Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 14 өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай беруіне арналған мәселелер тізбесі бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович осы Өкіммен бекітілген Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер тізбесін белгіленген тәртіпте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелеріне жіберсін.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Сұлтанов А.Кожошев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
  2022 жылғы 15 сәуірдегі № 14 өкімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің
сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер
ТІЗБЕСІ

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесін тағайындау туралы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады