2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 20-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 28 шешіміне ҚОСЫМША |
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-бөлімнің мәтіні бойынша "0410 00 000 0-ден" деген сөздер "0410-нан" деген сөздермен ауыстырылсын, ЕАЭО СЭҚ ТН "1510 00" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "1510" деген кодпен ауыстырылсын, ЕАЭО СЭҚ ТН "2935 00" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "2935" деген кодпен ауыстырылсын.
2. 5-бөлімнің I кіші бөлімінде кіші бөлімнің атауынан кейін ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 11, 3402 11 100 0, 3402 11 900 0, 3402 12 000 0, 3402 13 000 0, 3402 19 000 0, 3402 20" деген кодтар ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 31 000 0, 3402 39 000 0, 3402 41 000 0, 3402 42 000 0, 3402 49 000 0, 3402 50 000 0" деген кодтармен ауыстырылсын.
3. 6-бөлімнің 1-тармағында:
а) тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шайырлар немесе басқа да органикалық байланыстырғыш заттар сіңірілмеген немесе сіңірілген сүректен немесе басқа да сүректенген материалдардан жасалған ағаш-жоңқалы тақталар, жоңқаға бағдарланған тақталар (OSB) және ұқсас тақталар (мысалы, вафельді тақталар) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4410)";
б) он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Желімделген фанера, фанерленген панельдер және ұқсас қабатты сүрек (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4412)";
в) он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"таскестелі ағаш бұйымдар және бедерлі ағаш бұйымдар; 94-топта көрсетілмеген жиһаздың ағаш бөлшектері (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4420-дан)";
г) жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кілемдер және тафтингтік, дайын немесе дайын емес өзге де еденге төселетін тоқыма (қылшықсын (turf) қоса алғанда) жабындар (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 5703)";
д) жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кілемдер және киізден немесе фетрден жасалған, фафтингтік емес немесе флокирленбеген, дайын немесе дайын емес өзге де еденге төселетін тоқыма жабындар (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 5704)";
е) жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"үлгі бойынша пішілмеген немесе пішілген линолеум; үлгі бойынша пішілмеген немесе пішілген негізі тоқымадан жасалған еден жабындары (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 5904)";
ж) жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Цементпен, гипспен немесе өзге де минералдық байланыстырғыш заттармен агломерацияланған өсімдік талшықтарынан, сабаннан немесе жоңқадан, жаңқалардан, бөлшектерден, үгінділерден немесе басқа да ағаш қалдықтарынан жасалған панельдер, тақталар, тақтайшалар, блоктар және ұқсас бұйымдар (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 6808 00 000 0)";
з) отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Төсеуге арналған тақталар, едендерге, пештерге, каминдерге немесе қыш қабырғаларға арналған қаптауыш тақтайшалар; мозаикалық жұмыстарға арналған қыш кубиктер және негізі бар немесе онсыз ұқсас бұйымдар; әрлеу қыш бұйымдары (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 6907)";
и) отыз бірінші абзац алып тасталсын.
4. 7-бөлімде:
а) 7-бөлімнің мәтіні бойынша ЕАЭО СЭҚ ТН "8517 12 000 0" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "8517 13 000 0, 8517 14 000 0" деген кодтармен ауыстырылсын;
б) 1-қосымшаның бірінші кестесі бағанының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕАЭО СЭҚ ТН коды".
5. 10-бөлімнің 2-кіші бөлімінде кіші бөлімнің атауынан кейін ЕАЭО СЭҚ ТН "611300" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "6113 00" деген кодпен ауыстырылсын.
6. 11-бөлімде:
а) 11-тармақта тармақ атауынан кейін ЕАЭО СЭҚ ТН "7802 000 000" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "7802 00 000 0" деген кодпен ауыстырылсын, ЕАЭО СЭҚ ТН "7902 000 000" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "7902 00 000 0" деген кодпен ауыстырылсын, ЕАЭО СЭҚ ТН "8002 000 000" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "8002 00 000 0" деген кодпен ауыстырылсын;
б) 12-тармақта тармақ атауынан кейін ЕАЭО СЭҚ ТН "6908" деген код алып тасталсын.
7. 12-бөлімде:
а) бөлімнің атауынан кейін және 1-кіші бөлімде ЕАЭО СЭҚ ТН "9619 00 310 0, 9619 00 390 0" деген кодтар ЕАЭО СЭҚ ТН "9619 00" деген кодпен ауыстырылсын;
б) 1-кестеде:
бірінші бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕАЭО СЭҚ ТН коды";
48-топта:
ЕАЭО СЭҚ ТН 4803 00 коды бар позициядағы екінші бағанда "немесе жаялықтар" деген сөздер алып тасталсын;
ЕАЭО СЭҚ ТН 4818 коды бар позициядағы екінші бағанда "балалар жаялықтары, тампондар," деген сөздер алып тасталсын;
56-топ және ЕАЭО СЭҚ ТН 9619 00 310 0, 9619 00 390 0 кодтары бар позициялар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 96-топпен толықтырылсын:
"
96-топ Әртүрлі дайын өнімдер | |
9619 00 | Кез келген материалдан жасалған әйелдерге арналған гигиеналық төсемдер мен тампондар, жаялықтар, жөргектер және ұқсас бұйымдар |
".
8. 14-бөлімнің 5-тармағында "ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен жеке қорғану құралдарының және оларды дайындауға арналған материалдардың тізбесі" деген кестенің бірінші бағанының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕАЭО СЭҚ ТН коды".
9. 15-бөлімнің 1-кіші бөлімінің 2-тармағының "б" тармақшасында ЕАЭО СЭҚ ТН "3101" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "3101 00 000 0" деген кодпен ауыстырылсын.
10. 16-бөлімде:
а) бөлімнің мәтіні бойынша "7323 93-тен, 7323 94-тен, 7323 99 990 0-ден" деген сөздер "7323 93 000 0-ден, 7323 94 000 0-ден, 7323 99 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1-кестеде:
бірінші бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕАЭО СЭҚ ТН коды";
ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 60 109 0 коды бар позицияда екінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрмыстық стационарлық электр плиталарынан басқа (кем дегенде тұмшапеші мен пісіру панелі бар) электр плиталары".
11. 17-бөлімде:
а) 1-тармақтың мәтіні бойынша ЕАЭО СЭҚ ТН "8421 39200" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "8421 39 200" деген кодпен ауыстырылсын;
б) 1-қосымшада:
бірінші бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕАЭО СЭҚ ТН коды";
ЕАЭО СЭҚ ТН 6808 00 000 0 коды бар позицияда екінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Цементпен, гипспен немесе өзге де минералдық байланыстырғыш заттармен агломерацияланған өсімдік талшықтарынан, сабаннан немесе жоңқадан, жаңқалардан, бөлшектерден, үгінділерден немесе басқа да ағаш қалдықтарынан жасалған панельдер, тақталар, тақтайшалар, блоктар және ұқсас бұйымдар";
ЕАЭО СЭҚ ТН 8414 коды бар позицияда екінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауа немесе вакуумдық сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары мен желдеткіштері; желдеткіш немесе қайта айналымды сору қалпақтары немесе желдеткіші бар, сүзгілері бар немесе сүзгілері жоқ шкафтар; сүзгілері бар немесе сүзгілері жоқ газ өткізбейтін биологиялық қауіпсіздік шкафтары".
12. 18-бөлімде:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН "9021 10 900 0" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "9021 10 800 9" деген кодпен ауыстырылсын;
б) 1-қосымшада:
бірінші бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕАЭО СЭҚ ТН коды";
48-топта:
ЕАЭО СЭҚ ТН 4803 00 коды бар позицияда екінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"бекітілген немесе бекітілмеген, бедерленген немесе бедерленбеген, өрнектелген немесе өрнектелмеген, тесілген немесе тесілмеген, беті боялған немесе боялмаған, баспаланған немесе баспаланбаған, орамдарда немесе парақтарда дәретхана қағаз салфеткалары немесе бетке арналған салфеткалар, сүлгілер және шаруашылық-тұрмыстық немесе санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаздың басқа да түрлері, целлюлоза мақтасы және целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма қағаз";
ЕАЭО СЭҚ ТН 4818 коды бар позицияда екінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Ені 36 см-ден аспайтын орамдардағы немесе мөлшері немесе пішіні бойынша кесілген дәретхана қағазы және ұқсас қағаз, целлюлоза мақтасы немесе шаруашылық-тұрмыстық немесе санитариялық-гигиеналық мақсаттағы целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма қағаз; қол орамалдар, косметикалық майлықтар, сүлгілер, дастархандар, майлықтар, төсек жаймалар және шаруашылық-тұрмыстық, санитариялық-гигиеналық немесе медициналық мақсаттағы ұқсас бұйымдар, қағаз массасынан, қағаздан, целлюлоза мақтасынан немесе целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма қағаздан жасалған киім бұйымдары және киім керек-жарақтары";
ЕАЭО СЭҚ ТН 9619 00, 9619 00 110 0, 9619 00 130 0, 9619 00 190 0, 9619 00 210 0, 9619 00 290 0 кодтары бар позициялар алып тасталсын;
56-топта:
ЕАЭО СЭҚ ТН 9619 00 310 0, 9619 00 390 0 кодтары бар позициялар алып тасталсын;
90-топта:
ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 коды бар позицияда екінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Балдақтарды, хирургиялық белдіктер мен бандаждарды қоса алғанда, ортопедиялық құрылғылар; дененің жасанды бөліктері; есту аппараттары және органның кемістігін немесе оның жұмыс істеуін қалпына келтіру тұру үшін өзімен бірге алып жүруге болатын немесе денеге имплантталатын өзге де құрылғылар";
94-топтан кейін мынадай мазмұндағы 96-топпен толықтырылсын:
"
96-топ Әртүрлі дайын өнімдер | |
9619 00 | Кез келген материалдан жасалған әйелдерге арналған гигиеналық төсемдер мен тампондар, жаялықтар, жөргектер және ұқсас бұйымдар |
"
13. 19-бөлімде:
а) 1-тармақта:
ЕАЭО СЭҚ ТН "250700" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "2507 00" деген кодпен ауыстырылсын, ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 11, 3402 11 100 0, 3402 11 900 0, 3402 12 000 0, 3402 13 000 0, 3402 19 000 0, 3402 20" деген кодтар ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 31 000 0, 3402 39 000 0, 3402 41 000 0, 3402 42 000 0, 3402 49 000 0, 3402 50 000 0" деген кодтармен ауыстырылсын;
б) 4-кіші бөлімнің 4.1-тармағына "*" ескертпесіндегі ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 11, 3402 12 000 0, 3402 13 000 0" деген кодтар ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 31 000 0, 3402 39 000 0, 3402 41 000 0, 3402 42 000 0" деген кодтармен ауыстырылсын.
14. 20-бөлімнің 1-кіші бөлімінің 1-тармағында ЕАЭО СЭҚ ТН "2942" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН "2942 00 000 0" деген кодпен ауыстырылсын.