"Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 133 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) 2023 жылғы 18 сәуірге дейін тіркелген, Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 шешімімен қабылданған "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінде (КО ТР 009/2011) (бұдан әрі – техникалық регламент) белгіленген міндетті талаптарға парфюмерлік-косметикалық өнімнің сәйкестігін растау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды;

      б) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 64 шешімімен қауіпсіздік көрсеткіштерінің өзгеруіне әкеп соқтыратын, техникалық регламентте белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын, 2023 жылғы 18 сәуірге дейін берілген, парфюмерлік-косметикалық өнімді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар қоса алғанда 2026 жылғы 17 сәуірге дейін жарамды;

      в) осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген құжаттарды ауыстырған кезде, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80 шешімімен бекітілген өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу қағидаларының 251-тармағында көзделген жағдайда, мұндай құжаттар 2026 жылғы 17 сәуірге дейін жарамды;

      г)  осы тармақтың "а" – "в" тармақшаларында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі;

      д) осы тармақтың "а" – "в" тармақшаларында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімнің айналысына әзірлеуші белгілеген осы өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі;

      е) осы тармақтың "б" тармақшасының ережелері Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 9 шілдедегі № 112 шешімінің 1-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген құжаттарға қолданылмайды деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады