Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Қызметтер көрсету саудасын реттеу, құру және қызметі қағидаларында көзделген ережелерді 2021-2022 жылдары орындауына мониторингтің нәтижелері туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 3 Өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Қызметтер көрсету саудасын реттеу, құру және қызметі қағидаларында көзделген ережелерді 2021-2022 жылдары орындауына мониторингтің нәтижелері туралы баяндамасын (бұдан әрі - баяндама) (Еуразиялық экономикалық одақтың eec.eaeunion. org/commission/department/bobd/rr/ мекенжайы бойынша ресми сайтында орналастырылған) назарға ала отырып:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия Қызметтер көрсету саудасын реттеу, құру және қызметі қағидаларында көзделген ережелерді іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастырсын, оның шеңберінде баяндамада көрсетілген мониторинг нәтижелерін ескерсін.

      Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз
Республикасынан
Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады