Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін карантинге жатқызылған өнімдер (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) партияларын қадағалау тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 28 наурыздағы № 43 шешімі.

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 23-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін карантинге жатқызылған өнімдер (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) партияларын қадағалау тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) бекітілсін.

      2. Осы Шешім, Тәртіптің 20-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап 12 ай өткен соң, бірақ 2022 жылғы 31 наурызда қол қойылған, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Тәртіптің 20-тармағы осы Шешім күшіне енген күннен бастап 12 ай өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 43 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін карантинге жатқызылған өнімдер (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) партияларын қадағалау
тәртібі

I. Жалпы ережелер

      1.  Осы Тәртіп үшінші елдерден Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына әкелінетін және Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін, қосымшаға сәйкес тізбе бойынша, Одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) шеңберінде фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімдер (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) партияларын қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдардың реттілігін айқындайды.

      2.  Осы Тәртіптің күші мыналарға қолданылады:

      а) Одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарға (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, уәкілетті органдар);

      б) Одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелуді және Одақтың кедендік аумағы арқылы карантинге жатқызылған өнім партияларын өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаларға;

      в) қызметі карантинге жатқызылған өнім өндірумен байланысты заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға, оның ішінде дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген тұлғаларға.

      3. Карантинге жатқызылған өнім партиясының қадағалануы ол Одақтың кедендік аумағындағы межелі жерге келгенге дейін жүзеге асырылады.

      4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "карантинге жатқызылған өнім партиясының сәйкестендіру нөмірі" -карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына осындай партия келген жерде бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті орган немесе фитосанитариялық сертификатты ресімдеу кезінде экспорттаушы (кері экспорттаушы) елдің уәкілетті органы беретін әріптік-цифрлық немесе цифрлық код;

      "карантинге жатқызылған өнім партиясының қадағалануы" – уәкілетті органның ақпараттық жүйені пайдалана отырып, карантинге жатқызылған өнім партиясын және карантинге жатқызылған өнім партиясының шыққан жерін құжаттамалық сәйкестендіру, сондай-ақ мұндай партияның Одақтың кедендік аумағындағы межелі жерге келгенін растау мүмкіндігі;

      "сәйкестендіру құралдары" – карантинге жатқызылған өнімнің партиясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін, Одақ органдарының актілеріне сәйкес қолданылатын таңбалау, штрих-код, QR-код, пломба және басқа да құралдар.

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, халықаралық шарттарда және Одақ құқығын құрайтын актілерде айқындалған мәндерде қолданылады.

II. Ақпаратты жинау және талдау

      5.  Үшінші елдерден Одақтың кедендік аумағына әкелуді және Одақтың кедендік аумағы арқылы карантинге жатқызылған өнім партиясын өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелгендер карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) құжаттарын ресімдеуді және есепке алуды қамтамасыз ететін уәкілетті органның ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) пайдалана отырып, өз мүше мемлекетінің уәкілетті органына мынадай мәліметтерді ұсынады:

      а) заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      б) тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі;

      в) орналасқан жерінің мекенжайлары және қызметті жүзеге асыру орны;

      г)  партия көлемі және карантинге жатқызылған өнім түрі (ЕАЭО СЭҚ ТН коды (кодтары));

      д) карантинге жатқызылған өнім партиясының өндіріс орнының атауы мен мекенжайы (қажет болған жағдайда).

      6.  Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндірумен байланысты заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар ақпараттық жүйені пайдалана отырып, өз мүше мемлекетінің уәкілетті органына мынадай мәліметтерді ұсынады:

      а) заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ;

      б) тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі;

      в)  орналасқан жерінің мекенжайлары және қызметті жүзеге асыру орны;

      г) ағымдағы вегетациялық кезеңнің егіс алқаптарының құрылымы;

      д) ағымдағы вегетациялық кезеңде дақылдар бөлінісіндегі өнімділік;

      е) тұқымдық және отырғызу материалын өндіру орны (шыққан елі), сұрыптың атауы.

      7. Егер мұндай мәліметтер ақпараттық жүйеде болса, осы Тәртіптің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.

      8.  Үшінші елдерден Одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін карантинге жатқызылған өнім партиясының қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган ақпараттық жүйеге карантинге жатқызылған өнім партиясына қатысты жүргізілген карантиндік фитосанитариялық іс-шаралардың нәтижелерін енгізеді.

      9. Үшінші елдерден Одақтың кедендік аумағына әкелуді және Одақтың кедендік аумағы арқылы карантинге жатқызылған өнім партиясын өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар карантинге жатқызылған өнім партиясын алған кезде межелі жерге мүше мемлекеттің уәкілетті органын ақпараттық жүйені пайдалана отырып, үшінші елдерден Одақтың кедендік аумағына және Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін карантинге жатқызылған өнім партиясының келгені туралы дереу хабардар етеді.

      10.  Уәкілетті орган ақпараттық жүйені пайдалана отырып мыналарды жүзеге асырады:

      а) осы Тәртіптің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген тұлғалар туралы ақпаратты жинау, талдау, өңдеу және сақтау;

      б) карантинге жатқызылған өнім партияларының сәйкестендіру нөмірлерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу.

      11. Карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды адамы карантинге жатқызылған өнім партиясының сәйкестендіру нөмірін және сәйкестендіру құралдарын (бар болса) осы партияға қатысты қалыптастырылған ақпараттың сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады. Көрсетілген тексеру ақпараттық жүйені пайдалана отырып және (немесе) құжаттарды қағаз жеткізгіште зерделеу арқылы жүзеге асырылады.

      12.  Уәкілетті орган өз мүше мемлекетінің заңнамасына сай осы Тәртіптің 5, 6 және 9-тармақтарына сәйкес ақпаратты беру мақсатында осы Тәртіптің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдарға ақпараттық жүйеге қолжетімділік береді.

      13. Карантинге жатқызылған өнім партиясының қадағалануын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйеде қамтылған ақпаратқа қол жеткізу мәліметтерге қолжетімділігі бар тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      14. Жеке, мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты және басқа да құпия ақпаратты есепке алу, жүйелеу, түрлендіру және сақтау, сондай-ақ осындай ақпаратпен өзге де операциялар жасау мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

III. Карантинге жатқызылған өнім партияларын сәйкестендіру

      15.  Одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін карантинге жатқызылған өнім партиясын уәкілетті орган Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде оған сәйкестендіру нөмірін беру және фитосанитариялық сертификаттағы және тауарға ілеспе құжаттардағы және (немесе) сәйкестендіру құралдарындағы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу арқылы сәйкестендіреді.

      16. Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін карантинге жатқызылған өнім партиясы осы партияға фитосанитариялық сертификат беру кезінде сәйкестендіріледі.

      17. Карантинге жатқызылған өнім партиясы ақпараттық жүйеде оған сәйкестендіру нөмірін (күні мен уақытын белгілей отырып) беру арқылы мынадай схема бойынша тіркеледі:

      ХХ/ККААЖЖ/000000000,

      мұнда:

      ХХ – мүше мемлекеттің 2 таңбалы әріптік коды (әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес);

      ККААЖЖ – ақпаратты тіркеу күні (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифрлары);

      000000000 – тіркеу кезінде қалыптастырылатын 9 таңбалы реттік нөмір (нөмірлеу әр күнтізбелік жыл сайын 0000000001-ден басталады).

      18.  Карантинге жатқызылған өнім партиясын ақпараттық жүйеде тіркеу кезінде мынадай мәліметтер қалыптастырылады:

      а) фитосанитариялық сертификатқа және (немесе) көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес карантинге жатқызылған өнім партиясын жөнелтушінің атауы мен мекенжайы;

      б) фитосанитариялық сертификатқа және (немесе) көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес карантинге жатқызылған өнім партиясын алушының атауы мен мекенжайы;

      в) көлік (тасымалдау) құжатын жасау күні мен нөмірі (бар болса);

      г) Одақтың кедендік аумағына карантинге жатқызылған өнім партиясының келген жері кеден органының коды (әкелінетін карантинге жатқызылған өнім үшін);

      д) көлік құралдарының нөмірі;

      е) уәкілетті органы фитосанитариялық сертификат берген экспорттаушы (кері экспорттаушы) нөмірі, күні және елі;

      ж) карантинге жатқызылған өнімнің атауы;

      з) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес карантинге жатқызылған өнімнің кодтары;

      и)  карантинге жатқызылған өнімнің саны (килограммен, данамен және басқа өлшем бірліктерімен);

      к) карантинге жатқызылған өнім партиясының шыққан елі мен орны (бар болса);

      л) карантинге жатқызылған өнім партиясының қаптамасындағы таңбалау;

      м) карантинге жатқызылған өнім партиясын зарарсыздандыру туралы ақпарат (бар болса);

      н) карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) нәтижелері (карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) актісінің, карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысының нөмірі (бар болса));

      о) карантинге жатқызылған өнім партиясын өндірушінің атауы (үшінші елдер үшін – бар болса).

      19.  Сәйкестендіру нөмірі берілген карантинге жатқызылған өнім партиясы бөлінген жағдайда, карантинге жатқызылған өнім партиясының әрбір бөлігіне фитосанитариялық сертификатты беру кезінде алдыңғы сәйкестендіру нөміріне байланыстыра отырып жаңа сәйкестендіру нөмірі беріледі.

IV.  Уәкілетті органдар арасында ақпарат алмасу

      20.  Үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнім партиясын Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде, егер мұндай партияның келу орны бір мүше мемлекеттің аумағында, ал кедендік ресімдеудің аяқталу орны басқа мүше мемлекеттің аумағында болса, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнім партиясын Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізу кезінде уәкілетті органдар интеграцияланған ақпараттық жүйені пайдалана отырып осы Тәртіптің 18-тармағында көрсетілген мәліметтермен алмасуды қамтамасыз етеді.

      21. Карантинге жатқызылған өнімдер партиясын қадағалау мақсатында карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) шеңберінде уәкілетті органдар Одақ органдарының актілеріне және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау (қадағалау) функцияларын жүзеге асыратын органдармен, сондай-ақ өз мүше мемлекетінің өзге де органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылды, оның ішінде қызмет ету шеңберінде ақпарат алмасу мәселелері бойынша мүше мемлекеттерде көлік құралдары қозғалысының онлайн-мониторингі жүйелерінің (бар болса) жқмыс істеуі шеңберінде ұйымдастырады.

      22.  Ақпараттық жүйеде Одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін карантинге жатқызылған өнім партиясының техникалық іркілістерден, байланыс құралдарының (телекоммуникациялық желілердің және "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысындағы бұзылулардан, электр энергиясының ажыратылуынан туындаған оның ақаулығына байланысты қадағалануы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай өнім партиясының тасымалдануының заңдылығы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге және Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге сәйкес ресімделген карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) нәтижелеріне сәйкес расталады.

      ______________

  Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағына
әкелінетін және Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағы арқылы өткізілетін
карантинге жатқызылған
өнімдер (карантинге
жатқызылған жүктер,
карантинге жатқызылған
материалдар, карантинге
жатқызылған тауарлар)
партияларын қадағалау тәртібіне
ҚОСЫМША

Қадағалауға жататын жоғары фитосанитариялық тәуекелі бар карантинге жатқызылған өнімнің
ТІЗБЕСІ

Өнімнің атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды*

1

2

Қалемшелер, түйнектер, түйнек тәрізді тамырлар, тамырлар, оның ішінде тармақталған, вегетативті демалу, вегетация немесе гүлдену жағдайындағылар; 1212 тауар позициясының тамырларынан басқа, цикорий өсімдіктері мен тамырлары

0601

Басқа тірі өсімдіктер (олардың тамырларын қоса), қалемшелер мен өспелер

0602-ден

Жас немесе салқындатылған картоп, оның ішінде тұқымдық

0701
 

Жас немесе салқындатылған томаттар

0702 00 000

5. Пияз, шалот пиязы, сарымсақ, сабақ пияз және басқа да пиязды көкөністер, жас немесе салқындатылған

0703

Қырыққабат, гүлді қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және Brassica тұқымдасына жататын ұқсас жеуге жарамды көкөністер, жас немесе салқындатылған

0704

Салат-латук (Lactuca sativa) және цикорий (Cichorium spp.), жас немесе салқындатылған

 
0705
 

Сәбіз, репа, қызылша, желкек, балдыркөк, шалғам және басқа да ұқсас жеуге жарамды тамыр дақылдары, жас немесе салқындатылған

0706

Қиярлар мен корнишондар, жас немесе салқындатылған

0707 00

Аршылған немесе аршылмаған, жас немесе салқындатылған бұршақ дақылдары

0708

Өзге көкөністер, жас немесе салқындатылған

0709

Жүгері тұқымы, егуге арналған гибридті қант жүгерісі (Zea mays var. saccharata)

0712 90 110 0
1005 10

Кептірілген, қабығы аршылған, тұқымдық қабығынан тазартылған немесе қабығы аршылмаған, жарылған немесе жарылмаған (егуге арналғандардан басқа) бұршақ дақылдарының көкөністері

0713-тен

Егуге арналған дәнді-бұршақты дақылдар тұқымдары

 
 
0713-тен, 1201 10 000 0,
1202 30 000 0,
1209-дан

Маниок, маранта, салеп, жер алмұрты, немесе топинамбур, тәтті картоп, немесе батат, крахмал немесе инулин мөлшері жоғары, жас, салқындатылған немесе кептірілген, тұтас немесе кесілген ұқсас тамыр және түйнек дақылдары; саго пальмасының өзегі

0714-тен

Кокос жаңғағы, бразилия жаңғағы және кешью жаңғағы, жас немесе кептірілген, қабығы аршылған немесе қабығы аршылған, қабығымен немесе қабығы жоқ

0801

Жаңа піскен немесе кептірілген, қабығы аршылған немесе қабығы аршылмаған, қабығы бар немесе қабығы жоқ өзге де жаңғақтар

0802

Банандар, плантайналарды қоса алғанда, жас немесе кептірілген

0803

Құрма, інжір, ананас, авокадо, гуайява, манго және мангостан немесе гарциния, жас немесе кептірілген

0804

Цитрус жемістері, жас немесе кептірілген

0805

Жүзім, жас немесе кептірілген

0806

Қауындар (қарбызды қоса) және папайя, жас

0807

Алма, алмұрт және айва, жас

0808

Өрік, шие және тәтті шие, шабдалы (нектариндерді қоса), қара өрік және терн, жас

0809

Өзге жидектер, жас

0810

0801 – 0806 тауар позицияларының жемістерінен басқа кептірілген жемістер; осы топтағы жаңғақтар немесе кептірілген жемістер қоспасы

0813

Кофе қуырылмаған, кофеині бар немесе кофеинсіз

 
0901 11 000-ден,
0901 12 000-ден

Егуге арналған дәнді дақылдардың тұқымдары

 
 
1001-ден, 1002-ден, 1003-тен,
1004-тен, 1006-дан, 1007-ден,
1008-ден

Егуге арналған зығыр тұқымдары

1204 00 100

Егуге арналған рапс, немесе кольза тұқымдары

 
1205 10 100 0
1205 90 000 1

Егуге арналған күнбағыс тұқымдары

1206 00 100 0

Егуге арналған майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері

1207-ден

Егуге арналған асқабақ дақылдардың тұқымдары

 
1207-ден 1209 91-ден,
1209 99-дан

Егуге арналған паслен және жидек дақылдарының тұқымдары

1209 91-ден,
1209 99-дан

Егуге арналған жуаның түрлерінің тұқымдары

1209-дан

      ________________________

      * Осы тізбені пайдалану мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, өнімнің атауын да басшылыққа алу қажет.

      _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады