Сербия Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квоталардың 2023 жылға арналған көлемдерін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 117 шешімі

      2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 4-бабына, Келісімге № 2 қосымшаға, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 35 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Келісімге сәйкес Сербия Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумақтарына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квоталардың (бұдан әрі тиісінше – тарифтік квоталар, тауарлар) 2023 жылға арналған көлемдері №1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Мыналар:

      мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензия болған кезде және Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталған кезде осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тарифтік квоталар көлемдері шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі қолданылады;

      тарифтік квоталар осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты қолданылады;

      тауарларды осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тарифтік квоталар көлемдерінен асатын мөлшерде әкелу кезінде және (немесе) Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталмаған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін.

      3. Мүше мемлекеттер:

      осы Шешімге №1 қосымшада көрсетілген тарифтік квоталар көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өз заңнамасына сәйкес бөлуді жүзеге асырсын;

      осы Шешімге №1 қосымшада көрсетілген тауарлардың импортына лицензия беруді жүзеге асыруды атқарушы биліктің уәкілетті органдарына тапсырсын;

      кеден органдарына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей осы Шешімге №1 қосымшада көрсетілген тауарларды өз мемлекетінің аумағына әкелу көлемдері туралы ақпаратты № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға беруді тапсырсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 16 тамыздағы
№ 117 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес Сербия Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квоталардың 2023 жылға арналған КӨЛЕМДЕРІ

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Өлшем бірлік

Тарифтік квота көлемі

барлығы

Армения Республикасы

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Қырғыз Республикасы

Ресей Федерациясы

Оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 8-бағанында "Glarus cheese with herbs" немесе "Buttercase cheese" не "Cheese made of goat’s or sheep’s milk" белгісі болған кезде кедендік әкелу баждарын төлеуден босату түріндегі тарифтік преференцияны қолдана отырып жүзеге асырылатын, Сербия Республикасынан шыққан және ЕАЭО СЭҚ ТН 0406 90 690 0, 0406 90 740 0, 0406 90 860 0, 0406 90 890 0, 0406 90 920 0, 0406 90 930 0, 0406 90 990 1 және 0406 90 990 9 кодтарымен сыныпталатын, шөптер қосып жасалған Гларский ірімшігін, Буттерказе ірімшігін және қой немесе ешкі сүтінен жасалған ірімшікті қоспағанда, өзге де ірімшіктер

0406 90 690 0
0406 90 740 0
0406 90 860 0
0406 90 890 0
0406 90 920 0
0406 90 930 0
0406 90 990 1
0406 90 990 9

тонна

400

2,07

20,04

121,4

2,96

253,53

Жүзім шарабын дистилляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спирттік тұнба, өзгелері

2208 20 290 0 2208 20 890 0

л 100% спирт

35 000

4 727

3 810

3 275

498

22 690

Құрамында темекі бар сигареттер

2402 20 100 0
2402 20 900 0

1 000 дана

2 000 000*

159 149**

39 539

21 993

966

696

95 955

      __________________

      * 2019 жылғы 25 қазандағы Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес тарифтік квота.

      ** Тарифтік квотаның бөлінетін көлемі.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 16 тамыздағы
№ 117 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

      (нысан)

2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес оларға қатысты тарифтік квоталар қолданылатын, Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына әкелу көлемдері туралы АҚПАРАТ

      _____ ж.___ тоқсан үшін

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Данные за квартал (по айам)


Өлшем бірлік

саны

құны (АҚШ долларында)

Оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 8-бағанында "Glarus cheese with herbs" немесе "Buttercase cheese" не "Cheese made of goat’s or sheep’s milk" белгісі болған кезде кедендік әкелу баждарын төлеуден босату түріндегі тарифтік преференцияны қолдана отырып жүзеге асырылатын, Сербия Республикасынан шыққан және ЕАЭО СЭҚ ТН 0406 90 690 0, 0406 90 740 0, 0406 90 860 0, 0406 90 890 0, 0406 90 920 0, 0406 90 930 0, 0406 90 990 1 және 0406 90 990 9 кодтарымен сыныпталатын, шөптер қосып жасалған Гларский ірімшігін, Буттерказе ірімшігін және қой немесе ешкі сүтінен жасалған ірімшікті қоспағанда, өзге де ірімшіктер

0406 90 690 0
0406 90 740 0
0406 90 860 0
0406 90 890 0
0406 90 920 0
0406 90 930 0
0406 90 990 1
0406 90 990 9

I ай

тонна



II ай



III ай



тоқсан жиыны



Жүзім шарабын дистилляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спирттік тұнба, өзгелері

2208 20 290 0
2208 20 890 0

I ай

л 100% спирт



II ай



III ай



тоқсан жиыны



Құрамында темекі бар сигареттер

2402 20 100 0
2402 20 900 0

I ай

1 000 дана



II ай



III ай



тоқсан жиыны




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады