Стандарттау және метрология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзекті бағыттары туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.4.2-тармағыа сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) 2022-2025 жылдары стандарттау және метрология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған стандарттау және метрология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзекті бағыттарының тізбесі (бұдан әрі - өзекті бағыттар тізбесі) мақұлдансын.

      2. Комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, өзекті бағыттар тізбесіне сәйкес Комиссияның жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына кірістіру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті қаржы жылына арналған бюджетінде көзделген Комиссиның зерттеу қызметін қаржыландыруға арналған жалпы шығыстар шегінде стандарттау және метрология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етсін.

      3. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде өткізілетін және өткізу жоспарланған ұлттық зерттеулерді жоспарлау кезінде өзекті бағыттар тізбесін ескеру сұралсын.

      4. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Сұлтанов А.Кожошев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
  2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен
  МАҚҰЛДАНҒАН

Стандарттау және метрология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзекті бағыттарының ТІЗБЕСІ

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын құжаттарды, мұндай құжаттардың аналогтары болмаған жағдайда әзірлеу.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын, қолданылуын және орындалуын қамтамасыз ететін стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттарда белгіленген өнімге қойылатын талаптардың ғылыми-техникалық деңгейін бағалау және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін және тиісті стандарттарды өзектендіруді жүзеге асыру кезінде оларды есепке алу үшін ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу мақсатында техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру.

      3. Интеграцияны дамыту, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық даму деңгейлерін жақындастыру, экономикалық ынтымақтастық салаларын кеңейту және Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін дамыту мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекетаралық, ұлттық және мемлекеттік емес стандарттауды дамыту.

      4. Орнықты даму, табиғи ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану, циркулярлық экономиканы (тұйық циклді экономиканы), "жасыл" технологияларды, парниктік газдар шығарындыларының төмен деңгейі бар технологияларын дамыту мақсаттары үшін мемлекетаралық және ұлттық стандарттар базасын жетілдіру.

      5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде айналысқа шығарылатын өнімдер қауіпсіздігінің бірыңғай талаптарын метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру.

      6. Еуразиялық экономикалық одақ өнімдерінің ортақ нарықтарын метрологиялық қамтамасыз етуді дамыту.

      7. Жаңа өлшеу құралдары мен стандарттық үлгілер, сондай-ақ өлшеу құралдарының жаңа буындарын жасаудың ғылыми-техникалық негіздерін әзірлеу.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады