2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кірістірілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 57С ескертпесімен толықтырылсын:
"57С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 62 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023.30.04 дейінгі аралықта қолданылады.".
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 3907 69 000 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"3907 69 000 1 ------- техникалық жіптердің5) өндірісі үшін талшық түзуші
3907 69 000 9 -------- өзгесі".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Б.Сұлтанов | А.Кожошев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 62 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
3907 69 000 0 ----- өзгесі
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 62 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кірістірілетін
ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
3907 69 000 ---------- өзгесі:
3907 69 000 1 ------- техникалық жіптердің5) өндірісі үшін талшық түзуші
3907 69 000 9 -------- өзгесі
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 62 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің
кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы |
Кедендік әкелу бажының ставкасы |
3907 69 000 1 ------- техникалық жіптердің5) өндірісі 457С)
үшін талшық түзуші
3907 69 000 9 -------- өзгесі 4