Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 59 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 266-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" № 107 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук

 
  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 15 сәуірдегі
№ 59 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Шешімге № 1 қосымшаның 2-тармағында екінші графада бірінші және екінші абзацтар мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "Армения Республикасы үшін: құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды

      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін: 2022 жылғы 1 қазанға дейін - құны 1000 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 31 кг аспайды; 2022 жылғы 1 қазаннан бастап - құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды".

      2. Көрсетілген Шешімге № 2 қосымшаның 1-кестесінде 2-графада екінші мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Армения Республикасы үшін: құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды

      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін: 2022 жылғы 1 қазанға дейін - құны 1000 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 31 кг аспайды; 2022 жылғы 1 қазаннан бастап - құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады