Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) № 2 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 54 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) № 2 қосымшаға өзгерістер енгізілсін.

      2. Беларусь Республикасы аумағында көлік құралдарының орнықтылығын бақылау жүйесінсіз әзірленген M3, N2, N3, O3, O4 санаттарының көлік құралдарын өткізу осы Шешім күшіне енген күннен бастап және қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін:

      осы Шешімге қосымшада көзделген өзгерістерді ескере отырып ресімделген көлік құралының типін мақұлдау (шасси типін мақұлдау) негізінде;

      тұтынушыларды міндетті түрде хабардар еткен және көлік құралының электрондық паспортында (көлік құралы шассиінің электрондық паспортында) тиісті ақпаратты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      3. Осы Шешімнің орындалуын бақылауды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және қабылданған күнінен бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 15 сәуірдегі
№ 54 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық
регламентіне (КО ТР 018/2011)
№ 2 қосымшаға енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кестеде:

      а) 11-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"11.Тежегіш жүйелерінің тиімділігі
 

M1, N1

БҰҰ қағидалары
№ 13Н-00

24)


M2, M3, N, O

БҰҰ қағидалары
№ 13-10 (2017 жылға дейін)
 



M2, M3, N, O

БҰҰ қағидалары
№ 13-11 (2018 жылдан бастап)

35), 46)";

      2.Мынадай мазмұндағы 46-ескертпемен толықтырылсын:

      "46. Қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін Беларусь Республикасы аумағында өндірілген N2, N3, O3, O4 санаттарының көлік құралдарын орнықтылықты бақылау жүйесімен жарақтамауға жол беріледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады