Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызмет көрсетулердің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 2 Өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы М.В.Мясниковичтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген ырықтандыру жоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуына мониторинг және бақылау жүргізудің нәтижелері туралы баяндамасын (бұдан әрі - баяндама) назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ХҮ бөлімінің ережелерін іске асырған кезде баяндаманың ережелерін ескерсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз
Республикасынан
Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады