Қуаты 5000 кВт-тан астам, бірақ 50 000 кВт-тан аспайтын газ турбиналарының бөліктеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 9 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45 баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 99 001 9 кодымен сыныпталатын қуаты 5000 кВт-тан астам, бірақ 50 000 кВт-тан аспайтын газ турбиналарының бөліктеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы шешім күшіне енген күннен бастап 2024 жылғы 31 наурызды қоса алғанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  төртінші графадағы ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 99 001 9 коды бар позиция "77С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;

      б)  Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 77С ескертпесімен толықтырылсын:

      "77С)  Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 9 шешімі күшіне енген күннен бастап 2024 жылғы 31 03 қоса алғанда қолданылады.".

      3.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын тауарлардың тізбесіне және қуаты 5000 кВт-тан асатын, бірақ 50 000 кВт-тан аспайтын газ турбиналарының бөліктеріне қатысты қатысты осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшеріне өзгеріс енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады