Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 122 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 9 қосымшасы) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Оларды қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламентінің талаптарын ерікті негізде сақтау қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіндегі 493 – 495, 497, 499, 501 – 506, 510 – 512, 517, 518, 520, 522, 527, 528, 531 – 536, 538, 543 – 547 деген позициялар алып тасталсын.

      2. Осы Шешім 2022 жылғы 18 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады