Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 15 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы Хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 "Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне арналған қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысаны және оны толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар туралы" Шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  2-тармақтағы "Шешімге № 3 – 12, 15 – 21 қосымшалар" деген сөздер "Шешім" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б)  көрсетілген Шешіммен бекітілген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларда:

      7-тармақ ", осы әдістемелік нұсқаулардың 17-тармағының екінші абзацын ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      17 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер Шартта (келісімшартта) тауардың жеткізілетін (жөнелтілетін) бірнеше елі көзделсе, жолда "Шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес" деген жазба жасалады. Егер аталған елдер Еуропалық Одақ елдеріне жататын болса, жолда "ЕО елдері" деген жазба жасалады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады