Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 7-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 55-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен бекітілген Бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларацияларды бере отырып, сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиіс өнімнің бірыңғай тізбесіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім күшіне енген күнге дейін қабылданған сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | А. Касымалиев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 119 шешіміне ҚОСЫМША |
Бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларацияларды бере отырып, сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиіс өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 3-бағанда:
а) 10.1-позициядағы "МемСТ Р МЭК 896-1-95" деген сөздер "МемСТ Р МЭК 60896-11-2015" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 10.2-позициядағы "МемСТ Р МЭК 60622-2002" деген сөздер "МемСТ Р МЭК 60622-2010" деген сөздермен ауыстырылсын, "МемСТ Р МЭК 60623-2008" деген сөздер "МемСТ Р МЭК 60623-2019" деген сөздермен ауыстырылсын, "МемСТ Р МЭК 61951-2-2007" деген сөздер "МемСТ Р МЭК 61951-2-2019" деген сөздермен ауыстырылсын, "МемСТ Р МЭК 61960-2007" деген сөздер "МемСТ Р МЭК 61960-3-2019" деген сөздермен ауыстырылсын, "МемСТ Р МЭК 62133-2004" деген сөздер "МемСТ Р МЭК 62133-1-2019 МемСТ Р МЭК 62133-2-2019" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 27.1-позициядағы "МемСТ 30407-96 (ИСО 7086-1-82, ИСО 7086-2-82)" деген сөздер "МемСТ 30407-2019" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) 29.1 және 29.2-позициялардағы "МемСТ 18221-99" деген сөздер "МемСТ 18221-2018" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) 29.4-позициядағы "МемСТ 16955-71" деген сөздер "МемСТ 16955-2019" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) 29.6-позиция "МемСТ 21055-96" деген сөздерден кейін "МемСТ 21055-2019" деген сөздермен толықтырылсын;
ж) 29.7-позициядағы "МемСТ Р 50257-92" деген сөздер "МемСТ 34109-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;
з) 29.8-позициядағы "МемСТ 9268-90" деген сөздер "МемСТ 9268-2015" деген сөздермен ауыстырылсын, "МемСТ 10199-81" деген сөздер "МемСТ 10199-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;
и) 29.9-позициядағы "МемСТ 9268-90" деген сөздер "МемСТ 9268-2015" деген сөздермен ауыстырылсын;
к) 29.10-позициядағы "МемСТ 21904-76" деген сөздер "МемСТ 34152-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;
л) 29.11-позициядағы "МемСТ 9265-72" деген сөздер "МемСТ 34152-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;
м) 29.12-позициядағы "МемСТ 22841-77" деген сөздер "МемСТ 34152-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;
н) 29.13-позициядағы "МемСТ 22842-88" деген сөздер "МемСТ 34152-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;
о) 29.14-позициядағы "МемСТ 28255-89" деген сөздер "МемСТ 34152-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;
п) 29.15-позициядағы "МемСТ 28256-89" деген сөздер "МемСТ 34152-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;
р) 29.16 − 29.18-позициялардағы "МемСТ 10385-88" деген сөздер "МемСТ 10385-2014" деген сөздермен ауыстырылсын;
с) 29.19-позициядағы "МемСТ Р 51095-97" деген сөздер "МемСТ 26573.0-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;
т) 30.10-позициядағы "СТБ 1150-2007" деген сөздер "СТБ 1150-2013" деген сөздермен ауыстырылсын;
у) 30.12-позициядағы "МемСТ Р 53492-2009" деген сөздер "МемСТ 33958-2016" деген сөздермен ауыстырылсын;
ф) 33.1 және 33.3-позициялардағы "МемСТ Р 52488-2005 немесе" деген сөздер алып тасталсын.
2. 4-бағанда:
а) 10.2-позициядағы ЕАЭО СЭҚ ТН "85 07 40 000 0" және "85 18 21 000 0" кодтары алып тасталсын, ЕАЭО СЭҚ ТН "8507 80 000 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8507 80 000 9" кодымен ауыстырылсын;
б) 34.1-позициядағы "6815 99 000 9-дан" деген сөздер "3922-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.