2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-тарауына және Келісімге № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Келісімге сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумақтарына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квотаның (бұдан әрі тиісінше – тарифтік квота, ұзын дәнді күріш) 2023 жылға арналған көлемдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Трифтік квота ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын ұзын дәнді күрішке қатысты қолданылады деп белгіленсін.
3. Мүше мемлекеттер:
осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген тарифтік квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өз заңнамасына сәйкес бөлуді жүзеге асырсын;
атқарушы биліктің уәкілетті органдарына ұзын дәнді күріштің импортына лицензия беруді жүзеге асыруды тапсырсын.
4. Мүше мемлекеттерден:
қажет болған жағдайда 2023 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына осы Шешімге мүше мемлекеттер арасында тарифтік квотаның белгіленген көлемдерінің таңдалмаған бөлігін бөлу бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар беру;
Еуразиялық экономикалық комиссияны 2023 жылғы бірінші жарты жылдықтың нәтижелері бойынша осы Шешімнің 1-тармағында тарифтік квотаның белгіленген көлемдерінің таңдалған бөлігі туралы, сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін тарифтік квотаның белгіленген көлемдерін іріктеу болжамдары туралы хабардар ету сұралсын.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 118 шешіміне ҚОСЫМША |
2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квотаның 2023 жылға арналған КӨЛЕМДЕРІ
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тарифтік квоталардың көлемдері (тонна) | ||||
Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Қырғыз Республикасы | Ресей Федерациясы | ||
Толығымен ақталған буландырылған ұзын дәнді күріш, ұзындығының еніне қатынасы 3-ке тең немесе одан астам | 1006 30 670 1 | 250 | 4034 | 0 | 0 | 5716 |
Толығымен ақталған басқа да ұзын дәнді күріш, ұзындығының еніне қатынасы 3-ке тең немесе одан астам | 1006 30 980 1 |