыларға және өзге де (заңды және жеке) мүдделі тұлғаларға қол жеткізуге рұқсат берілетін тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде қамтылған, 4203 10 000, 6106, 6201, 6202, 6302-позицияларға жататын жеңіл өнеркәсіп тауарлары туралы мәліметтердің ең аз құрамының 3-тармағындағы "4 немесе" деген сөздер алып тасталсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Әтірлер мен иіссуларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы" 2019 жылғы 18 қарашадағы № 128 шешімінде:
а) 1-тармақтың бірінші сөйлемі "комиссияны" деген сөзден кейін "ол басталғанға дейін 6 айдан кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 2-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өзінің аумағында таңбалауды енгізген мүше мемлекеттер "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің 1-тармағына сәйкес сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғауды қамтамасыз етеді;";
в) көрсетілген шешіммен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесінде "*" деген белгі ", сондай-ақ көлемі 3 мл-ге дейін қоса алғанда парфюмерлік өнімді" деген сөздермен толықтырылсын;
г) көрсетілген Шешіммен бекітілген тауарларды сәйкестендіру құралдарының, тауарларды сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптардың, осындай сәйкестендіру құралдарын генерациялау және салу тәртібінің сипаттамаларының 2-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 3303 00 позицияларында жіктелетін әтірлер мен иіссуларды (бұдан әрі – парфюмерлік өнім) таңбалау үшін сәйкестендіру құралы – машинамен оқуға жарамды және ИСО/МЭК 16022:2006 "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиялары. Data Matrix штрих коды символикасының ерекшелігі" (ISO/IEC 16022:2006 "Information technology – Automatic identification and data capture techniques – Data Matrix bar code symbology specification") немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) оған ұқсас ұлттық стандарты. Осы бірегей символдар тізбегін сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде FNC1 белгісін қолдана отырып, ЕСС 200 символикасы GS1 қолдану сәйкестендіргіштерінің (AI) типтік форматына деректердің сәйкестік белгісі ретінде қолданылуы тиіс. Сәйкестендіру құралы мынадай деректерді қамтиды:";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"екінші деректер тобы ((21) қолдану сәйкестендіргіші) – тауардың (тауар орамасының) жеке сериялық нөмірі, ол 13 символдан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және үлкен әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұрады. Бірінші символ ретінде осы код шығарылған мүше мемлекеттің сәйкестендіргіші көрсетіледі (1 – Армения Республикасы, 2 – Беларусь Республикасы, 3 – Қазақстан Республикасы, 4 – Қырғыз Республикасы, 5 – Ресей Федерациясы). Бұл топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII символдар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш таңба қолданылады;";
төртінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
бесінші абзацта:
бірінші сөйлем "әріптерінен" деген сөзден кейін ", сондай-ақ арнайы символдардан" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Үшінші және төртінші деректер топтары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің 1-тармағының "а" және "б" тармақшаларына сәйкес пайдаланылады.";
д) көрсетілген Шешіммен бекітілген мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптарда, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдерінде:
1-кестеде:
3.3.3-позицияда "Ескертпе" деген бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"10 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі";
3.3.8-позиция "Ескертпе" деген бағанда "элемент үшінші елдерден әкелінген тауарлар үшін міндетті" деген сөздермен толықтырылсын;
3.3.9-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3.9. Тауардың сапасына және (немесе) қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер |
тауардың сапасын растайтын құжаттар, сәйкестікті бағалау туралы құжаттар және | мәліметтер 11-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..*"; |
2-кестенің 3-позициясындағы "Ескертпе" деген бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"10 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі";
мынадай мазмұндағы 11-кестемен толықтырылсын:
"11-кесте
Құжат туралы мәліметтер тізбесі
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Көпт. | |
1. Құжат түрінің коды | құжат түрінің кодтық белгіленуі (құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне 8-қосымша)) | 1 | |
2. Құжаттың атауы | құжаттың атауы | 0..1 | |
3. Құжаттың нөмірі | құжаттың тіркеу нөмірі | 0..1 | |
4. Құжаттың күні | құжатты тіркеу (беру) күні | 0..1 | "; |
е) көрсетілген Шешіммен бекітілген тұтынушыларға және өзге де (заңды және жеке) мүдделі тұлғаларға қолжетімділік берілетін тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде қамтылған сәйкестендіру құралдарымен таңбаланған әтір мен иіссу туралы мәліметтердің ең аз құрамының 3-тармағындағы "6 немесе" деген сөздер алып тасталсын.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Пневматикалық резеңке шиналардың шиналары мен қақпақтарын жаңа сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы" 2019 жылғы 18 қарашадағы № 129 шешімінде:
а) 1-тармақтың бірінші сөйлемі "комиссияны" деген сөзден кейін "ол басталғанға дейін 6 айдан кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 2-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өзінің аумағында таңбалауды енгізген мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің 1-тармағына сәйкес сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғауды қамтамасыз етеді;";
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 4011 50 000 1 және 4011 50 000 9 кодтары бар позициялар алып тасталсын;
г) көрсетілген Шешіммен бекітілген тауарларды сәйкестендіру құралдарының сипаттамаларында, тауарларды сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптарда, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және салу тәртібінде:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 4011 10 000 3, 4011 10 000 9, 4011 20 100 0, 4011 20 900 0, 4011 40 000 0, 4011 70 000 0, 4011 80 000 0, 4011 90 000 0 позицияларында сыныпталатын жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақтарды таңбалау үшін сәйкестендіру құралы – машинамен оқуға жарамды және ИСО/МЭК 16022:2006 "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиялары. Data Matrix штрих коды символикасының ерекшелігі" (ISO/IEC 16022:2006 "Information technology – Automatic identification and data capture techniques – Data Matrix bar code symbology specification") немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) оған ұқсас ұлттық стандарты пайдаланылады. Осы бірегей символдар тізбегін сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде FNC1 белгісін қолдана отырып, ЕСС 200 символикасы GS1 қолдану сәйкестендіргіштерінің (AI) типтік форматына деректердің сәйкестік белгісі ретінде қолданылуы тиіс. Қажет болса, қосымша таңбалау үшін UHF диапазонының RFID белгісі қолданылуы мүмкін. Сәйкестендіру құралы және UHF диапазонының RFID белгісі келесі деректерді қамтиды:";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"екінші деректер тобы (қолдану сәйкестендіргіші (21)) – тауардың (тауар орамасының) жеке сериялық нөмірі, ол 13 символдан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және үлкен әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұрады. Бірінші символ ретінде осы код шығарылған мүше мемлекеттің сәйкестендіргіші көрсетіледі (1 – Армения Республикасы, 2 – Беларусь Республикасы, 3 – Қазақстан Республикасы, 4 – Қырғыз Республикасы, 5 – Ресей Федерациясы). Бұл топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII символдар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш таңба қолданылады;";
төртінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
бесінші абзацта:
бірінші сөйлем "әріптерінен" деген сөзден кейін ", сондай-ақ арнайы символдардан" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Үшінші және төртінші деректер топтары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің
1-тармағының "а" және "б" тармақшаларына сәйкес пайдаланылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. UHF-диапазонының RFID-белгілеріне қойылатын талаптар мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.";
д) мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптарда, сондай-ақ көрсетілген шешіммен бекітілген осындай мәліметтерді беру мерзімдерінде:
1-тармақтың бірінші абзацындағы ЕАЭО СЭҚ ТН "4011 50 000 1, 4011 50 000 9," кодтары алып тасталсын;
1-кестеде:
3.3.3-позицияда "Ескертпе" деген бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"10 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі";
3.3.8-позиция "Ескертпе" деген бағанда "элемент үшінші елдерден әкелінген тауарлар үшін міндетті" деген сөздермен толықтырылсын;
3.3.9-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3.9. Тауардың сапасына және (немесе) қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер | тауардың сапасын растайтын құжаттар, сәйкестікті бағалау туралы құжаттар және т.б. туралы мәліметтер. | мәліметтер 11-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..*"; |
2-кестенің 3-позициясындағы "Ескертпе" деген бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"10 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі";
8-кестеде:
ЕАЭО СЭҚ ТН "4011 50 000 1, 4011 50 000 9," кодтары алып тасталсын;
AI 21 коды бар позициядағы "Ескертпе" деген бағандағы "цифрлық немесе әріптік-цифрлық реттілік (латын әліпбиі)" деген сөздер "(латын әліпбиінің цифрлары, кіші және үлкен әріптері, сондай-ақ арнайы символдар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-кестенің бірінші бағанындағы барлық позицияларда ЕАЭО СЭҚ ТН "4011 50 000 1, 4011 50 000 9," кодтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-кестемен толықтырылсын:
"11-кесте
Құжат туралы мәліметтер тізбесі
Элементтің атауы | Элементтің атауы | Көпт. | |
1. Құжат түрінің коды | құжат түрінің кодтық белгіленуі (құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне 8-қосымша)) | 1 | |
2. Құжаттың атауы | құжаттың атауы | 0..1 | |
3. Құжаттың нөмірі | құжаттың тіркеу нөмірі | 0..1 | |
4. Құжаттың күні | құжатты тіркеу (беру) күні | 0..1 | "; |
е) көрсетілген шешіммен бекітілген тұтынушыларға және өзге де (заңды және жеке) мүдделі тұлғаларға қолжетімділік берілетін тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде қамтылған жаңа пневматикалық резеңке шиналары мен қақпақтары туралы мәліметтердің ең аз құрамының
3-тармағындағы "2, 4 немесе" деген сөздер алып тасталсын.
5. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Сәйкестендіру құралдарымен фотокамераларды (кинокамералардан басқа), фотожарқылдар мен тұтанғыш шамдарды таңбалауды енгізу туралы" 2019 жылғы 18 қарашадағы № 130 шешімінде:
а) 1-тармақтың бірінші сөйлемі "комиссияны" деген сөзден кейін "ол басталғанға дейін 6 айдан кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 2-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өзінің аумағында таңбалауды енгізген мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің 1-тармағына сәйкес сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғауды қамтамасыз етеді";";
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген тауарларды сәйкестендіру құралдары сипаттамаларының, фотокамераларды (кинокамералардан басқа), фотожарқылдар мен тұтану шамдарын сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптардың, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және салу тәртібінің 2-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 9006 позицияларында сыныпталатын фототоварларды таңбалау үшін сәйкестендіру құралы – машинамен оқуға жарамды және ИСО/МЭК 16022:2006 "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиялары. Data Matrix штрих коды символикасының ерекшелігі" (ISO/IEC 16022:2006 "Information technology – Automatic identification and data capture techniques – Data Matrix bar code symbology specification") немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) оған ұқсас ұлттық стандарты. Осы бірегей символдар тізбегін сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде FNC1 белгісін қолдана отырып, ЕСС 200 символикасы GS1 қолдану сәйкестендіргіштерінің (AI) типтік форматына деректердің сәйкестік белгісі ретінде қолданылуы тиіс. Сәйкестендіру құралы келесі деректерді қамтиды:";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"екінші деректер тобы ((21) қолдану сәйкестендіргіші) – тауардың (тауар орамасының) жеке сериялық нөмірі, ол 13 символдан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және үлкен әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұрады. Бірінші символ ретінде осы код шығарылған мүше мемлекеттің сәйкестендіргіші көрсетіледі (1 – Армения Республикасы, 2 – Беларусь Республикасы, 3 – Қазақстан Республикасы, 4 – Қырғыз Республикасы, 5 – Ресей Федерациясы). Бұл топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII символдар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш таңба қолданылады;";
төртінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
бесінші абзацта:
бірінші сөйлем "әріптерінен" деген сөзден кейін ", сондай-ақ арнайы символдардан" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Үшінші және төртінші деректер топтары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің
1-тармағының "а" және "б" тармақшаларына сәйкес пайдаланылады.";
г) көрсетілген Шешіммен бекітілген мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптарда, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдерінде:
1-кестеде:
3.3.3-позицияда "Ескертпе" деген бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"10 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі";
3.3.8-позиция "Ескертпе" деген бағанда "элемент үшінші елдерден әкелінген тауарлар үшін міндетті" деген сөздермен толықтырылсын;
3.3.9-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3.9. Тауардың сапасына және (немесе) қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер | тауардың сапасын растайтын құжаттар, сәйкестікті бағалау туралы құжаттар және т.б. туралы мәліметтер. | мәліметтер 11-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..*"; |
2-кестенің 3-позициясындағы "Ескертпе" деген бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"10 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі";
мынадай мазмұндағы 11-кестемен толықтырылсын:
"11-кесте
Құжат туралы мәліметтер тізбесі
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Көпт. | |
1. Құжат түрінің коды | құжат түрінің кодтық белгіленуі (құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне 8-қосымша)) | 1 | |
2. Құжаттың атауы | құжаттың атауы | 0..1 | |
3. Құжаттың нөмірі | құжаттың тіркеу нөмірі | 0..1 | |
4. Құжаттың күні | құжатты тіркеу (беру) күні | 0..1 | "; |
д) көрсетілген Шешіммен бекітілген тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде қамтылған фотокамералар (кинокамералардан басқа), фотожарқылдар мен тұтану шамдары туралы мәліметтердің ең аз құрамының 3-тармағындағы "4 немесе" деген сөздер алып тасталсын.
6. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Сүт өнімдерінің жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы" 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 129 шешімінде:
а) 1-тармақтың бірінші сөйлемі "комиссияны" деген сөзден кейін "ол басталғанға дейін 6 айдан кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 2-тармақта:
он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өзінің аумағында таңбалауды енгізген мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің 1-тармағына сәйкес сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғауды қамтамасыз етеді;";
он сегізінші абзацтың бірінші сөйлеміндегі "2021 жылғы 1 шілдеден бастап" деген сөздер алып тасталсын;
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесінде:
ЕАЭО СЭҚ ТН 2105 00 коды бар позиция "тауардың атауы" бағанында "**" сілтеме белгісімен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы "**" белгісі бар ескертпемен толықтырылсын:
"**Құрамында сүт майлары және (немесе) сүт ақуызы жоқ балмұздақ пен десерттерді қоспағанда.";
г) көрсетілген шешіммен бекітілген тауарларды сәйкестендіру құралдарының сипаттамаларында, тауарларды сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптарда, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және салу тәртібінде:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 0401, 0402, 0403, 0404, 0405, 0406, 2105 00, 2202 99 910 0, 2202 99 950 0, 2202 99 990 0 позицияларында сыныпталатын тауарлардың тұтынушылық және топтық қаптамасын таңбалау үшін сәйкестендіру құралы – машинамен оқу үшін жарамды және ИСО/МЭК 16022:2006 "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиялары. Data Matrix штрих коды символикасының ерекшелігі" (ISO/IEC 16022:2006 "Information technology – Automatic identification and data capture techniques – Data Matrix bar code symbology specification") немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) оған ұқсас ұлттық стандарты. Осы бірегей символдар тізбегін сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде FNC1 белгісін қолдана отырып, ЕСС 200 символикасы GS1 қолдану сәйкестендіргіштерінің (AI) типтік форматына деректердің сәйкестік белгісі ретінде қолданылуы тиіс. Сәйкестендіру құралы келесі деректерді қамтиды:";
үшінші абзацтың екінші сөйлеміндегі "тауардың орамасын" деген сөздер "тауардың (тауардың орамасын)" деген сөздермен ауыстырылсын, "елдің" деген сөз "мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Үшінші деректер тобы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімінің 1-тармағының "в" тармақшасына сәйкес пайдаланылады.";
3-тармақтағы "Одақтың" деген сөз "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптарда, сондай – ақ көрсетілген шешіммен бекітілген осындай мәліметтерді беру мерзімдерінде 1-кестенің
3.3.8-позициясы "Ескертпе" деген бағанда "элемент үшінші елдерден әкелінген тауарлар үшін міндетті" деген сөздермен толықтырылсын.