Еуразиялық экономикалық одақтың "Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 052/2021) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 8 ақпандағы № 21 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техикалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 38-тармағының бесінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Мынадай:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың "Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 052/2021) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге (бұдан әрі - өнім, техникалық регламент) қатысты техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін актілермен немесе немесе Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекет) заңнамасымен белгіленген өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ техникалық регламент күшіне енген күннен бастап 24 айдан кешіктірілмей жарамды болады.

      техникалық регламент күшіне енген күннен бастап бұрын Одақ құқығына кіретін актілермен немесе Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      б) техникалық регламент күшіне енген күннен бастап 24 ай ішінде техникалық регламент күшіне енген күнге дейін Одақ құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін міндетті бағалауға жатқызылмаған өнімнің өнім сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналыс белгісімен) таңбаланбай Одақтың кедендік аумағындағы өндірісі мен айналысқа шығарылуына жол беріледі;

      в) техникалық регламент күшіне енген күннен бастап 24 ай ішінде техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестік туралы құжаттар бар болған кезде бұрын Одақ құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкес өнімнің Одақтың кедендік аумағындағы өндірісі мен айналысқа шығарылуына жол беріледі.

      Өнім мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналыс белгісімен) таңбаланады. Мұндай өнімді Одақ нарығындағы өнімнің бірыңғай айналыс белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      г) осы тармақтың "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген өнімнің айналысына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген қызмет ету мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Ресей Федерациясы Үкіметінен мүше мемлекеттермен бірлесіп, техникалық регламент күшіне енген күнге дейін:

      а) оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттің талаптарын және зерттеу (сынау) және өлшеу қағиалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық регламент талаптарын техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидасын қамтитын мемлекетаралық стандарттардың талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама жобасын;

      б) оларға қатысты кедендік рәсімдерге жатқызу кезінде техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын техникалық регламент талаптарына сәйкес міндетті бағалауға жататын өнімдер тізбесінің жобасын әзірлеуді және Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады