Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің металлургия кәсіпорындарын шикізаттық қамтамасыз ету жөнінде 2021-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 20 Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің металлургия кәсіпорындарын шикізаттық қамтамасыз ету жөнінде 2021-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығының айналысы саласын және металлургия саласын дамыту басымдықтарын ескере отырып, жоспарда көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің
2021 жылғы 19 қарашадағы № 20 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің металлургия кәсіпорындарын шикізаттық қамтамасыз ету жөнінде 2021-2024 жылдарға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Іс-шараның сипаттамасы

Жауапты атқарушы

Атқару мерзімі
 

1.Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) ішкі нарығында қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығын тұтынушы кәсіпорындар (бұдан әрі - тұтынушы кәсіпорындар) үшін шикізатқа қол жеткізудегі шектеулерді алып тастау

Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) Одақтың ішкі нарығында тұтынушы кәсіпорындар үшін шикізатқа қол жеткізуде шектеулерді қолданбауы туралы мәселені, соның ішінде тұтынушы кәсіпорындар үшін қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығына тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасау арқылы пысықтау

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары

2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін

2. Мүше мемлекеттердің мүше мемлекеттер кәсіпорындарының шикізатқа қажеттілігін және әлемдік нарықтардағы жағдаятты ескере отырып, үшінші елдерге қатысты қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығы экспортын реттеудің уақытша шараларын енгізуі

Мүше мемлекеттердің мүше мемлекеттер кәсіпорындарының шикізатқа қажеттілігін және әлемдік нарықтардағы жағдаятты ескере отырып қажет болуына қарай біржақты тәртіппен үшінші елдерге қатысты қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығы экспортын реттеудің уақытша шараларын (кедендік әкету баждары не экспортқа тыйым салу не экспортты сан жағынан қысқарту) енгізуі

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары

Қажет болуына қарай

3.Одақ шеңберінде қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығын жинау және тұтыну теңгерімін қалыптастыру

Мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) Одақ шеңберінде жалпы салалық теңгерімді қалыптастыру және Одақтың ортақ металл сынығы нарығында тұтынушы кәсіпорындарды шикізаттық қамтамасыз ету жағдаятының мониторингі мақсатында қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығын жинау және тұтыну теңгерімі туралы ақпарат жіберуі

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, Комиссия

жыл сайын (2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап)

4.Мүше мемлекеттердің тұтынушы кәсіпорындарды қажетті сападағы және қажетті көлемдегі шикізатпен қамтамасыз етуге және сынық дайындау саласын дамытуға бағытталған қосымша шараларды пысықтауы

тұтынушы кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуге әрі қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығының айналысы саласын дамытуға бағытталған қосымша шараларды пысықтау, соның ішінде:
мүше мемлекеттердің заңнамасы шеңберінде қолма қол ақшасыз төлемге көше отырып қайталама шикізат тапсырушылар үшін жеңілдетілген (азайтылған) салық ставкасын белгілеу туралы мәселені пысықтау;
қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығын дайындаудың жаңа көздерін, соның ішінде пайдаланудан шыққан көлік құралдарын кәдеге жарату жүйесін дамыту;
қоршаған ортаға нұқсан келуін болдырмау мақсатында қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығын жинау және кәдеге жарату қызметін лицензиялау туралы мәселені пысықтау

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап

5. Қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығы тасымалы саласында қажет болуына қарай логистиканы дамыту

Қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығы тасымалының қазіргі заманғы логистикалық схемаларын қолдану мүмкіндігі туралы мәселені қажет болуына қарай пысықтау

мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары, теміржолдардың ұлттық операторлары

Тұрақты негізде

6. Мүше мемлекеттің металлургия кәсіпорындарында қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығын, сондай-ақ металлургия саласын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында темірді өңдеудің экологиялық таза әрі энергия үнемдеуші технологияларын дамыту және қолдану үшін жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу

мүше мемлекеттердің аумағында металлургия (құю) өндірісінде металлургия өнімі өндірісі саласындағы таңдаулы қолжетімді технологияларды пайдалануды қоса, қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынығын өңдеудің экологиялық таза технологияларын дамыту мен қолдануды ынталандыруға бағытталған шараларды пысықтау

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, Комиссия

2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады