Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 27 қосымша) 2-тармағының 2-тармақшасының екінші абзацына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумағында автомобиль жасау саласының жоғары технологиялық, экологиялық, энергиялық тиімді иновациялық өнімдері, соның ішінде экологиялық таз электр көлігі және өнеркәсіптің ілеспе салаларының өнімдері өндірісін ұйымдастыру мен дамыту, сондай-ақ мүше мемлекеттер өндірушілерінің бірлескен өндірісінің кооперациялық тізбектерге тарту мақсатында
мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап автомобиль жасау саласын дамытудың ұлттық жоспарларын қалыптастыру және іске асыру кезінде қосымшаға сәйкес қосымша шаралардың тізбесін назарға алуды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 1 ұсынымына ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде экологиялық таза электр көлігін танымал етуге ықпалын тигізетін қосымша шаралардың ТІЗБЕСІ
1.Электромобильдерді пайдалануды ынталандыру:
мемлекеттік, муниципалдық және өзге тапсырыс берушілердің электромобильдерді сатып алуы;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, электромобильдері бар, автомобильдерді қысқа мерзімді жалға беру көрсетілетін қызметтерін ұсынатын жеңіл таксилер паркі мен компаниялардың жеңлдік алу мүмкіндігі.
2.Зарядтау және сервистік (техникалық) инфрақұрылымды дамыту:
зарядтау инфрақұрылымдарының иелері мен операторлары үшін салық жеңлдіктері;
кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау мен зарядтау және сервистік (техникалық) инфрақұрылым объектілерін әзірлеуге, өндірісіне және орнатуға гранттар беру;
электр энергиясына босатылған нарықтық тарифтің бір бөлігін өтеу;
күрделі құрылыс объектілеріне, көп пәтерлі үйлердің жанындағы көлік қоятын орындарға, әкімшілік, кеңсе және қоғамдық ғимараттарға қатысты құрылыс (реконструкциялау) саласындағы нормалар мен қағидаларға оларға зарядтау инфрақұрылымын орналастыру мен пайдалануға қойылатын талаптарды толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізу;
көлік қоятын орындар мен инфрақұрылымдық объектілер иелерінің өз аумақтарында өз есептерінен зарядтау станцияларын орналастыруын ынталандыру;
зарядтау инфрақұрылымына және оны орналастыру қағидаларына қатысты ұлттық стандарттар мен қағидалар жиынтығының талаптарын үндестіру (біріздендіру) жөнінде ұсыныстар дайындау;
зарядтау станциялары мен сервистік (техникалық) қамту орталықтарын орнатуды ынталандыру мақсатында атаулы бағдарламалар әзірлеу.