2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 7-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің ( аталған Шартқа № 1 қосымша) 30-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы" № 129 шешімінің күшін жою немесе оған өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А.Ұ. Маминнің өтінішін қарап, Еуразиялық үкіметаралық кеңес ш е ш т і:
1. № 129 шешімге өзгерістер енгізу қажет деп танылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) графиттелген электродтар өндірушілерінің ұсынылған тәсілдемелерге сәйкестікті сақтауға дайын екендігі жағдайында:
Комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің № 129 шешімге № 2 қосымшада көзделген ұсынылған тәсілдемелерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) графиттелген электродтар өндірушілерінің сақтау мониторингінің нәтижелері туралы әр жарты жылдың қорытындысы бойынша Комиссия Алқасын хабардар етуін;
Комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің демпингке қарсы шешімді қайта қарау мақсатында қайталап тергеп-тексеру жүргізуін және Комиссия Алқасының мүше мемлекеттердің өндірушілері ұсынылған тәсілдемелерді сақтамаған жағдайда, соның ішінде тұтынушылардан және мүше мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органынан түсетін ақпаратты ескере отырып, осындай қайталап тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде демпингке қарсы шараны қолданбау туралы шешім қабылдауын;
ұсынылған тәсілдемелерді іркіліссіз жеткізілімдермен қамтамасыз ету және мүше мемлекеттерге аталған жеткізілімдердің басымдығы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтынушыларына тікелей ұзақ мерзімдік келісімшарттар шеңберінде графиттелген электродтар жеткізілімін жүзеге асыру кезінде баға белгілеу механизмі туралы ережелермен толықтыруды көздейтін № 129 шешімге өзгерістер енгізу туралы шешімді белгіленген тәртіпте қабылдасын.
3. № 129 шешім (осы Шешімнің 2-тармағына сәйкес оған өзгерістер енгізу туралы Комиссия Алқасы шешімінің редакциясында) 2022 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |