2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мыналар:
а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 10 маусымдағы "Кеден одағының "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламентіне (КО ТР 020/2011) өзгерістер енгізу туралы" № 91 шешімі күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 879 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламентінде (КО ТР 020/2011) (бұдан әрі – техникалық регламент) белгіленген міндетті талаптарға техникалық құралдардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады;
б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар бар болған жағдайда, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына айналымға шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі;
в) техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын, осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданысы кезеңінде айналымға шығарылған өнімнің айналымына осындай өнімнің қызмет мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |