2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мынадай:
а) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешімімен (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 90 шешімімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) қабылданған Кеден одағының "Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 001/2011), "Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 002/2011) және "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 003/2011) техникалық регламенттерінің (бұдан әрі - техникалық регламенттер) техникалық реттеу объектілері болып табылатын өнімдердің сәйкестігін бағалау туралы 2022 жылғы 6 сәуірге дейін берілген немесе қабылданған құжаттар олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жарамды;
б) техникалық регламенттердің техникалық реттеу объектілері болып табылатын өнімнің шығарылуы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы айналысына осы тармақты "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде мұндай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі;
в) 2022 жылғы 6 сәуірге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін актілермен немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылмаған өнімдердің (жоғары жылдамдықты теміржол жылжымалы құрамын қоспағанда) шығарылуы мен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы айналысына 2024 жылғы 8 сәуірге дейін өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналыс белгісімен) таңбаланбай жол беріледі;
г) "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген өнімдердің айналысына осы өнімдердің қызмет мерзімі ішінде жол беріледі;
д) өнімді оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау мақсатында сертификаттау кезінде сертификаттау органының шешімі бойынша техникалық регламенттер белгілеген ерекшеліктерді ескере отырып 2022 жылғы 6 сәуірге дейін өткізілген немесе басталған сертификатталған өнімді сынау нәтижелері ескеріледі деп белгіленсін.
Көрсетілген сынаулар, егер олардың нәтижелері бойынша өнімнің конструкциясына және әзірлеу технологиясына қайталап зерттеу (сынау) мен өлшеу жүргізуді талап ететін елеулі өзгерістер енгізілмеген болса, осы жағдайдағана сертификаттау кезінде ескерілуі мүмкін.
2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |