Уәкілетті экономикалық операторларға берілетін арнайы оңайлатуды айқындау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 114 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 437-бабының 5-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 12929-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, екінші немесе үшінші үлгідегі куәлік уәкілетті экономикалық операторлардың уақытша сақтаудағы шетелдік тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жөніндегі операцияларды жасау сияқты арнайы оңайлатуды уәкілетті экономикалық операторларға кеден органының рұқсатынсыз пайдалануға құқық береді деп айқындалсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады