Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, олардың интеграциялық бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдармен жасасатын халықаралық шарттарын, Еуразиялық экономикалық одақ органдарының шешімдерін ресми жариялау тәртібіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 9 шешімі.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес ш е ш т і:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 90 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, олардың интеграциялық бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдармен жасасылатын халықаралық шарттарын, Еуразиялық экономикалық одақ органдарының шешімдерін ресми жариялау тәртібінің 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық мәселелері жөніндегі шешімдері актінің мәтінінен таратылуы шектелген ақпаратты алып тастай отырып, Одақтың ресми сайтында ресми жариялануға жатады. Алып тасталған мәтіннің орнына"<...>" белгісі қойылады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады