Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 14 наурыздағы № 34 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Мыналар:

      а)  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 143 Шешімі күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) техникалық регламентінде белгіленген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 143 шешімімен оған қатысты өзгерістер енгізілген өнімнің (бұдан әрі – өнім) міндетті талаптарға сәйкестігін растау туралы құжаттар, олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 143 шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 180 күннен кешіктірмей жарамды;

      б)  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 143 шешімі күшіне енген күнге дейін берілген (тізілімге енгізілген) өнімді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар (мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде қамтылған өнімді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер) олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 143 шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 180 күннен кешіктірілмей жарамды;

      в)  Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 143 шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде жол беріледі;

      г)  осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған өнімнің айналысына оны дайындаушы белгілеген осы өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 143 Шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады