2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" 2021 жылғы 21 маусымдағы № 67 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 63 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 67 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-тармақтың атауы және 1-тармақ "техникалық реттеу объектілерінің" деген сөздерден кейін "осы техникалық регламенттің талаптарына" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Аталған Шешіммен бекітілген "Қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:
а) атауы "техникалық реттеу объектілерінің" деген сөздерден кейін "осы техникалық регламенттің талаптарына" деген сөздермен толықтырылсын;
б) мынадай мазмұндағы 104 – 107 позициялармен толықтырылсын:
"104 | 67.180.10 |
Шоколад. Жалпы техникалық талаптары. | № 2-қосымшадағы 1-кестенің 1.4-тармағы, 11-қосымшаның "а) , "г" -"л" және "н" тармақшалары" | 2022 жыл | 2024 жыл | Ресей Федерациясы |
105 | 67.140.30 |
Какао-ұнтақ. Техникалық талаптар. |
№ 2 қосымшаның 1- кестесінің 1.4-тармағы | 2024 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы |
106 |
67.060 | Кондитерлік өнімдер және кондитерлік өндірістің жартылай дайын өнімдері. Терминдер мен анықтамалықтар. МЕМСТ әзірлеу | № 11 қосымша | 2024 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы |
107 | 67.140.30 | Шоколад, кондитерлік және майлы глазурь және қалыптауға арналған массалар. Жалпы техникалық талаптар. МЕМСТ 34383-2018 қайта қарау | № 11 қосымша | 2024 жыл | 2025 жыл | Беларусь Республикасы |
".