Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 108 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 59-бабының 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 47-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 158 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Касымалиев

А. Оверчук


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 15 шілдедегі
№ 108 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Caulophilus latinasus (Say) қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Ceratitis rosa Karsch

Наталь жеміс шыбыны".

      2. Diabrotica barberi Smith & Lawrence қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Diabrotica speciosa (Germar)

Әдемі диабротика".

      3. Epitrix cucumeris Harris қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Epitrix subcrinita (LeСonte)

Батыс картоп бүрге қоңызы".

      4. Ips calligraphus (Germar) қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Ips emarginatus (LeСonte)

Қабыққоңыз".

      5. Pseudaulacaspis pentagona (Targioni-Tozzetti) қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Pseudips mexicanus (Hopkins)

Америка қарағай гравері".

      6. Rhagoletis cingulata Loew. қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Rhagoletis indifferens Curran

Батыс шие шыбыны".

      7. Spodoptera eridania (Cramer) қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Spodoptera exempta (Walker)

Африка жүгері құрты".

      8. Spodoptera litura (Fabricius) қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Strauzia longipennis (Wiedemann)

Күнбағыс алақанат шыбыны".

      9. Nacobbus aberrans (Thorne) Thorne & Allen, қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Xiphinema americanum sensu stricto Cobb

Америка қанжарқұрты

Xiphinema bricolense Ebsary, Vrain & Graham

Бриколенсе қанжарқұрты

Xiphinema californicum
Lamberti & Bleve-Zacheo

Калифорния қанжарқұрты".


      ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады