Еуразиялық экономикалық одақтың "Құс етінің және оны қайта өңдеу өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 051/2021) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 65 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібінің 38-тармағының бесінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың "Құс етінің және оны қайта өңдеу өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО TP 051/2021) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге (бұдан әрі тиісінше – техникалық регламент, өнім) қатысты техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін актілерде белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2024 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей жарамды болады;

      Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап Одақтың құқығына кіретін актілерде бұған дейін белгіленген міндетті талаптарға өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      б) Одақтың құқығына кіретін актілерде бұған дейін белгіленген міндетті талаптарға сәйкес техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде 2024 жылғы 30 маусымға дейін өнімді Одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналымға шығаруға жол беріледі;

      в) осы тармақтаң "б" тармақшасында көрсетілген өнімнің айналысына оны дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметінен Одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      а) қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламентті қолдану және оның талаптарын орындау және техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның жобасын;

      б) кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын техникалық регламент талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімдер тізбесінің жобасын әзірлеуді және оларды Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады