Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 77 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" № 877 шешімінің 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3.2.7-тармақшамен толықтырылсын:

      "3.2.7. 2023 жылғы 1 ақпанға дейін Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында дайындалған немесе шетелдік дайындаушылардың ресми өкілдері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай мемлекеттің аумағына әкелген М және N санаттарындағы көлік құралдарының сәйкестігін бағалауға және айналысқа шығаруға Техникалық регламентке № 2 қосымшаның 113 және 114-тармақтарын және Техникалық регламентке № 3 қосымшаның 16 және 17-тармақтарын қолданбай жол беріледі.

      2023 жылғы 1 ақпанға дейін Ресей Федерациясында көлік құралдарын шұғыл жедел қызметтерді шақыру жүйелерімен (құрылғыларымен) жабдықтауға қатысты талаптарды қолданбай, айналысқа шығарылатын көлік құралдарының сәйкестігін бағалау ерекшеліктері Ресей Федерациясы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

      Осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген көлік құралдарын иелену, пайдалану, оларға билік ету құқықтарын жүзеге асыруға, егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осындай көлік құралдарына қатысты заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы көлік құралдары өндірілген немесе аумағына шетелдік дайындаушылардың ресми өкілдері әкелген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында жол берілмейді.".

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен, егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында өзге де уағдаластықтарға (соның ішінде екіжақты форматта) қол жеткізілмеса, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағында Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3.2.7-тармағында көрсетілген көлік құралдарын әкетуге (соның ішінде уақытша әкетуге) жол бермеуді қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешімнің орындалуын бақылауды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 15 сәуірден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады