Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ыстықтай жатықталған болат бұрыштықтарға қатысты демпингке қарсы шараның қолданысын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 26 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 3 қазандағы № 133 Шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау Департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Украинада шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 7216 21 000 0, 7216 40 100 0, 7216 50 100 0, 7216 50 990 0, 7228 70 100 0 кодтарымен сыныпталатын көміртекті, төмен қоспаланған және қоспаланған (коррозияға төзімділерін қоспағанда) болаттан жасалған, сөресінің ені 20-дан 200 мм-ге дейінгі ыстықтай жатықталған тең сөрелі болат бұрыштықтарға қатысты 2028 жылғы 6 наурызды қоса алғанда мерзімге кедендік құнның 37,89 пайызы мөлшерінде демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:

      ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да, тауардың атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды өндіріп алуды қамтамасыз етсін;

      алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 85 Шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларын демпингке қарсы бажға есепке жатқызуды және ол төленген (өндіріп алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызуды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы реттеу департаменті осы Шешімде көзделген демпингке қарсы шараның қолданылу кезеңінде көміртекті, төмен қоспаланған және қоспаланған (коррозияға төзімділерін қоспағанда) болаттан жасалған сөресінің ені 20-дан 200 мм-ге дейінгі ыстықтай жатықталған тең сөрелі бұрыштықтардың тауар нарығындағы бағалар мониторингін жүзеге асырсын және оның нәтижелері туралы әр жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасын хабардар етсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады