Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың болуы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 21 наурыздағы № 36 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы (бұдан әрі – Комиссия) Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 10-тармағының 3) және 4) тармақшаларына (бұдан әрі – тиісінше Хаттама, Шарт) және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінің 44 және 45-тармақтарына сәйкес CIPA/CAP және CPA EURASIA бағдарламалары бойынша бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау қызметтері трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы іс (бұдан әрі – іс) бойынша трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың болуы туралы мәселені қарады.

      Іс материалдарын қарау нәтижелері бойынша бәсекелестік саласындағы Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттар мен нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сүйене отырып, істің нақты мән-жайларын және қосымшаға сәйкес осы Шешімнің сипаттау және дәлелдеу бөліктерінде берілген істі қарау жөніндегі комиссияның тұжырымдамасын зерделей отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар есептеу әдістемесін және оларды салу тәртібін (бұдан әрі – Айыппұлдар есептеу әдістемесі және оларды салу тәртібі) басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы шешті:

      1. "Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымының (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 597А-үй, 7-қабат, 703, 704-кеңсе, ТН 91758-1910-КБҰ, СТСН 600300511060, тіркелген күні 2008 жылғы 15 сәуір, БСН 080440011737) (бұдан әрі – "ҚР КБП" БКҰ), "Еуразиялық сертификатталған жария бухгалтерлер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 597А-үй, 7-қабат, 703, 704-кеңсе, СТСН 600700699647, тіркелген күні 2014 жылғы9 сәуір, БСН 140440009917) (бұдан әрі – "ЕСЖБИ" ЖШС), "Қырғызстанның кәсіби бухгалтерлер және аудиторлар институты" қоғамдық бірлестігінің (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., Ибраимов к-сі, 115А-үй, 3-қабат, 305-бөлме, ТН 146235-3301-ҚБ, тіркелген күні 2015 жылғы 14 мамыр, СТСН 01405201510190) (бұдан әрі – "ҚКБАИ" ҚБ) және "СИПАЕН" мекемесінің (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., Ибраимов к-сі, 115А-үй, 3-қабат, 304-кеңсе, ТН 127470-3301-М-е, тіркелген күні 2017 жылғы 13 қараша, СТСН 00102201310152) 2015 жылғы 15 маусым – 2021 жылғы 10 қараша аралығындағы шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне) залал келтіруі не оның трансшекаралық қызметтер нарығындағы іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жалған, анық емес немесе бұрмаланған мәліметтерді тарату жөніндегі іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының ережелерін бұзу деп танылсын.

      2. Істі қарауды тоқтату үшін негіздер жоқ деп танылсын.

      3. Хаттаманың 16-тармағының 1) тармақшасына және Айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және салу тәртібіне сәйкес мынадай айыппұлдар тағайындалсын:

      "ҚР КБП" БКҰ – 662 500 Ресей рубілі мөлшерінде;

      "ЕСЖБИ" ЖШС – 662 500 Ресей рубілі мөлшерінде;

      "ҚКБАИ" ҚБ – 662 500 Ресей рубілі мөлшерінде;

      "СИПАЕН" мекемесі – 662 500 Ресей рубілі мөлшерінде.

      Осы Шешіммен тағайындалған айыппұлдар хаттаманың 17 және 18-тармақтарында белгіленген тәртіппен мынадай банктік деректемелерге сәйкес төленуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) – БСК 204176, ТТК 913;

      Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) – СТСН 02802200610325, РНИ коды 004 Первомайское, алушы Первомайский РОК, БИК 440201, ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Орталық қазынашылық, е/с 4402011001002463, төлемнің кіріс коды 14311400.

      4. "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесі Шарттың 76-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының ережелерін бұзатын іс-әрекеттер жасауды тоқтатуға, оның ішінде кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау бағдарламалары бойынша сертификатталған және мұндай сертификаттарды үшінші тарап ұйымдарындан, соның ішінде өтініш берушілерден алған тұлғалар туралы мәліметтерді өз дерекқорларынан (тізілімдерінен) алып тастауға міндеттелсін.

      5. "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесі:

      а) Айыппұлдарды есептеу әдістемесі мен оларды салу тәртібінің 171-тармағының екінші абзацына сәйкес Хаттаманың 16-тармағында көзделген айыппұлдарды құқық бұзушылар осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей толық мөлшерде төлейтіні жөнінде хабардар етілсін. Айыппұл көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда Комиссия Айыппұлдарды есептеу әдістемесі мен оларды салу тәртібінің 18-тармағына сәйкес осы Шешімді мәжбүрлеп орындауға бағытталған шараларды қабылдайды;

      б) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің 45-тармағына сәйкес Комиссия осы тармақтың "а" тармақшасында көзделген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде айыппұлдың төленгені жөнінде, сондай-ақ осы Шешімнің 4-тармағын орындалғаны жөнінде хабардар етілсін.

      6. Осы шешімге белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына шағым жасалуы мүмкін.

      7. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 21 наурыздағы
№ 36 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2023 жылғы 21 наурыздағы № 36 шешімінің
СИПАТТАУ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ БӨЛІКТЕРІ

      Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) 2021 жылғы 10 маусымдағы № н/ж (2021 жылғы 11 маусымдағы кіріс № 10782) хатпен "Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлардың кеңесі" қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінен (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 6 ш/а, 56-үй, ТН 46498-1910-ЗТБ (ТМ), СТН 600300501348, тіркелген күні 2002 жылғы 11 наурыз, БСН 020340005649) (бұдан әрі – ЕСБАК) және бірлесіп өтініш берушілер: "Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы" кәсіби аудиторлық ұйымынан (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 79/71-үй, 128-кеңсе, ТН 81590-1910-КАҰ, СТН 600700008865, тіркелген күні 2006 жылғы 14 қазан, БСН 061140006025) (бұдан әрі – "ҚРАП" КАҰ), "Қазақстан бухгалтерлерінің және бухгалтерлік ұйымдарының одағы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымынан (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мұратбаев к-сі, 200-үй, 104-кеңсе, ТН 92588-1910-БКҰ, СТН 600700603950, тіркелген күні 2008 жылғы 9 маусым, БСН 080640005195) (бұдан әрі – "ҚББҰО" БКҰ), "Сертификатталған кәсіби бухгалтер" коммерциялық емес серіктестігінен (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., Пыжевский тұйық көшесі, 7-үй, 2-құрылысжай, 2-кеңсе, НМТН 1097799028469, тіркелген күні 2009 жылғы 15 қазан, СТСН 7706414380) (бұдан әрі – "СКБ" КЕС), "Бухгалтерлер мен аудиторлар бірлестігі" қоғамдық бірлестігінен (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., Эркиндик бульвары, 42-үй, 1-пәтер, ТН 9484-3301-ҚБ, СТСН 01903199910055) (бұдан әрі – "БАБ" ҚБ), Өзбекстан бухгалтерлері мен аудиторларының ұлттық қауымдастығынан (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ., Шыңғыс Айтматов к-сі, 1а-үй, ТН 78(149), тіркелген күні 1993 жылғы 20 қыркүйек, СТСН 201099796) (бұдан әрі – өтініш берушілер) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 76-бабы 2-тармағының ережелерін бұзудың ықтимал белгілерінің болуы және мұндай бұзушылықтың жолын кесу қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 97 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібінің 132-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өтінішті қарау шеңберінде бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілерін жоюға және трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер жасау туралы ұсыныс әзірленген жоқ.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 98 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің (бұдан әрі – Тергеп-тексеру жүргізу тәртібі) 3-тармағының 1) тармақшасына, Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттамаға (Шартқа № 19 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 112 шешімінің 1-тармағына сәйкес өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерінің бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу туралы 2021 жылғы 20 шілдедегі № 48/ұйғ. (бұдан әрі – тергеп-тексеру) ұйғарым шығарды және мына тұлғаларға (бұдан әрі – жауапкерлер) қатысты тиісті тергеу жүргізді:

      "Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымы (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 597А-үй, 7-қабат, 703, 704-кеңсе, ТН 91758-1910-КБҰ, СТСН 600300511060, тіркелген күні 2008 жылғы 15 сәуір, БСН 080440011737) (бұдан әрі – "ҚР КБП" БКҰ);

      "Еуразиялық сертификатталған жария бухгалтерлер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 597А-үй, 7-қабат, 703, 704-кеңсе, СТСН 600700699647, тіркелген күні 2014 жылғы 9 сәуір, БСН 140440009917) (бұдан әрі – "ЕСЖБИ" ЖШС);

      "Қырғызстанның кәсіби бухгалтерлер және аудиторлар институты" қоғамдық бірлестігі (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., Ибраимов к-сі, 115А-үй, 3-қабат, 305-бөлме, ТН 146235-3301-ҚБ, тіркелген күні 2015 жылғы 14 мамыр, СТСН 01405201510190) (бұдан әрі – "ҚКБАИ" ҚБ);

      "СИПАЕН" мекемесі (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., Ибраимов к-сі, 115А-үй, 3-қабат, 304-кеңсе, ТН 127470-3301-М-е, тіркелген күні 2017 жылғы 13 қараша, СТСН 00102201310152).

      2021 жылғы 15 қарашада № 62/ұйғ. ұйғарыммен Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы іс (бұдан әрі – іс) қозғады және оны қарау бойынша келесі құрамда комиссия тағайындалды:

      істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы, Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің (бұдан әрі – Департамент) директоры А. Г. Сушкевич;

      істі қарау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Департамент директорының орынбасары А.А. Қалиев;

      істі қарау жөніндегі комиссия мүшелері:

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің бастығы С.С. Суменков;

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Е.П. Кривцун;

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің консультанты А.Б. Әбділдаева.

      Шешім қабылдау үшін қосымша ақпарат алу қажеттілігіне байланысты 2022 жылғы 15 ақпандағы № 8/ұйғ. ұйғарыммен істі қарау мерзімі 60 жұмыс күніне ұзартылды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 23-тармағына сәйкес істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы, Департамент директоры А.Г. Сушкевич 2022 жылғы 17 мамырда:

      істі қарау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Департамент директорының орынбасары А.А. Қалиевтің;

      істі қарау жөніндегі комиссия мүшелері:

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің бастығы С.С. Суменковтың,

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) және істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Е.П.Кривцуннің;

      істі қарауға қатысқан адамдар:

      өтініш берушілердің өкілі (сенімхат бойынша) О.С. Бернацкаяның;

      бейне-конференц-байланыс арқылы:

      "СКБ" КЕС вице-президенті В.С. Жариновтың;

      ЕСБАК атқарушы директоры А.В. Гайдуктың;

      "ҚББҰО" БКҰ директорлар кеңесінің төрағасы И.Г. Абсалямовтың;

      "ҚРАП" БКҰ төрағасы С.Х. Көшкімбаевтың;

      "БАБ" ҚБ президенті Э.Т. Таранчиевтің;

      "БАБ" ҚБ атқарушы директоры В.В. Гетманның;

      жауапкерлердің өкілі (сенімхаттар бойынша) Н.О. Алимбетовтың;

      қаралатын істің мән-жайы туралы мәліметтері бар тұлға Э.Т. Дайрашеваның;

      құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) өткізу (бейне-конференц байланыс арқылы) кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) уәкілетті органдарының өкілдері:

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі Әлеуметтік сала және қызметтер басқармасы бастығының орынбасары О.О. Василенконың;

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің Әлеуметтік сала және қызметтер басқармасының консультанты Т.И. Мельникованың;

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Экономикалық интеграция басқармасының бас сарапшысы Ж.Б. Сағдаттың;

      Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметінің Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл мәселелері, халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім меңгерушісі О.В. Горянованың;

      Федералдық монополияға қарсы қызметтің Жарнаманы және жосықсыз бәсекелестікті бақылау басқармасы бастығының орынбасары Я.В. Склярованың;

      Федералдық монополияға қарсы қызметтің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасы халықаралық жобалар бөлімі бастығының орынбасары А.А. Шемякинаның қатысуымен істі қарау аяқталғаны туралы жариялады.

      Іс материалдарын қарау нәтижелері бойынша мыналар анықталды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімімен бекітілген Тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне, Хаттамасына және Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес Департамент тергеп-тексеру барысында мүше мемлекеттердің, жеке және заңды тұлғалардың органдарынан өтініште баяндалған фактілер бойынша жазбаша нысанда ақпаратты сұратты.

      Әдістеменің 4-тармағына сәйкес Шарттың 76-бабының 2-тармағында белгіленген тыйым салуларды бұзушылықты тексеру кезінде бәсекелестіктің жай-күйін бағалау Әдістеменің 15-тармағына сәйкес жүргізілетін тауарды алдын ала айқындаумен шектелуі мүмкін.

      Хаттаманың 11-тармағына және Әдістеменің 61 – 63-тармақтарына сәйкес бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың әрбір кезеңінде жасалған негізгі тұжырымдар құпия ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар бұзылмайтын бөлікте баяндалған.

      Әдістеменің II бөлімінің ережелерін басшылыққа ала отырып, нарықты зерттеудің уақыт аралығы 2015 жылғы 15 маусымнан 2021 жылғы 10 қарашаға дейін айқындалды.

      Әдістеменің 4-тармағының жетінші абзацының негізінде және 15-тармағын ескере отырып, тауарды алдын ала анықтау жүзеге асырылды және тауар нарығының өнім шекарасы ретінде мыналар белгіленді.

      ЕСБАК мүше мемлекеттер үшін де сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтер – Certified International Professional Accountant (бұдан әрі – CIPA) сертификаттау жүйесін әзірледі және енгізді.

      CIPA – БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) бекіткен бухгалтерлерді даярлаудың үлгілік оқу бағдарламасын қолдайтын және сертификаттаудың 2 деңгейін (сертификатталған бухгалтер-практик (САР) және сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтер (CIPA)) көздейтін Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (IFAC) (бұдан әрі – ХБФ) білім стандарттарын ескеретін бухгалтерлік есеп саласындағы кәсіби біліктілікті растау жүйесі.

      Өтініш берушілер, "СИПАЕН" мекемесі және "ҚКБАИ" ҚБ CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттауды жүзеге асырады.

      Сонымен қатар, "ҚР КБП" БКҰ CIPA бағдарламасы негізінде CIPA бағдарламасын дамытатын және толықтыратын CPA EURASIA сертификаттау бағдарламасын әзірледі. "ҚР КБП" БКҰ және "ҚКБАИ" ҚБ CPA EURASIA сертификаттау жүйесін өз ұйымдарында кәсіби бухгалтерлердің мүшелігі үшін негіз ретінде таниды.

      Сондай-ақ, "СИПАЕН" мекемесінің хатына (2021 жылғы 17 ақпандағы кіріс № 2743 хат) сәйкес 2017 жылғы ақпанда "СИПАЕН" мекемесі мен "ЕСЖБИ" ЖШС арасында CIPA және СРА EURASIA сертификаттауды өзара тану туралы келісімге қол қойылды.

      Сонымен қатар "ҚР КБП" БКҰ хатына сәйкес (2020 жылғы 27 тамыздағы кіріс № 13699 хат) CPA EURASIA және CIPA бағдарламалары бойынша сертификаттау бір-бірін алмастырады.

      "ЕСЖБИ" ЖШС CPA EURASIA бағдарламасы бойынша сертификаттау қызметтерін ұсынады, өйткені "ҚР КБП" БКҰ оған сертификаттар беру бойынша өкілеттіктер берді.

      ХБФ ұсынымдары негізінде өтініш берушілер мен жауапкерлер сияқты мамандандырылған ұйымдар бухгалтер және аудитор мамандығына қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлейді және қолдайды, бухгалтерлер мен аудиторларды тестілеу және сертификаттау жүйелерін құруға және жүйелердің қызметіне қатысады. Өтініш берушілер мен жауапкерлер сәйкесінше CIPA/CAP және CPA EURASIA бағдарламалары бойынша оқыту жүргізу үшін оқу орталықтарын аккредиттейді.

      Іс материалдарында Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында CIPA/CAP және CPA EURASIA бағдарламалары бойынша бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау қызметтерінің бар-жоғы және айналымда болуы туралы ақпарат берілген.

      Іс материалдарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасына жүргізілген талдауға сәйкес CIPA/CAP және CPA EURASIA бағдарламалары бойынша бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет лицензияланбайтыны анықталды.

      Көрсетілген бағдарламалар шеңберінде ұсынылатын және іске асырылатын өтініш берушілер мен жауапкерлер ұсынатын кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау қызметтері және оларды көрсету тиісті мүше мемлекеттер деңгейінде де, Одақ құқығы деңгейінде де тұтастай бағдарлама, сол сияқты оның жеке бөліктері ретінде құқықтық тұрғыдан реттелмеген.

      Тиісті сертификаттау бағдарламасы талаптарының орындалғанын растайтын құжат (оның ішінде бейінді жоғары немесе арнаулы орта білімнің, қызмет бейіні бойынша өтілінің болуы, сондай-ақ алған білімдердің (емтихандардың) бақылаудан сәтті өтуі) сертификат болып табылады.

      Сертификат – оқыту мен сертификаттауды жүргізетін ұйым берген құжат.

      Сертификаттау – кәсіби қызмет үшін білімді, құзыреттілікті және дағдыларды анықтау мақсатында үміткерлерді оқыту және емтихан қабылдау жөніндегі іс-шара.

      CIPA/CAP және CPA EURASIA сертификаттары үміткердің өтініші негізінде (бухгалтерлердің кәсіби ұйымы беретін үміткердің мүшелігі, жұмыс тәжірибесі, білім деңгейі және сертификатты дайындау үшін төлеген төлемінің болуын растайтын анықтаманы қоса отырып), сол үшін көзделген барлық емтихандар тапсырылған жағдайда беріледі.

      Іс материалдарында ұсынылған құжаттарға, оның ішінде көрсетілген бағдарламалар шеңберінде қызметтер көрсету туралы шарттарға сәйкес үміткердің тиісті сертификаттаудан өтуі үшін қажетті қызметтер бір шарт, сол сияқты бөлек шарт шеңберінде бір шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) не әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) де көрсетуі мүмкін. Бұл ретте қызметтің көрсетілгенін және оның сертификаттау рәсімі үшін жеткілікті екенін растау сертификат беруді жүзеге асыратын ұйымның тиісті көрсетілетін қызметтерді берушіні аккредиттеуі болып табылады.

      Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, CIPA/CAP және CPA EURASIA бағдарламалары бойынша бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау қызметтерін (бұдан әрі тиісінше – қызметтер, тауар нарығы) өнім шекарасы ретінде қарастыру қажет.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу өлшемшарттарының (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2-тармағында, егер тауар нарығының географиялық шекаралары 2 және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтарын қамтыса, Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын қолдану мақсатында нарық трансшекаралық нарыққа жатады деп белгіленген. Өлшемшарттардың 3-тармағында шаруашылық жүргізуші субъектілердің Шарттың 76-бабының 2-тармағында белгіленген тыйым салуларды бұзуының жолын кесуді, егер іс-әрекеттері белгіленген тыйым салуды бұзатын шаруашылық жүргізуші субъекті және осындай әрекеттер жасау нәтижесінде оған зиян келтірілген немесе келтірілуі мүмкін не оның іскерлік беделіне нұқсан келтірілген немесе келтірілуі мүмкін шаруашылық жүргізуші бәсекелес субъекті (бәсекелестер) әртүрлі мүше мемлекеттердің аумақтарында тіркелген болса, Комиссия жүзеге асырады деп белгіленген. Көрсетілген тармаққа ескертпеде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты өлшемшарттардың көрсетілген ережелері тұлғалар тобына қолданылады деп ескертіледі.

      Іс материалдарына, оның ішінде істі қарау шеңберінде ұсынылған өтініш берушілер мен жауапкерлердің түсініктемелеріне сәйкес қызмет көрсету кезінде оларды ұсыну аумағы бойынша да, оларды алуға ниет білдірген адамның азаматтығы және (немесе) тіркеу орны бойынша да шектеулер болмағаны анықталды.

      Сонымен бірге іс материалдарына сәйкес көрсетілетін қызметтерді:

      Қазақстан Республикасында – "ҚР КПБ" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, ЕСБАК, "ҚРАП" КАҰ, "ҚББҰО" БКҰ;

      Қырғыз Республикасында – "СИПАЕН" мекемесі, "ҚКБАИ" ҚБ және "БАБ" ҚБ;

      Ресей Федерациясында – ЕСБАК, "СКБ" КЕС, сондай-ақ ЕСБАК мүшелері: "Сертификатталған жария бухгалтерлер институты" қосымша кәсіптік білім берудің дербес коммерциялық емес ұйымы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., Пыжевский тұйық көшесі, 7-үй, 2-құрылысжай, НМТН 1157700015395, тіркелген күні 25 қыркүйек 2015 ж., СТСН 7706427206), "Русский Дом Аудита" коммерциялық емес мемлекеттік емес кәсіби аудиторлық бірлестігі" коммерциялық емес серіктестігі (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., Мясницкая к-сі, 13-үй, 10-құрылысжай, НМТН 1047796251579, тіркелген күні 14 сәуір 2004 ж., СТСН 7708521980), "Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы" коммерциялық емес серіктестігі (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ., Смоленская к-сі, 9-үй, НМТН 1027804900375, тіркелген күні 14 шілде 1997 ж., СТСН 7810120161) жүзеге асырады және жүзеге асыруы мүмкін.

      Осылайша, сатып алушы (тапсырыс беруші) көрсетілетін қызметті сатып алады (тапсырыс береді) немесе көрсетілетін қызметті сатып алуға экономикалық, техникалық немесе өзге мүмкіндікке ие болады не көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының тауар нарығының географиялық шекараларында, яғни 2 және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтарында сатып алу орынды деп есептейді.

      Әдістеменің 26-тармағын басшылыққа ала отырып, Шарттың 74-бабы 2-тармағының, 76-бабы 7-тармағының, Хаттаманың 9-тармағының және Өлшемшарттардың 1 – 3-тармақтары негізінде іс материалдарында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарында барлық бағдарлама немесе оның жекелеген бөліктерінің көлемінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу және ұсыну мүмкіндігінің болуына-болмауына қарай, тауар нарығы трансшекаралық деп қорытынды жасауға болады.

      Баяндалғанды және тауар нарығы трансшекаралық болып табылатындығын ескере отырып, Шарттың 74-бабының 2-тармағының, Хаттаманың 9-тармағының және Өлшемшарттардың 3-тармағының негізінде, сондай-ақ өтініш берушілер Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында, ал жауапкерлер – Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында тіркелуіне байланысты Шарттың 76-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының ережелерін бұзушылықтардың жолын кесу Комиссияның құзыретіне жатады.

      Сондай-ақ, Шарттың 76-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын бұзушылықтың жолын кесу үшін тауар нарығының көлемін және оның шоғырлануын есептеудің заңдық маңызды салдарлардың жоқ екенін ескере отырып, мұндай есептеулер жүргізілген жоқ.

      Іс материалдарын негізге ала отырып, тауар нарығына кіру үшін еңсерілмейтін кедергілер белгіленбеген.

      Іс материалдарын қарау нәтижелері бойынша, оның ішінде істі қарауға қатысқан адамдарды тыңдау, аталған адамдардың дәлелдемелерін, пікірлері мен түсіндірмелерін зерттеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ іске қатысатын басқа да адамдар ұсынған дәлелдемелерге қатысты істі қарау жөніндегі комиссия отырыстарының шеңберінде мыналар белгіленді.

      2015 жылғы 23 қыркүйекте ЕСБАК басқармасы мынадай мазмұндағы хабар алды: "CIPA сертификаттау жүйесінің екі деңгейлі сертификаттарын алуға үміткер көптеген иелер мен кандидаттардың мүдделерін қорғау мақсатында "ҚР КБП" БКҰ сертификаттау жөніндегі ЕСБАК жұмысын жалғастырады. "ҚР КБП" БКҰ осы жұмысты жалғастыру үшін "ЕСЖБИ" ЖШС-ға сертификаттар беру бойынша өкілеттік берді.

      Іс материалдарына сәйкес "ЕСЖБИ" ЖШС-нің жарғысына сәйкес "ҚР КБП" БКҰ оның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.

      2015 жылғы 22 желтоқсанда "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде (бұдан әрі – Интернет желісі) http://elitelegal.kz/ru/news/palata-professionalnyh-buhgalterov-respubliki-kazahstan-stala-edinstvennym-vladelcem мекенжайы бойынша адамдардың беймәлім тобы үшін мынадай мазмұндағы ақпараттық хабар орналастырылды: "Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (IFAC) мүшесі "ҚР КБП" БКҰ (CPARK) "ЕСЖБИ" ЖШС-мен (EICPA) бірлесіп Қазақстан Республикасында CIPA бағдарламасы бойынша бірінші және екінші деңгейдегі сертификаттарды беруге құқығы бар жалғыз ұйым болып табылады. CIPA бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру енді "ҚР КБП" БКҰ мүшелеріне ғана есептеледі. Қазақстанның басқа ұйымдарында 2015 жылғы 15 қыркүйекке дейін алған бірінші және екінші деңгейдегі CIPA сертификаттарының иелері үшін ЕСБАК-пен бірлесіп оларды "ҚР КБП" БКҰ мүшелігіне кірген кезде EICPA институтымен ("ЕСЖБИ" ЖШС) қайта шығару көзделген. "ҚР КБП" БКҰ-ға ЕСБАК, "ЕСЖБИ" ЖШС (EICPA) орнына CIPA сертификаттарын беру құқығы берілді. "ЕСЖБИ" ЖШС өз құқықтарын жүзеге асыруға кірісті және 2015 жылғы 15 қыркүйекте "ҚР КБП" БКҰ және басқа елдердің бухгалтерлерінің кәсіби ұйымдарымен бірлесіп алғашқы CIPA сертификаттарын берді. CIPA бағдарламасының ресми сайты www.cipaprogram.org. доменінде орналасқан. CIPA бағдарламасының әрбір қатысушысы EICPA институтына ("ЕСЖБИ" ЖШС) info@eicpaglobal.com (электрондық мекенжайдың әкімшісі "ЕСЖБИ" ЖШС болып табылады) электрондық мекенжайға сертификаттың сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, сұрау жіберу арқылы өз сертификатының жарамдылығын тексерте алады. CPARK ("ҚР КБП" БКҰ), EICPA ("ЕСЖБИ" ЖШС), CIPA баспасөз қызметі.

      Нотариус И.А. Никифоровтың 2021 жылғы 18 ақпандағы дәлелдемелерді қарау хаттамасына сәйкес жоғарыда аталған жарияланым тексеру хаттамасын жасау күніне, оның ішінде істі қарау жөніндегі комиссия отырысы аяқталған күнге белсенді болғанын атап өткен жөн.

      Осылайша, 2015 жылғы 15 қыркүйекке дейін ЕСБАК-пен бірлесіп алынған 1-ші және 2-ші деңгейдегі CIPA сертификаттарын қайта шығару қажет екендігі жөнінде адамдардың беймәлім тобы хабардар етіледі. Сертификатты қайта шығару үшін "ҚР КБП" БКҰ мүшелігіне кіру қажет. Қайта шығару үшін "ҚР КБП" БКҰ мүшелігіне кіру талап етілетіндіктен, ақпараттандыру 1-ші және 2-ші деңгейдегі CIPA сертификаттарының барлық иелеріне, оның ішінде оларды ЕСБАК-пен бірлесіп алған, бірақ "ҚР КБП" БКҰ мүшелері болып табылмайтын иелеріне жіберілуі мүмкін.

      Бұл жарияланымда сертификаттарды қайта шығаруға құқығы бар тұлғалар (атап айтқанда, "ҚР КБП" БКҰ, ол өз кезегінде "ЕСЖБИ" ЖШС-ға CIPA сертификаттарын беру құзыретін береді) және сертификаттың жарамдылығын салыстыру үшін "ЕСЖБИ" ЖШС электрондық пошта жәшігі көрсетіледі (info@eicpaglobal.com). CIPA бағдарламасының ресми сайтының (www.cipaprogram.org) бар екендігі атап өтіледі, ол өз кезегінде "СИПАЕН" мекемесіне тиесілі.

      Нотариус И.А. Никифоров 2021 жылғы 18 ақпанда басқарушылық есеп теориясы мен практикасына арналған сайтта (GAAP.RU) жарияланымды қарау хаттамасын жасады, онда мынадай мазмұндағы хабар жарияланды: "2015 жылғы 20 қазанда .... CIPA сертификаттау жүйесіне барлық қатысушылардың назарына. www.cipaprogram.org интернет-порталы CIPA сертификаттау ресми ақпараттық алаңы болып табылады. Сертификаттау туралы барлық нақты және сенімді ақпарат осы сайтта жарияланады. "ЕСЖБИ" ЖШС-мен бірлесіп CIPA сертификаттарын беруге құқығы бар кәсіби ұйымдардың тізімі осы сайтта жарияланады".

      Іс материалдарында адамдардың беймәлім тобына арналған мынадай мазмұндағы "ЕСЖБИ" ЖШС-нің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 5 хаты ұсынылған: "Барлық мүдделі тұлғаларға! Осы хатпен "ҚКБАИ" ҚБ CIPA бағдарламасының құқық иеленушісі болып табылатын "ЕСЖБИ" ЖШС-нің мүшесі екенін растаймыз. "ЕСЖБИ" ЖШС-ға мүшелік "ҚКБАИ" ҚБ-ға өзінің кәсіби ұйымына кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды қабылдау, CIPA халықаралық кәсіби бағдарламалары бойынша сертификаттау жүргізу, "ЕСЖБИ" ЖШС-мен бірлесіп CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттар шығару және қайта шығару, сертификаттарды қолдау, оқыту, оқу орталықтарын аккредиттеу және Қырғыз Республикасының аумағында CIPA бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыруды жүргізу құқығын береді. "ЕСЖБИ" ЖШС мүшесі ғана бұрын шығарылған барлық сертификаттарды қолдауға құқылы болғандықтан, "ЕСЖБИ" ЖШС "ҚКБАИ" ҚБ-мен бірлесіп CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттарды қайта шығаруды тегін жүзеге асырады".

      Осылайша, "ЕСЖБИ" ЖШС атынан адамдардың беймәлім тобы сертификаттауды (оның ішінде тегін қайта шығаруды қоса алғанда, бұрын шығарылған барлық сертификаттарды қолдауды) оның серіктесі "ҚКБАИ" ҚБ жүргізуге құқығы бар екендігі жөнінде хабардар етілді.

      Сонымен қатар, "ҚКБАИ" ҚБ 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 6 хатпен CIPA бағдарламасына кіретін пәндерді оқыту бойынша қызметтер тек Қырғыз Республикасының аумағында көрсетілетінін хабарлады. Басқа мүше мемлекеттерде оқыту жүргізілген жоқ. Әр курстың соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі. "ҚКБАИ" ҚБ берген сертификаттар нөмірленбейді, қолданылу мерзімі болмайды және тоқтатылмайды.

      Өтініш берушілер нотариус И.А. Никифоров жасаған 2021 жылғы 7 қыркүйектегі http://cipaprogram.org/engine/modules/certificates.php парақшасын тексеру хаттамасын ұсынды. Осы сілтеме бойынша жеке тұлғалардың аты-жөні, СН, сертификат нөмірі және оны алған күні көрсетілген тізілімдер жасалды. Бұл дерекқорда (тізілімдерде) әртүрлі мәртебелері, атап айтқанда: "жарамды", "тоқтатылған" және "күші жойылған" мәртебелері бар САР және CIPA сертификаттары көрсетілген.

      "БАБ" ҚБ 2022 жылғы 4 наурыздағы № 14 хатында www.cipaprogram.org сайтында "тоқтатылған" мәртебесі бар сертификаттар жарамды болып табылады деп түсіндірді, өйткені оларды берген "БАБ" ҚБ оларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамады. Бұл тізілімде "БАБ" ҚБ мүшелерінің, сертификат иелерінің 288 тегі қамтылған. 22 мүше CIPA бағдарламасының 2 деңгейі бойынша сертификаттарға ие, ал тоқтатылған сертификаттардың жалпы саны – 310. Осы тізілімдерде көрсетілген барлық сертификаттарды "БАБ" ҚБ өз өкілеттіктері шеңберінде берген. "БАБ" ҚБ "СИПАЕН" мекемесі мен "ҚКБАИ" ҚБ-ның "БАБ" ҚБ берген сертификаттар туралы ақпаратты жариялауға, соның ішінде олардың қолданысын тоқтата тұруға және күшін жоюға өкілеттігі жоқ деп санайды.

      Мысалы, "БАБ" ҚБ президенті Э.Т. Таранчиев САР сертификатын 2003 жылы алған, өз сертификатын "тоқтатылды" мәртебесі бар жауапкерлердің дерекқорында (тізілімдерінде) көріп, "СИПАЕН" мекемесіне осы тізімде "СИПАЕН" мекемесіне қатысы жоқ құжаттың пайда болу себебін түсіндіру жөнінде сұрау салу жіберді. Алайда жауап алынған жоқ.

      Жауапкерлердің дерекқорында (тізілімдерінде) "БАБ" ҚБ атқарушы директоры В.В. Гетман да көрсетілген. Оның сертификаты "тоқтатылды" мәртебесіне ие. Түсініктемеге сәйкес, сертификат 2004 жылғы 15 тамызда берілген (СН0E8C58KH, сертификат нөмірі 0000003), нотариалды тексеру күніне (2021 жылғы 7 қыркүйек) сертификат "тоқтатылды" мәртебесінде болған. Алайда ол жауапкерлерден сертификат алған жоқ және жауапкерлер аккредиттеген ұйымдарда оқудан өткен жоқ. Ол жауапкерлердің бірде-бір ұйымының мүшесі болған емес және мүшесі емес. Демек, жауапкерлердің дерекқорында (тізілімдерінде) көрсетілген ол туралы деректер, оның ішінде оның сертификаты туралы деректер анық болап табылмайды.

      2017 жылғы 7 мамырда "БАБ" ҚБ атқарушы директоры В.В. Гетман өзінің getman.valeria@gmail.com электрондық поштасына no-reply3@cipaprogram.org (мекенжай иесі "СИПАЕН" мекемесі) мекенжайынан мынадай мазмұндағы хабар алды: "Құрметті Қырғызстандағы CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттардың иегерлері. CIPA сертификаттау бағдарламасының және CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттардың халықаралық дерекқорының жалғыз құқық иегері "ЕСЖБИ" ЖШС болып табылады.... CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттар шығаруды және сертификаттардың халықаралық базасында тіркеуді құқық иеленуші – "ЕСЖБИ" ЖШС жүзеге асырады және "ЕСЖБИ" ЖШС-мен шарт бойынша жергілікті кәсіптік ұйым қолдау көрсетеді... CIPA сертификаттары Қырғызстандағы CIPA бағдарламасы бойынша емтихандарды өткізу жөніндегі ресми әкімшіден: "СИПАЕН" (CIPAEN) мекемесінен, CIPA бағдарламасының ресми интернет-ресурсынан: www.cipaprogram.org емтихандарды тапсыру расталған кезде ғана беріледі. "ҚКБАИ" ҚБ екі деңгейлі сертификаттарды қайта шығаруды тегін жүзеге асырады. Сіздің сертификаттарыңыздың барлық бастапқы тіркеу деректері сақталады, қайта шығару сертификаттарға одан әрі қолдау үшін жүзеге асырылады... CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттарды қайта шығару, қалпына келтіру және шығару мәселелері бойынша "ҚКБАИ" ҚБ-ға жүгіну қажет... ipba@uchet.kg... "ЕСЖБИ" ЖШС баспасөз орталығы (EICPA)".

      2019 жылғы 24 мамырда В.В. Гетман өзінің getman.valeria@gmail.com электрондық поштасына no-reply3@cipaprogram.org мекенжайынан (мекенжай иесі "СИПАЕН" мекемесі) жіберілген мынадай мазмұндағы хабар алды: "Құрметті Қырғызстандағы CIPA бағдарламасына қатысушылар! ...CIPA бағдарламасының www.cipaprogram.org ресми сайтында CIPA бағдарламасына қатысушы кез келген елдің кез келген қатысушысы CIPA бағдарламасының орталық базасында өзінің деректері мен емтихан нәтижелеріне дербес қол жеткізе алады. CIPA екі деңгейлі сертификаттары Қырғызстандағы CIPA бағдарламасы бойынша емтихандарды өткізу жөніндегі ресми провайдерден: CIPAEN (cipakg@cipaprogram, ресми сайт: www.cipaprogram.org) емтихандарды тапсырғаны расталған кезде ғана беріледі. CIPA бағдарламасы бойынша бұрын берілген сертификаттарды сертификаттау және қолдау мәселелері бойынша "ҚКБАИ" ҚБ ipba@uchet.kg; www.uchet.kg. кәсіби ұйымына жүгіну қажет. "ЕСЖБИ" ЖШС (CIPAEN)" Баспасөз-орталығы.

      Іс материалдарына сәйкес 2017 – 2020 жылдар аралығында CIPA сертификаттары иелеріне электрондық пошта мекенжайларына мынадай мазмұндағы хабарлар келіп түсті: "...Қайырлы күн, Сіз CAP және CIPA халықаралық сертификаттарының иегері болғандықтан, хабарлама-хат жіберіп отырмыз", сондай-ақ "САР және CIPA сертификаттары иелерінің назарына! "ҚР КБП" БКҰ "ЕСЖБИ" ЖШС-мен бірлесе отырып, бірінші деңгейдегі (САР) және екінші деңгейдегі (CIPA II) CIPA сертификаттарын өзектендіру бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлайды... І және ІІ деңгейдегі CIPA сертификаттары бар барлық бухгалтерлер міндетті пәндер бойынша біліктілікті арттыру жөніндегі декларацияны тапсыра отырып сертификат мәртебесін растаулары тиіс. Расталмаған жағдайда сіздің сертификатыңыздың мәртебесі "күші жойылды" болып өзгертіледі. https://www.cipaprogram.org/engine/modules/ certificates.php. Барлық сұрақтар бойынша "ҚР КБП" БКҰ телефондарына хабарласуға болады.

      Сонымен қатар, жауапкерлер www.cipaprogram.org. сайтындағы дерекқорда (тізілімдерде) орналастырылған сертификаттардың күшін жою немесе тоқтата тұру негіздемесін растайтын құжаттарды ұсынбады

      Іс материалдарына сәйкес мұндай хабарлар, мысалы, sales19@cpark.kz ("ҚР КБП" БКҰ тиесілі) мекенжайынан gen369@mail.ru және a.gaiduk.eccaa@mail.ru (сертификат иелері) мекенжайыларына жіберілген.

      "СИПАЕН" мекемесі 2022 жылғы 9 ақпандағы хатпен жөнелтім жіберілмегенін хабарлады, бұл ретте әрбір адам сайтқа (www.cipaprogram.org) жазылу арқылы жаңалықтарға жазылып, өз қалауы бойынша олардан бас тарта алады. www.cipaprogram.org сайтында CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттау туралы жалпы сипаттағы ақпарат орналастырылады.

      2022 жылғы 13 сәуірдегі № 2/04 хатпен "СИПАЕН" мекемесі www.cipaprogram.org. сайтында тіркелген электрондық пошта мекенжайлары ғана оларға тиесілі екенін хабарлады. Бұл ретте no-replay@cipaprogram.org, no-eplay1@cipaprogram.org, no-replay3@cipaprogram.org, no-replay4@cipaprogram.org, no-replay7@cipaprogram.org, noreplaycipaen@cipaprogram.org электрондық мекенжайлары оларға жауап беру мүмкіндігінсіз хабарлау үшін жасалған, олар жаңалықтарға жазылған адамдардың мекенжайларына ақпараттық хаттар жіберу функциясын орындайды. Жаңалықтарды жіберу кезінде осы мекенжайларды пайдалануды бағдарламаның роботтық алгоритмі жеке тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырады. cipa@cipaprogram.org және cipakg@cipaprogram.org мекенжайлары "СИПАЕН" мекемесінің менеджерлеріне тиесілі.

      Сондай-ақ, "СИПАЕН" мекемесі өз қызметі барысында оның электрондық мекенжайларына рұқсатсыз кіру (бұзу) және "СИПАЕН" мекемесінің мекенжайлары атынан жалған хаттар жіберу жағдайлары орын алғанына назар аударады. Хатты жіберудің (алудың) әрбір нақты жағдайында хаттың метадеректерін (оның уақытша атрибуттары, IP мекенжайын) анықтау қажет. Әдетте, бұл сараптамалық қорытындының нәтижесінде жасалады.

      Істі қарау барысында "СИПАЕН" мекемесі бұзып кіру дәлелдемелерін, оның ішінде бұзылған пошта жәшіктерінің мекенжайларын, ол қай кезеңде анықталғанын және қандай шаралар қабылданғанын ұсынбағанын айта кеткен жөн.

      Сондай-ақ, "ҚР КБП" БКҰ оның мекенжайларынан жаңалықтарға жазылған адамдарға жауап беру мүмкіндігінсіз ақпараттық хаттар (жаңалықтар) жіберілетінін атап өтті.

      Сонымен бірге, істі қарау жөніндегі комиссия жауапкерлер бермеген сертификаттар иелерінің пошта мекенжайларына жіберулерді жауапкерлер жасамағанын растайтын құжаттарды жауапкерлер ұсынбаған деп санайды.

      Осылайша, осы хабарларда "ҚР КБП" БКҰ "ЕСЖБИ" ЖШС-мен бірлесіп CIPA сертификаттарын өзектендіру бойынша жұмысты жалғастырып жатқаны, сондай-ақ сертификаттар дерекқорының (тізілімдерінің) жалғыз иесі "ЕСЖБИ" ЖШС болып табылатындықтан, ол өзімен не жергілікті ұйыммен шарт бойынша сертификаттардың дерекқорында (тізілімдерінде) тіркеуді жүзеге асыратындығы көрсетілген. Сертификаттарды қайта шығаруды "ҚКБАИ" ҚБ жүзеге асырады, ал сертификаттардың орталық дерекқоры (тізілімдері) "СИПАЕН" мекемесінің сайтында орналасқан.

      Сонымен қатар, 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 26-п хатпен RSM KGZ басқарушы серіктесі Ф. Саидов "БАБ" ҚБ президенті Э.Т. Таранчиевтің атына мынадай мазмұндағы өтініш жолдады: "Біздің қызметкерлер БАБ мүшелері болып табылады және жарналарды тұрақты төлейді. Бізге келіп түскен ақпаратқа қатысты жағдайды түсіндіруді сұраймыз. www.cipaprogram.org сайтында аталған компания қызметкерлерінің сертификаттарының қолданылуы тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланды (Г.Т. Атанованың, Д.И. Керимкулованың (2 сертификат), Г.Т. Борбугулованың САР/CIPA сертификаттары), сонымен бірге "БАБ" ҚБ сайтында жоғарыда аталған сертификаттар жарамды болып саналады".

      www.cipaprogram.org сайтында дерекқорда (тізілімдерде) орналастырылған жалған, анық емес немесе бұрмаланған ақпараттың дәлелі ретінде ЕСБАК берген сертификаттардың көшірмелерін (В.В. Гетман, А.Н. Мельникова, Е.С. Гребенщикова, И.Г. Абсалямова, Т.Ф. Кутепова) ЕСБАК ұсынды. Бұл ретте жауапкерлер істі қарау жөніндегі комиссияға көрсетілген сертификаттарды өздері бергенін растайтын, оның ішінде дерекқорда (тізілімдерде) өтініш берушілер берген сертификаттар туралы ақпарат қандай себептер бойынша орналастырылғаны туралы ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) ұсынбаған. Сонымен бірге жауапкерлер істі қарау жөніндегі комиссияға жосықсыз бәсекелестік белгілерін жою жөніндегі шаралардың қабылданғанын растайтын құжаттарды, атап айтқанда өтініш берушілер берген сертификаттар туралы ақпаратты дерекқорлардан (тізілімдерден) жою бұйрықтары мен өзге де актілерін ұсынбады.

      Істі қарау жөніндегі комиссия дерекқорда (тізілімдерде) көрсетілген тұлғалардың тізімдерін зерделеді, оларға сәйкес берілген күні "1900 жыл" деп жазылған 200-ден астам сертификаттың "жарамды" және "тоқтатылды" мәртебесі бар. Сонымен қатар, дерекқорда (тізілімдерде) көптеген сертификаттардың СН жоқ. Бұл дерекқорда (тізілімдерде) жалған, анық емес немесе бұрмаланған ақпарат орналастырылуы мүмкін екенін көрсетеді.

      ЕСБАК 2022 жылғы 23 наурыздағы № 08-22 хатында жауапкерлерге ЕСБАК-қа мүше ұйымдар берген сертификаттар туралы ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жариялауға, сондай-ақ ЕСБАК және (немесе) ЕСБАК-қа мүше ұйымдар берген сертификаттарды қайта шығаруға, тоқтата тұруға, күшін жоюға құқық бермегенін хабарлады.

      ЕСБАК өтініші бойынша істі қарауға мәліметтері бар тұлға ретінде Қазақстан Республикасының азаматы Э.Т. Дайрашева тартылды, өйткені "СИПАЕН" мекемесінің сайтында орналастырылған дерекқорда (тізілімдерде) "күші жойылды" мәртебесі бар Э.Т. Дайрашеваның сертификаты бар. Оның түсініктемесіне сәйкес 2008 жылғы 31 желтоқсанда оған № 0011319 САР сертификаты берілген. Бұл ретте www.cipaprogram.org сайтында ол өзінің сертификаты туралы ақпараттың дәл көрсетілмегенін, атап айтқанда оның сертификатына "күші жойылды" деген мәртебе берілгенін анықтады, бірақ бұл туралы оған ешкім жазбаша да, ауызша да хабарлаған жоқ. Сонымен қатар, Э.Т. Дайрашева әр 3 жыл сайын 120 және одан да көп сағат біліктілікті арттыру бойынша семинарларға қатысады, барлық сертификаттарды әр 3 жыл сайын растайды және "ҚББҰО" БКҰ мүшелік жарналарын төлейді, бұл ретте жауапкерлерге қатысы жоқ.

      "СКБ" КЕС іс материалдарына сәйкес ЕСБАК-тың толық мүшесі ретінде ЕСБАК жалпы жиналысының 2010 жылғы 27 сәуірдегі шешімі негізінде CIPA сертификаттау бағдарламасы бойынша оқыту және біліктілік емтихандарына даярлау саласындағы қызметті жүзеге асыратын оқу орталықтарын аккредиттеуге құқылы.

      "СКБ" КЕС 2022 жылғы 31 наурыздағы № 05/22-СРА хатпен CIPA сертификаттау туралы ереженің 11.2-бабына сәйкес (Халықаралық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлар кеңесі мүшелерінің жалпы жиналысы 2002 жылғы 31 желтоқсанда бекіткен, өзгерістер мен толықтыруды ЕСБАК мүшелерінің жалпы жиналысы 2005 жылғы 28 қыркүйекте бекіткен) ЕСБАК атқарушы дирекциясы сертификаттауды ұйымдастыруды және жүргізуді (кәсіби ұйымдардан өтініштерді уақтылы жинау, кәсіби ұйымдарға сертификаттарды сапалы және уақтылы дайындау және беру, берілген сертификаттар тізілімін жүргізу) қамтамасыз ететінін хабарлады.

      Бұдан басқа, көрсетілген Ереженің 14-бабында берілген сертификаттың қолданысы, егер сертификат иесінің кәсіби ұйымға мүшелігі тоқтатылған, бірақ осы ұйымның жарғысына сәйкес тоқтатылмаған жағдайда, тоқтатылады. Берілген сертификаттың күші ЕСБАК мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымға сертификат иесінің мүшелігі тоқтатылған жағдайда жойылады.

      Сертификатының күші жойылған немесе тоқтатылған адам өз қолтаңбаларында CAP немесе CIPA аббревиатурасын қолдануға және өзін CAP және CIPA біліктілігі бар немесе CAP және CIPA сертификаттарына ие тұлға ретінде ұсынуға құқылы емес. Сертификаттың қолданысын ЕСБАК атқарушы дирекциясына кәсіби ұйым берген өтініш бойынша ЕСБАК атқарушы дирекциясы тоқтата тұрады (күшін жояды). Өтінішті қарағаннан кейін ЕСБАК атқарушы дирекциясы осындай өтінішті қараған күннен бастап 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде ЕСБАК төрағасы қол қойған тиісті бұйрықты дайындайды және шығарады, ЕСБАК ресми сайтында берілген сертификаттар тізіліміне түзету енгізеді және өтініш берген кәсіби ұйымды шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

      2002 жылғы 31 желтоқсандағы CIPA сертификаттау туралы ережеде ЕСБАК ресми сайтында берілген сертификаттар тізілімін жүргізу көзделген, алайда іс жүзінде берілген сертификаттар тізілімін ЕСБАК Интернет желісінде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламай жүргізеді. ЕСБАК берген сертификаттардың тізілімі осы тізілімді жариялау және оны (www.eccaa.org) сайтта жүргізу тәртібі туралы ЕСБАК шешімінің болмауына байланысты ешқашан ЕСБАК ресми сайтында (www.eccaa.org) жарияланбаған. Сондай-ақ ЕСБАК www.cipaprogram.org сайтында ЕСБАК берген сертификаттардың тізілімін жариялау туралы шешім қабылдаған жоқ.

      Барлық елдер бойынша берілген сертификаттардың орталық дерекқорына (тізіліміне) ЕСБАК атқарушы директоры және ЕСБАК төрағасы қол жеткізе алады. ЕСБАК-қа мүше ұйым ЕСБАК берген сертификаттардың орталық дерекқорына (тізілімдеріне) қол жеткізе алмайды, бірақ оның дұрыстығын тексеру мақсатында ЕСБАК-тан нақты сертификат бойынша ақпарат сұратуға құқылы.

      "СИПАЕН" мекемесі 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 1/4 хатта Қырғызпатентінің № 15306 куәлігі және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) № 1359932 және № 1408102 куәліктері бойынша СIPA тауар белгілеріне меншік құқығы www.cipaprogram.org сайтында сертификаттар тізілімдерін орналастырудың құқықтық негіздері болып табылады деп хабарлады.

      Істі қарау жөніндегі комиссияның пікірінше, жауапкердің сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлар туралы ақпаратты олардың тауар белгілеріне және бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттаудың бір аттас бағдарламаларына ие болуы негізінде дерекқорға (тізілімдерге) орналастыру құқығына қатысты дәлелдері орынсыз. Істі қарау жөніндегі комиссия тауар белгісінің болуы дерекқорда (тізілімдерде) қандай да бір сертификаттың мәртебесіне қатысты жалған, анық емес немесе бұрмаланған ақпараттың орналастырылғанын түсіндірмейді және жоққа шығармайды деп пайымдайды.

      Бұдан басқа, іс материалдарына сәйкес "СИПАЕН" мекемесі 2013 жылғы 27 наурыздағы ЕСБАК пен "СИПАЕН" мекемесі арасындағы қызметтер көрсету шартының 1.2.7-тармағының және 2015 жылғы 21 мамырдағы "ЕСЖБИ" ЖШС мен "СИПАЕН" мекемесі арасындағы қызметтер көрсету шартының 1.2.7-тармағының негізінде сертификаттардың дерекқорын (тізілімдерін) жүргізді.

      2022 жылғы 28 сәуірдегі № 16-22 хатта ЕСБАК 2013 жылғы 27 наурыздағы қызмет көрсету шарты өзінің және "СИПАЕН" мекемесі арасында жасалмағанын хабарлады. Өтініш берушілердің түсіндірмелеріне сәйкес, ЕСБАК-қа мүше ұйымдардың жалпы жиналысы осы шартты жасасу туралы шешім қабылдаған жоқ. ЕСБАК атынан шарт жасасқан А.Х. Валиеваның (осы уақытта "ҚР КБП" БКҰ басқармасының төрағасы болған) осы шартты жасасуға құқығы болмады, өйткені мұндай шарттарды жасасу мәселелерін ЕСБАК-қа мүше ұйымдар тікелей шешеді, ол туралы тиісті хаттама жасалады, соның негізінде ЕСБАК атынан шарттар жасалады. 2013 жылғы 27 наурыздағы аталған шартта осындай шартқа қол қою туралы шешім қабылданғаны жөнінде ЕСБАК-қа мүше ұйымдардың жалпы жиналысының хаттамасына сілтеме жоқ.

      Іс материалдарына сәйкес 2015 жылғы 21 мамырдағы "ЕСЖБИ" ЖШС мен "СИПАЕН" мекемесі арасындағы шарт бойынша тапсырыс беруші, атап айтқанда "ЕСЖБИ" ЖШС, орындаушыға тапсырады, ал 1.2.1-тармаққа сәйкес "СИПАЕН" мекемесі атынан орындаушы CIPA бағдарламалары бойынша Қырғыз Республикасының аумағында емтихандарды ұйымдастыруға және әкімшілендіруге айрықша құқық және Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Грузияның, Молдова Республикасының, Украинаның және Беларусь Республикасының аумақтарында емтихандарды әкімшілендіруді ұйымдастыру, сондай-ақ 1.2.7-тармаққа сәйкес "СИПАЕН" мекемесінің орталық дерекқорын (тізілімдерін) әкімшілендіру құқығын алады. "СИПАЕН" мекемесі берілген CIPA сертификаттары туралы ақпаратты көрсетілген шартқа сәйкес дерекқорға (тізілімдерге) енгізді.

      ЕСБАК ұсынған ақпаратқа сәйкес ол "ЕСЖБИ" ЖШС-ға өз өкілі ретінде әрекет етуге өкілеттік берген жоқ және ол оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды, сондай-ақ ЕСБАК аталған серіктестікті CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттау үшін қажетті көрсетілетін қызметтерді ұсынуға аккредиттемеген.

      Істі қарау барысында жауапкерлер өздері бермеген сертификаттар туралы, яғни өтініш берушілер берген сертификаттар туралы мәліметтерді өздерінің дерекқорына (тізілімдеріне) енгізу, оның ішінде олардың мәртебесін тоқтата тұру немесе жою туралы құқығын растайтын ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) ұсынбады.

      Жауапкерлердің түсініктемесіне сәйкес CIPA сертификатын қайта шығаруды "СИПАЕН" мекемесі иесінің қалауы бойынша, ол біліктілікті арттыруға жауапты бухгалтерлердің кәсіби ұйымына мүше болған жағдайда, ерікті негізде жүргізеді. Сертификатты қайта шығаруды жүзеге асыру үшін бухгалтер өзі мүше болып табылатын бухгалтерлердің кәсіби ұйымына жүгінуі керек. Соңғысы, өз кезегінде, "СИПАЕН" мекемесіне қайта шығару үшін жүгінеді. Қайта шығарылған сертификаттың нөмірі бұрын шығарылғандай өзгеріссіз қалады, тек жаңа шығарылған күні (қайта шығарылған күні) көрсетіледі.

      2022 жылғы 24 ақпандағы № 20220224/2_ЕЭК хатқа сәйкес "ҚР КБП" БКҰ бухгалтерлерді сертификаттаумен айналыспайды "ҚР КБП" БКҰ CIPA сертификаттарын беру бойынша өкілеттіктерді CIPA тауар белгілерін құқық иелену кезеңінде "ЕСЖБИ" ЖШС-ға берді, ол CIPA сертификаттарын 2015 жылғы 16 қыркүйектен бастап 2017 жылғы 9 қарашаға дейін CIPA тауар белгілеріне құқық иелену кезеңінде берді.

      Өтініш берушілердің түсініктемелеріне сәйкес "ҚР КБП" БҚУ және "ЕСЖБИ" ЖШС қызметтерді көрсететінін теріске шығарып отыр, алайда олар қызметтерді көрсетеді. Өтініш берушілер іс материалдарына дәлелдеме ретінде жауапкерлердің мына оқу орталықтарын: 2020 жылғы 5 шілдеде "Үздіксіз кәсіби даму академиясы" ЖШС, 2017 жылғы 9 қарашада № 010 "ҚЭДХО-Қазақстан" ЖШС аккредиттеу туралы куәлік ұсынды.

      Өтініш берушілер 2021 жылғы 20 қаңтардағы "ҚР КБП" БКҰ сайтын қараудың нотариалды куәландырылған хаттамасын ұсынды, онда мынадай ақпарат қамтылды: "CPA EURASIA және CIPA қашықтан оқыту 30 қыркүйекке дейін небәрі 155 000 теңге".

      ЕСБАК ұсынған мәліметтерге сәйкес "ЕСЖБИ" ЖШС 2021 жылғы қарашада ұйымдардың бірінші басшыларына (тұлғалардың беймәлім тобына) жолданған CIPA бағдарламасы бойынша оқыту туралы ақпаратты қамтитын 2022 жылға арналған коммерциялық ұсынысты таратуды жүзеге асырды.

      Өтініш берушілер "СИПАЕН" мекемесі 2021 жылғы 26 қарашада CIPA бағдарламасы бойынша 2022 жылға арналған емтихандарға тіркелуді бастағанын көрсетті. Бұл ретте осы хабарландырудың мәтінінде мыналар көрсетілген: "Назар аударыңыз! "Байланыс" бөлімінде көрсетілген ұйымдар ғана CIPA бағдарламасы бойынша емтихан желісінің ресми өкілдері болып табылады. CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттар CIPA бағдарламасы бойынша емтихандарды өткізу жөніндегі ресми өкілдерден емтихандарды тапсыру расталған кезде ғана беріледі". "Байланыс" бөлімінде Қазақстан Республикасындағы ресми өкіл ретінде "Біліктілікті бағалау орталығы" ЖШС көрсетілген, оның заңды мекенжайы "ҚР КБП" БКУ және "ЕСЖБИ" ЖШС мекенжайларымен бірдей.

      Өтініш берушілердің пікірінше, аталған фактілер жауапкерлердің қызмет көрсету нарығындағы қызметін растайды, бұл оларды ЕСБАК пен оған мүше ұйымдармен бәсекелестік қатынастарға қояды.

      ЕСБАК CIPA сауда белгілері бойынша ауыртпалық бар елдерде бағдарламаның дамуы өтініш берушілер үшін қиын екенін түсіндірді. ЕСБАК-қа мүше ұйымдар CIPA сертификаттау жүйесі қызметін тоқтата тұруға не сотта жеңілген жағдайда жеке тұлғалар (CIPA бағдарламасына қатысушылар) зардап шекпеуі үшін оны басқаша жүргізуге немесе ДЗМҰ құқық иесі ретінде белгілеген заңды тұлғадан талап-арыз алу тәуекеліне бара отырып, CIPA бойынша қызметті жалғастыруға мәжбүр болады. Бұл ретте CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттау иелерінің жалпы саны 2012 жылдан бастап үнемі төмендеп келеді.

      "ЕСЖБИ" ЖШС-нің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 20220225/2_ЕЭК хатына сәйкес берілген CIPA сертификаттарының тізілімі жүргізілген жоқ, өйткені бұл құқық "СИПАЕН" мекемесіне тиесілі болды. Берілген CIPA сертификаттары туралы ақпарат "СИПАЕН" мекемесінің дерекқорында (тізілімдерінде) қамтылған.

      "СИПАЕН" мекемесінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 1/03 хатына сәйкес (2022 жылғы 17 наурыздағы кіріс №4883) www.cipaprogram.org сайтында "Сертификаттарды іздеу" бөлімінде http://cipaprogram.org/engine/ modules/certificates.php сілтемесі бойынша CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттар туралы ақпарат орналастырылады. CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттар көпжақты келісімге қатысушы кәсіби ұйымның өтініші бойынша шығарылады. CIPA бағдарламасы бойынша сертификатты шығару және оның қолданылуын тоқтата тұру (күшін жою) тәртібіне қойылатын талаптар 2021 жылғы 11 қаңтардағы CIPA Сертификаттау туралы ережеде айқындалған. Оған сәйкес CIPA сертификатын алуға үміткер бухгалтерлердің және (немесе) аудиторлардың бірлестігі болып табылатын, кәсіби белгісі бойынша мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымның (бұдан әрі – кәсіби ұйым) – бухгалтерлердің және (немесе) аудиторлардың кәсіби ұйымының мүшесі болуға тиіс. Кәсіби ұйымның "СИПАЕН" мекемесімен CIPA сертификатын тану және қолдау туралы жазбаша келісімі болуы керек. "СИПАЕН" мекемесі екі деңгей бойынша білікті сертификаттауды (САР/CIPA) жүргізеді.

      "СИПАЕН" мекемесі кәсіби ұйымдарға сертификаттар беруді, берілген сертификаттар тізілімін жүргізуді, "СИПАЕН" мекемесінің ресми сайтында тізілімді жариялауды қамтамасыз етеді. Егер тұтынушының кәсіби ұйымға мүшелігі тоқтатылған, бірақ осы ұйымның жарғысына сәйкес тоқтатылмаған жағдайда, берілген сертификаттың қолданылуы тоқтатылады. Тұтынушының кәсіби ұйымға мүшелігі тоқтатылған жағдайда сертификат күшін жояды. Сертификаттың қолданылуы кәсіби ұйымның өтініші бойынша тоқтатылады немесе жойылады.

      "СИПАЕН" мекемесі 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 03 хатпен Қазақстан Республикасынан үміткерлер үшін CIPA сертификаттары CPA EURASIA сертификатын өзара тану туралы шарт бойынша берілетінін хабарлады.

      "ҚКБАИ" ҚБ 2022 жылғы 11 наурыздағы № 1/03 хатпен (2022 жылғы 17 наурыздағы кіріс № 4904) "ҚКБАИ" ҚБ мүшелерінің міндеттемелерді, оның ішінде біліктілікті арттыру жөніндегі міндеттемелерді орындамауы "ҚКБАИ" ҚБ өтініші бойынша "СИПАЕН" мекемесінің дерекқорында (тізілімдерінде) CIPA сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылатынын хабарлады.

      "ҚКБАИ" ҚБ 2021 жылғы 17 тамыздағы № 1 хатпен басқа кәсіби ұйымдар бұрын берген CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттарды қайта шығару барлық жаңа мүшелер үшін "ҚКБАИ" ҚБ-ға мүшелікке кірген кезде қайта шығаруға өтініш бойынша жүзеге асырылатынын хабарлады.

      Іс материалдарынан "ҚР КБП" БКҰ сертификаттар берумен айналыспайды, тек сертификаттау жөніндегі ұйымдармен ("ЕСЖБИ" ЖШС, "СИПАЕН" мекемесі және "ҚКБАИ" ҚБ) сертификатталған бухгалтерлерді мүшелікке қабылдайды. Бұл ұйымдар сертификаттарды өз ережелері бойынша береді.

      "ҚР КБП" БКҰ 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 20220429/1_ЕЭК (2022 жылғы 4 мамырдағы кіріс № 8411) Қазақстан Республикасында CIPA және CPA EURASIA бағдарламалары бойынша сертификатталған бухгалтерлер "ҚР КБП" БКҰ мүшелері болып табылатынын хабарлады.

      Осылайша, жауапкерлердің түсініктемелерін және іс материалдарында қамтылған ақпаратты назарға ала отырып, істі қарау жөніндегі комиссия дерекқорда (тізілімдерде) орналастырылған сертификаттардың иелері туралы ақпаратты "СИПАЕН" мекемесі жариялайтынын анықтады, мекеме оны алып, "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС және "ҚКБАИ" ҚБ өтініштерінің негізінде дерекқорға (тізілімдерге) орналастырады.

      Істі қарау барысында істі қарау жөніндегі комиссияға, біріншіден, осы ақпараттың жауапкерлерге тиесілігін қоса алғанда, жауапкерлер бермеген сертификаттардың иелері туралы ақпаратты жауапкерлердің дерекқорға (тізілімдерге) енгізілуінің заңдылығын, екіншіден, дерекқорда (тізілімдерде) орналастырылған, жауапкерлер емес, өтініш берушілер берген сертификаттарды тоқтата тұру (күшін жою) үшін негіздердің болуын растайтын мәліметтер, құжаттар, бұйрықтар, шешімдердің өзге де түрлері ұсынылмаған.

      Істі қарау жөніндегі комиссияның пікірінше, дерекқорда (тізілімдерде) орналастырылған жалған, анық емес немесе бұрмаланған мәліметтерді адамдардың беймәлім тобы үшін тарату тұтынушыларды жауапкерлердің дерекқорда (тізілімдерде) өтініш берушілер берген сертификаттар туралы ақпаратты орналастыруға, өтініш берушілер берген сертификаттардың қолданылуын тоқтата тұруға немесе мәртебесін жоюға құқығы бар тұлғалар ретіндегі қызметі туралы жаңылыстыруы мүмкін.

      Осылайша, жауапкерлер кәсіпкерлік қызметте артықшылықтарға ие бола алады. Мұндай әрекеттер мүше мемлекеттердің заңнамасына, іскерлік айналым әдет-ғұрыптарына, адалдық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келеді, жауапкерлердің бәсекелестері ретінде өтініш берушілерге зиян келтіреді немесе келтіре алады немесе олардың іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

      Шарттың 74-бабының 1-тармағына сәйкес бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары мүше мемлекеттердің аумақтарындағы бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды және 2 және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтарындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін іс-қимылдарды анықтауды және жолын кесуді қамтамасыз етуге бағытталған.

      Хаттаманың 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес бәсекелестік шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) әрқайсысының дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты тәртіппен ықпал ету мүмкіндігі жойылатын немесе шектелетін жарыспалылығы ретінде айқындалған.

      Шарттың 76-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жосықсыз бәсекелестікке, оның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) залал келтіруі не оның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жалған, анық емес немесе бұрмаланған мәліметтерді таратуға жол берілмейді.

      Хаттаманың 2-тармағының 14) тармақшасында жосықсыз бәсеке – мүше мемлекеттердің заңнамасына, іскерлік айналым дәстүріне, қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келетін және басқа бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) кәсіпкерлік қызметтегі артықшылықтарды иеленуге бағытталған кез келген әрекеттері деп белгіленген.

      Аталған нормаларды өзара байланысты оқу Одақ құқығында мүше мемлекеттердің заңнамасына, іскерлік айналым әдет-ғұрыптарына, адалдық, парасаттылық және әділдік талаптарына қайшы келетін және тауардың сипатына, өндіріс тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына немесе оны өндірушілерге қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға алып келетін басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) – бәсекелестерге зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектісінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) кәсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға бағытталған кез келген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.

      1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 10-bis бабының 2-тармағында өнеркәсіптік және сауда істеріндегі әдет-ғұрыптарға қайшы келетін кез келген бәсекелестік актісі жосықсыз бәсекелестік актісі болып саналатыны анықталды.

      Баяндалғандарды ескере отырып, жосықсыз бәсекелестік мынадай фактілердің жиынтығы деп танылады:

      шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар тобының) кәсіпкерлік қызметінде артықшылықтар алуға бағытталуы;

      мүше мемлекеттердің заңнамасына, іскерлік айналым әдет-ғұрыптарына, адалдық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келуі;

      басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) – бәсекелестерге зиян келтіру (келтіру мүмкіндігі) немесе олардың іскерлік беделіне зиян келтіру (келтіру мүмкіндігі).

      Шарттың 76-бабының 2-тармағы жосықсыз бәсекелестіктің ықтимал түрлерінің ашық тізбесін қамтиды және ол толық болып табылмайды, осыған байланысты Хаттаманың 2-тармағы 14) тармақшасының ережелеріне жауап беретін кез келген өзге де іс-әрекеттер жосықсыз бәсекелестік деп танылуы мүмкін.

      Жосықсыз бәсекелестікке тыйым салуға байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) экономикалық қызметті жүргізу кезінде нарықтағы жағдайына қарамастан, заңдарға және (немесе) азаматтық айналымда қалыптасқан парасатты, ақылға қонымды және әділ мінез-құлық туралы түсініктерге қайшы келетін мінез-құлықтан аулақ болуға міндетті (1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 10-bis-бабы, осыған ұқсас ережелер Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтық заңнамасында, сондай-ақ осы мүше мемлекеттердің монополияға қарсы заңнамасында қамтылған).

      Жосықсыз бәсекелестікке тыйым салуды бұзу туралы дауды қарау кезінде мынадай фактілердің жиынтығы белгіленуге тиіс:

      шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) бәсекелестіктің жай-күйіне ықпал етуге қабілетті іс-әрекеттерді жүзеге асыруы;

      шаруашылық жүргізуші субъектісі (нарық субъектісі) таңдаған нарықтағы бәсекелестік тәсілінің осындай жағдайда өзінің мүліктік мүддесін көздейтін, бірақ азаматтық құқықтар мен адал іскерлік практиканы жүзеге асыру шегінен шықпайтын кез келген субъектіден күтілетін мінез-құлықтан айырмашылығы;

      шаруашылық жүргізуші субъектісінің (нарық субъектісінің) мінез-құлқының нарыққа өзге қатысушылар есебінен, оның ішінде сатып алушылардың (тұтынушылардың) таңдауына, адал бәсекелес өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) мүмкіндігіне, нарықтағы тауарларды ұсынудан артықшылық алуға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) – бәсекелестерге басқа ұқсас тәсілдермен (мысалы, біреудің іскерлік беделін пайдалану (төмендету) нәтижесінде) зиян келтіруге негізделген артықшылық алуға, атап айтқанда мүліктік пайда алуға немесе оны алу мүмкіндігіне бағытталуы.

      Жауапкерлер өздері бермеген сертификаттар, яғни өтініш берушілер берген сертификаттар туралы мәліметтерді өздерінің дерекқорына (тізілімдеріне) енгізу құқығын растайтын құжаттарды ұсынбады. Бұл жағдайда жауапкерлердің өздері бермеген сертификаттар туралы ақпаратты дерекқорға (тізілімдерге) енгізуі, ал кейіннен жауапкерлердің электрондық мекенжайларынан және WhatsApp-тан жөнелтілімдер таратуы жауапкерлердің сертификаттарды қайта шығару қажеттілігі туралы тұтынушыларды бірнеше рет және мақсатты түрде жаңылыстырғанын көрсетеді, өйткені дерекқорда (тізілімдерде) "тоқтатылды" және "күші жойылды" мәртебелері көрсетілді. Мұндай мәртебені өзгерту үшін жауапкерлердің ұйымдарына кіру және жауапкерлер дайындаған сертификаттарды алу қажет болды, бұл кәсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға алып келуі мүмкін.

      Одақтың бәсекелестік саласындағы құқығына және істің нақты мән-жайларына сүйене отырып, расталған мынадай фактілерге сүйене отырып:

      CIPA/CAP және CPA EURASIA бағдарламаларының өзара алмастырылуы оларды өзара тану туралы келісімнің болуымен расталады;

      сертификаттар туралы, оның ішінде сертификаттың шығарылған жылы, сертификаттың мәртебесі туралы жалған, анық емес немесе бұрмаланған мәліметтерді тарату, оның ішінде жауапкерлер бермеген, дерекқорда көрсетілген сертификаттар туралы ақпаратты орналастыру бойынша "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесінің іс-әрекеттері және іс материалдарымен расталған басқа да фактілер,

      істі қарау жөніндегі комиссия жиынтығында жауапкерлердің аталған іс-әрекеттері дербес те, барлық жауапкерлердің құрамында да өзінің кәсіпкерлік қызметінде артықшылықтар алуға бағытталған, мүше мемлекеттердің заңнамасына, шартқа, іскерлік айналым әдет-ғұрыптарына, адалдық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келеді, өтініш берушілерге және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) – бәсекелестерге зиян келтірді және келтіруі мүмкін, сондай-ақ олардың іскерлік беделіне нұқсан келтірді және зиян келтіруі мүмкін деген қорытындыға келді.

      "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесі бойынша істерді қарау шеңберінде Істі қарау тәртібінің 13-тармағында көзделген барлық құқықтарды іске асыру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, іс-әрекеттерінде трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзушылықтардың болуына қатысты уәждер, сондай-ақ Шарттың 76-бабын ықтимал бұзушылықпен келісу немесе келіспеу туралы ұстаным білдіру өтінішімен іс бойынша түсініктемелер сұратылды.

      "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесі трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін ықтимал бұзушылықпен келіспеу туралы жазбаша ұстанымдарын, сондай-ақ дәлелдер, қарсылықтар, жазбаша ұстанымдар және өзге де ақпарат берді, олар іс материалдарына қоса тігілді, қаралды және тиісті баға алды. Сондай-ақ, істі қарау шеңберінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан жазбаша ұстанымдар, дәлелдер, қарсылықтар және өзге де ақпарат келіп түсті, олар да іс материалдарына қоса тіркелді, қаралды және тиісті баға берілді.

      Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесінің трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзуы шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) залал келтіруі не оның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін тұлғалардың беймәлім тобы үшін жалған, анық емес немесе бұрмаланған мәліметтерді тарату бойынша іс-әрекеттер жасауында көрінетіні анықталды.

      Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бағалай отырып, істі қарау жөніндегі комиссия "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесінің кінәсі растау тапты, ал олардың іс-әрекеттері Шарттың 76-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы бойынша дұрыс сараланған деп санайды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және салу тәртібіне сәйкес "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) құқық бұзушылардың бәсекелестік қағидаларын ұзақ (1 жыл және одан да көп) уақыт бұзуы тұрғысынан көрініс тапқан, трансшекаралық бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар мен жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар тізбесінде көзделген (көрсетілген Әдістемеге № 1 қосымша) жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың және көрсетілген тізбеде көзделген жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесіне айыппұлдар тағайындалсын.

      Шарттың 76-бабының бұзылу фактісі анықталуына байланысты, Істерді қарау тәртібінің 45-тармағын басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесіне Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20___ жылғы №__ шешімінің қарар бөлігінің 4-тармағында көзделген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың жолын кесу және (немесе) оны жою жөніндегі шараларды қолдану мүше мемлекеттердің барлық шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) үшін тең мүмкіндіктер жасауға ықпал ететін болады деп санайды. Бұдан басқа, кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау бағдарламалары бойынша сертификатталған және осындай сертификаттарды басқа ұйымдарда, оның ішінде өтініш берушілерден алған тұтынушылар туралы мәліметтерді өз дерекқорынан (тізілімдерінен) алып тастау шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне) залал келтіруі не оның іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін жалған, анық емес немесе бұрмаланған мәліметтердің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

      _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады