Тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне және түймелі ажыратқыштарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 25 қазандағы № 154 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімін іске асыру және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 2106 90 930 0 және 2106 90 980 8 кодтарымен сыныпталатын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне және ЕАЭО СЭҚ ТН 8536 50 110 9 кодымен сыныпталатын түймелі ажыратқыштарға қатысты кедендік әкелу баждарының ставкалары 2022 жылғы 1 қазаннан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 наурызға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде. Белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде ЕАЭО СЭҚ ТН 2106 90 930 0, 2106 90 980 8 және 8536 50 110 9 кодтары бар позициялардағы ескертпеге "63С)" сілтеме "71С)" сілтемемен ауыстырылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады