Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 39 өкімі

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2.  Осы өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия
  Кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 39 өкіміне
  ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1.6.1-тармақтың "мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің банктері беретін банк кепілдіктерін мүше мемлекеттердің өзара тануы туралы халықаралық шартты дайындау" позициясында:

      төртінші бағанда "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бағанда ", Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (қажет болған жағдайда)" деген сөздер алып тасталсын.

      2. 1.6.3-тармақтың "электрондық цифрлық қолтаңбаға, оның түпнұсқалығын тексеру және оны тану рәсімдеріне, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттардың заңдылығына қойылатын талаптарды белгілейтін, бір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дайындалған электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін екінші мүше мемлекеттің өзара тануы қағидаларын бекіту және оған өзгерістер енгізу бойынша Кеңеске өкілеттіктер беру бөлігінде шартқа өзгерістер енгізу" позициясында:

      төртінші бағанда "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бағанда "Жоғары кеңестің шешімі" деген сөздер "Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2.4.4-тармақта "бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блоктың қоғамдық қабылдау бөлмесі шеңберінде бизнес-қоғамдастық қойған проблемалық мәселелерді шешу барысы мен нәтижелеріне мониторинг және бақылау жүргізу" позициясында:

      екінші бағанда "қоғамдық қабылдау бөлмесі шеңберінде бизнес-қоғамдастық қойған проблемалық мәселелерді" деген сөздер "бизнес-қоғамдастық қойған проблемалық мәселелер, оның ішінде қоғамдық қабылдау бөлмесі шеңберінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші баған "Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) бірлесіп орындаушылар: мүше мемлекеттер, Алқа мүшелері (өз құзыреті шеңберінде)" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 2.4.5-тармақтың "Шартқа өзгерістер енгізу (Шартта құқықтық реттеуде олқылықтар анықталған жағдайда)" позициясында төртінші бағанда "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады