Мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін айыппұл салу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 67 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасы Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 16-тармағының 5-тармақшасына (бұдан әрі – Шарт, Хаттама), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Жалпы қағидаларды бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесінің және салу тәртібінің (бұдан әрі – Айыппұлдарды есептеу әдістемесі және салу тәртібі) 17-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 44 және 45-тармақтарына сәйкес Комиссия 2022 жылғы 6 мамырдағы № 22-216 хатта, сондай-ақ 2022 жылғы 9 маусымдағы № 22-269 және 2022 жылғы 5 шілдедегі № 22-304 хаттарда сұратқан мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау туралы істі қарады.

      Іс материалдарын қарау нәтижелері бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттар мен актілердің бәсекелестік саласындағы ережелеріне сүйене отырып, қаралатын істің нақты мән-жайларын және қосымшаға сәйкес осы Шешімнің сипаттама және дәлелдеме бөліктерінде ұсынылған істі қарау жөніндегі комиссияның қорытындыларын зерделей отырып, Комиссия Алқасы шешті:

      1.   "ДИАМЕД-фарма" жауапкершілігі шектеулі қоғамның (бұдан әрі – "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ) (Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Королев қаласы, Первомайский ш/а., Советская көшесі, 31 үй, ОГРН 1085018010978, тіркелген күні – 2008 жылғы 28 тамыз, СТН 5018131074), сондай-ақ 2022 жылғы 12 мамыр мен 2023 жылғы 17 ақпан аралығында "Диамед-фарма" ЖШҚ бас директоры болған Беленький-Н.Н. Гордоновтың Комиссияның сұрауы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбауынан көрінген, ол үшін Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасында жауапкершілік көзделген әрекеттерін (әрекетсіздігін) Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзу деп танылсын.

      2.  Істі қарауды тоқтату үшін негіздердің жоқтығы мойындалсын.

      3. Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасына және және Айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және салу тәртібіне сәйкес жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың (Істерді қарау тәртібіне сәйкес Комиссия Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған, оның ішінде Комиссияның талабы бойынша Комиссияға мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбаған, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсынған деп танылған заңды тұлғаның мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбауы немесе бірінші рет уақтылы ұсынбауы) болуын ескере отырып және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, мынадай мөлшерде айыппұлдар тағайындалсын:

      "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ – 433 333 ресей рублі 33 тиын;

      Н.Н. Беленький-Гордоновқа – 26 641 ресей рублі 67 тиын.

      Осы Шешіммен тағайындалған айыппұлдар Хаттаманың 17 және 18-тармақтарында белгіленген тәртіппен төленуге тиіс (айыппұл төлеуге арналған банк деректемелері: алушы – СТН 7703516539, КПП 770301001, өңіраралық операциялық УФК (Ресей ФАС үшін ж/ш 04951001610), ОКТМО 45380000, алушы банк – Ресей Банкінің Операциялық департаменті// Мәскеу қ. аймақаралық операциялық УФК, банктік шот нөмірі 40102810045370000002, қазынашылық шот нөмірі 03100643000000019500, БИК 024501901, КБК 16111615000010000140).

      4.  "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Комиссияға 2022 жылғы 6 мамырдағы № 22-216, 2022 жылғы 9 маусымдағы № 22-269 және 2022 жылғы 5 шілдедегі № 22-304 хаттарда сұратылған мәліметтерді (ақпаратты) ұсынуға міндеттелсін.

      5. Комиссия осы Шешімнің 3-тармағында көрсетілген адамдарды мыналарды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хабардар етсін:

      а) Айыппұлдарды есептеу әдістемесі мен қолдану тәртібінің 171-тармағының екінші абзацына сәйкес Хаттаманың 16-тармағында көзделген айыппұлдарды осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей толық мөлшерде төлеу. Айыппұлдар көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда Комиссия Айыппұлдарды есептеу әдістемесі мен қолдану тәртібінің 18-тармағына сәйкес осы Шешімді мәжбүрлеп орындауға бағытталған шараларды қабылдайды;

      б) Істерді қарау тәртібінің 45-тармағына сәйкес осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген шйыппұлдарды төлеу туралы Комиссияны осы тармақшада көзделген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде хабардар етсін.

      6. Осы Шешімге белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына шағым жасалуы мүмкін.

      7. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 23 мамырдағы
№ 67 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 67 шешімінің сипаттама және дәлелдеме бөліктері

      Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) (бұдан әрі – Шарт, Хаттама) 10-тармағының 3 және 4-тармақшаларына сәйкес, Хаттаманың 13-тармағы ережелерінің бұзылуына байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) 2022 жылғы 29 тамыздағы № 50/ұйғ. ұйғарыммен "ДИАМЕД-фарма" жауапкершілігі шектеулі одағына (бұдан әрі – "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ) (Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Королев қаласы, Первомайский ш/а, Советская көшесі, 31 үй, ОГРН 1085018010978, тіркелген күні – 2008 жылғы 28 тамыз, СТН 5018131074) қатысты мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау және уақтылы ұсынбау туралы іс (бұдан әрі – іс) қозғады және оны мынадай құрамда қарау жөніндегі комиссия тағайындалды:

      істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы Сушкевич А.Г.;

      істі қарау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Қалиев А.А.;

      істі қарау жөніндегі комиссияның мүшелері: Суменков С.С., Щербаков А.М. және Абдылдаева А.Б.

      Істі қарауға қатысқан адамдар:

      "ДИАМЕД-фарма" ЖКҚ өкілдері: Шевяхов М.Б. және Белова О.В.;

      құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) жүргізу кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) уәкілетті органдарының өкілдері: Брыжова Е.М., Василенко О.О., Горянова О.В., Гуринов В.О., Исайчик А.А., Калилов А.А., Новик А.В., Сагдат Ж.Б., Шемякина А.А. және Фокина М.А.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 23-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 17 ақпанда істі қарау жөніндегі комиссия төрағасы А.Г. Сушкевич істі қараудың аяқталғаны туралы жариялады.

      Істі қарау нәтижелері бойынша мыналар анықталды.

      Комиссияға "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ және "БСТФАРМ" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (Беларусь Республикасы, Минск қ., Гамарник к-сі, 16-үй, 1-к, 3-үй-жай, ТН 190268712, тіркелген күні – 2001 ж 21 тамыз., УНП 190268712) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың, оның ішінде Шарттың 76-бабы 5-тармағының ережелерін бұзудың ықтимал белгілерінің бар екендігін куәландыратын Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 07-16/148К (2022 жылғы 28 ақпандағы кір. № 3543) материалдары келіп түсті.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 97 шешімімен бекітілген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібінің (бұдан әрі – Өтініштерді қарау тәртібі) 1313-тармағына және Хаттаманың 10-тармағының 7-тармақшасына сәйкес көрсетілген материалдарды толық, жан-жақты және объективті қарау мақсатында мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мүше мемлекеттердің олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдары мен ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан, оның ішінде "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ-дан Комиссия 2022 жылғы 6 мамырдағы № 22-216 хатпен (бұдан әрі – № 22-216 хат) қажетті мәліметтерді (ақпаратты) сұратты.

      № 22-216 хат пошта байланыс операторы – "Почта России" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Почта России") қызметтерін тарта отырып, "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ орналасқан мекенжайы бойынша № 80082872187566 почта сәйкестендіргіші берілген хабарламасы бар тапсырыс пошта жөнелтілімімен жіберілді: 141069, Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Королев қ., Первомайский ш/а., Советская көшесі, 31-үй.

      Пошта жөнелтілімін тапсыру туралы хабарламаға сәйкес, ол адресатқа 2022 жылғы 12 мамырда тапсырылды. Көрсетілген деректер "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі "Почта России" АҚ ресми сайтында ұсынылған ақпаратпен "Пошта жөнелтілімдерін қадағалау" бөліміндегі № 80082872187566 пошта сәйкестендіргіші бойынша расталады.

      Осылайша, "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ № 22-216 хатқа сәйкес мәліметтерді (ақпаратты) сұратуға орай осы мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға 2022 жылдың 26 мамырына дейін қоса беруі тиіс болатын.

      "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ өкілі Пирожников А.В. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 274/22 хатпен (кір. 2022 жылғы 31 мамырдағы № 10317) тексерулер жүргізуге мораторий белгілейтін Ресей Федерациясы Үкіметінің "Мемлекеттік бақылауды (қадағалауды), муниципалды бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері туралы" 2022 жылғы 10 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес монополияға қарсы бақылау шеңберінде тексерулер мен бақылау шараларын жүргізуге тыйым салынғанын хабарлады. Оның үстіне профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберуге тыйым салынады. Басталған тексерулер тоқтатылуы тиіс. Тиісінше, Комиссия бастаған тексеру де тоқтатылуы керек.

      "ДИАМЕД-фарма" ЖШС өкілі А.В. Пирожниковтың хатын қарау қорытындысы бойынша Комиссия 2022 жылғы 9 маусымдағы № 22-269 хатпен (бұдан әрі – № 22-269 хат) "ДИАМЕД-фарма" ЖШС-не 2022 жылғы 26 мамырдағы № 274/22 хатпен (кір. 2022 жылғы 31 мамырдағы № 10317) Комиссия сұратқан мәліметтер (ақпарат) № 22-216 хатта сұратудың барлық тармақтары бойынша ұсынылмаған. Бұл ретте Комиссия шарттың 1-бабының 2-тармағына сәйкес Комиссия халықаралық құқықтық субъектісі бар өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы болып табылатынын түсіндірді. Шарттың 6-бабының 1-тармағына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулылары Одақ құқығына кіретін актілерге жатпайды.

      Осылайша, Ресей Федерациясы Үкіметінің "Мемлекеттік бақылауды (қадағалауды), муниципалды бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері туралы" 2022 жылғы 10 наурыздағы № 336 қаулысы қарастырылып отырған құқықтық қатынастарды құқықтық реттеу көзі болып табылмайды және нәтижесінде Комиссия сұраған мәліметтерді (ақпаратты) ұсынудан бас тартуға негіз болады.

      Айтылғандарды ескере отырып, Комиссия № 22-269 хатпен "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ-ны № 22-216 хатпен жіберілген сұрау салудың барлық тармақтары бойынша сұратылған мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну міндеті туралы хабардар етті және қайта сұрау салуды алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде бұрын сұратылған мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну қажеттігін көрсетті, сөйтіп мәліметтерді ұсыну мерзімін ұзартты (ақпарат).

      2022 жылғы 5 шілдеде Комиссия № 22-304 хатта (бұдан әрі – № 22-304 хат) "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ-дан № 22-216 хатта сұралған мәліметтерді (ақпаратты) ұсынуды тағы сұрады және қайта сұрау салуды алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде бұрын сұралған мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну қажеттігін көрсетті.

      Пошта жөнелтілімін тапсыру туралы хабарламаға сәйкес ол адресатқа 2022 жылғы 18 шілдеде тапсырылды. Көрсетілген деректер "Почта России" АҚ ресми сайтында "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде № 80085774826533 почта сәйкестендіргіші бойынша "Почта жөнелтілімдерін қадағалау" бөлімінде ұсынылған ақпаратпен расталады.

      Осылайша, "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ Комиссияның № 22-216 хатта көрсетілген мәліметтерді (ақпаратты) сұратуына сәйкес № 22-269 және 22-304 Комиссия хаттарымен мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну мерзімін ұзартуды ескере отырып, оларды Комиссияға ұсынуға тиіс болды.

      "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ 2022 жылғы 13 шілдедегі № 82/22 хатпен (вх. 2022 жылғы 20 шілдедегі № 13623) № 22-269 хатқа жауап ретінде Комиссияның "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ-ға қатысты тексеру шаралары Ресей Федерациясында енгізілген, оның ішінде монополияға қарсы бақылау шеңберінде тексерулер жүргізуге мораторийдің қолданысына жататынын және тоқтатылуы тиіс екенін хабарлады. Бұдан басқа, "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ Комиссияға өзінің заңды құқықтарын қорғау мақсатында Ресей Федерациясының Бас прокуратурасына жүгінгені туралы хабарлады.

      Алайда, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы жауабының көшірмесі істі қарау жөніндегі комиссияның отырысы барысында ұсынылмады.

      Осылайша, "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ Комиссия № 22-216 хатта, сондай-ақ № 22-269 және 22-304 кейінгі хаттарда сұратқан мәліметтерді (ақпаратты)2022 жылғы 27 шілдеге дейінгі (№22-269 және 22-304 хаттармен ұзартуды ескере отырып) мерзімде ұсынбады.

      "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ 2022 жылғы 11 қазандағы хатында Ресей Федерациясы Үкіметінің "Мемлекеттік бақылауды (қадағалауды), муниципалды бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері туралы" 2022 жылғы 10 наурыздағы № 336 қаулысымен тексерулер жүргізуге, оның ішінде монополияға қарсы бақылау шеңберінде бақылауға мораторий енгізілгендіктен, Комиссияның өтініштері заңсыз деп хабарлады. Сонымен қатар, "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ Хаттаманың 70-тармағына сәйкес Комиссияның іс жүргізу әрекеттерінің мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келуі оларды өткізуден бас тартуға негіз болып табылатынын, осыған байланысты істі тоқтатуды сұрайтынын атап өтті.

      Хаттаманың 70-тармағына сілтеме жасай отырып, "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ-ның дәлелдерін қабылдау мүмкін емес, өйткені Хаттаманың 70-тармағында мемлекеттік органның дәлелді ұсынысты орындаудан бас тартуы көрсетілген. Бұл ретте істі қарау жөніндегі комиссия дәлелді ұсыныс жібермеген, ал қаралып отырған істе "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ Комиссияның сұрауы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынудан бас тартуының негізділігін немесе негізсіздігін бағалады.

      "ДИАМЕД-фарма "ЖШҚ 2022 жылғы 26 қазандағы н/ж хатпен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме және "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ жарғысын ұсынды. Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге сәйкес Беленький- Гордонов Н.Н. 2019 жылғы 18 қаңтар мен 2023 жылғы 17 ақпан аралығында "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ бас директоры, сондай-ақ заңды тұлға – "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқығы бар тұлға болған.

      Сонымен қатар, Комиссия белгілеген мерзім аяқталғаннан кейін 2022 жылғы 28 қазандағы н/ж хатпен (кір. 2022 жылғы 31 қазандағы № 20624конф) "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ Комиссия сұраған мәліметтердің (ақпараттың) бір бөлігін № 22-216 хатта ұсынды.

      Іс материалдарына сәйкес Беленький-Гордонов Н.Н. заңды тұлғаның дара атқарушы органы ("ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ құрылтай (жарғылық) құжаттарына сәйкес), сондай-ақ "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ бас директоры (лауазымға тағайындау туралы 2019 жылғы 18 қаңтардағы н/ж бұйрыққа сәйкес) болып табылады.

      2023 жылғы 16 қаңтарда Комиссия № 5/ұйғ. ұйғарымымен "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ бас директоры Н.Н.Беленький-Гордоновты іс бойынша жауапкер ретінде тартты және тиісті мәліметтерді (ақпаратты) сұратты. Аталған ұйғарым 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 22-21 хатпен "Почта России" АҚ қызметтерін тарта отырып, № 80081980545084 почта сәйкестендіргіші берілген хабарламамен, оның ішінде "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ бас директоры Н.Н. Беленький-Гордоновтың тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайына тапсырысты почта жөнелтілімімен жіберілді. Пошта жөнелтілімін тапсыру туралы хабарламаға сәйкес бұл хат адресатқа 2023 жылғы 27 қаңтарда тапсырылды.

      2023 жылғы 27 қаңтарда Комиссия № 11/ұйғ. ұйғарымымен "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ бас директоры Н.Н. Беленький-Гордоновты 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 5/ұйғ. ұйғарымымен сұратылған мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну қажеттілігі туралы қайта хабардар етті. Аталған ұйғарым 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 22-37 хатпен "Почта России" АҚ қызметтерін тарта отырып, № 80081980545268 почта сәйкестендіргіші берілген хабарламамен, оның ішінде "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ бас директоры Н.Н. Беленький-Гордоновтың тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайға тапсырысты почта жөнелтілімімен жіберілді. Пошта жөнелтілімі туралы хабарламаға сәйкес 2023 жылдың 3 ақпанында тапсыру әрекеті сәтсіз болды.

      Хаттаманың 10-тармағының 7-тармақшасына сәйкес Комиссия мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мүше мемлекеттердің өзге де органдары мен ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан, оның ішінде трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті құпия ақпаратқа сұрау салуды және ақпарат алуды жүзеге асырады.

      Хаттаманың 13-тармағына сәйкес Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау кезінде істі қарау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мүше мемлекеттердің органдары мен ұйымдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардан, заңды және жеке тұлғалардан сұратады. Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері), коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдар немесе ұйымдар (олардың лауазымды адамдары), жеке тұлғалар Комиссияға оның сұрау салуы бойынша белгіленген мерзімдерде өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес Комиссияға қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді, түсіндірмелерді беруге міндетті.

      Өтінішті (материалдарды) қарау кезінде Өтініштерді қарау тәртібінің 1313-тармағына сәйкес Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мүше мемлекеттердің органдары мен ұйымдарының функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардан, заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

      Осылайша, Комиссияға 2022 жылғы 24 ақпандағы № 07-16/148К (2022 жылғы 28 ақпандағы кір.№ 3543) хатпен келіп түскен Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің материалдарын қарау шеңберінде Комиссия өтініштерді қарау тәртібіне сәйкес мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзуының жолын кесу жөніндегі өз өкілеттіктерін орындай отырып және Шарт нормаларын басшылыққа ала отырып, "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ-дан тиісті мәліметтерді (ақпаратты) сұратты.

      Алайда, "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу белгілері туралы материалдарды Комиссияның қарауы барысында сұратылған мәліметтер (ақпарат) толық көлемде және Комиссия белгілеген мерзімде ұсынылмады.

      Істі қарау шеңберінде "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ оның іс-әрекеттерінде Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзу белгілерінің болуымен келіспеу туралы ұстаным ұсынды.

      Бұл ретте істі қарау жөніндегі комиссия "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ-ның әрекеттері (әрекетсіздігі) "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ-ның Одақ құқығының монополияға қарсы реттеу саласындағы ережелерін сақтау үшін мүмкіндігі болғандығын, алайда оларды сақтау жөнінде қажетті және жеткілікті шаралар қабылдамағанынан көрінеді деп есептейді, осыған байланысты "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ Хаттаманың 13-тармағында тыйым салынған әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасағаны туралы, атап айтқанда Комиссияның сұрау салуы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) толық көлемде және Комиссия белгілеген мерзімде ұсынбағаны туралы. қорытынды жасауға болады деп есептейді.

      Істі қарау жөніндегі комиссияның отырыстарына "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ өкілдері қатысты, оларға Істерді қарау тәртібінің 13-тармағында көзделген құқықтары түсіндірілді, сондай-ақ оларды іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер ұсынылды.

      "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ-ның Комиссияға № 22-216 хатта және № 22-269 және 22-304 қайталама хаттарда сұралған мәліметтерді (ақпаратты) ұсынуына кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жоқ.

      Хаттаманың 16-тармағы 5-тармақшасының екінші абзацына сәйкес лауазымды адам деп шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің), шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) жеке-дара атқарушы органдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйымдардың өкілеттіктерін жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері түсініледі.

      "ДИАМЕД-фарма" ЖШС-нің бас директоры болған Н.Н. Беленький-Гордоновтың "ДИАМЕД-фарма" ЖШС-нің құрылтай (жарғылық) құжаттарына сәйкес Одақтың монополияға қарсы реттеу саласындағы ережелерін сақтау мүмкіндігі болған, бірақ оларды сақтау үшін қажетті және жеткілікті шаралар қабылдамаған, осыған байланысты Н.Н. Беленький-Гордонов Комиссия көрсеткен мерзімде мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну жөніндегі оның сұрау салуының орындалуын қамтамасыз етпей, Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзды деген тұжырым жасауға болады.

      Істі қарау шеңберінде "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ бас директоры Н.Н. Беленький-Гордоновқа Істерді қарау тәртібінің 13-тармағында көзделген барлық құқықтарды іске асыру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, одан іс бойынша түсініктемелер, сондай-ақ Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзумен келісу немесе келіспеу туралы ұстаным сұратылды.

      Істі қарау шеңберінде "Диамед-фарма" ЖШҚ бас директоры Н.Н. Беленький-Гордонов Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзу белгілерінің болуы фактісімен келісу немесе келіспеу туралы ұстаным ұсынған жоқ.

      "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ бас директоры Н.Н. Беленький-Гордоновтың Комиссияға № 22-216 хатта және № 22-269 және 22-304 қайталама хаттарда сұратылған мәліметтерді (ақпаратты) ұсынуына кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жоқ.

      Істі қарау жөніндегі комиссияның отырыстарына "Диамед-фарма" ЖШҚ бас директоры Н.Н. Беленький-Гордонов және (немесе) оның өкілдері қатысқан жоқ, істі қарау жөніндегі комиссия отырысының күнін ауыстыру туралы өтініш білдірген жоқ.

      Істі қарау жөніндегі комиссияның отырыстарына "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ бас директоры Н.Н. Беленький-Гордоновтың және (немесе) оның өкілдерінің қатыса алмауының дәлелді себебі туралы ақпарат ұсынылмаған.

      Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бағалай отырып, істі қарау жөніндегі комиссия "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ мен оның бас директоры Н.Н. Беленький-Гордоновтың кінәсі расталды және олардың әрекеттері (әрекетсіздігі) Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзу ретінде дұрыс сараланған деп санайды.

      Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Комиссия Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және қолдану тәртібіне (бұдан әрі – айыппұлдарды есептеу әдістемесі және салу тәртібі) сәйкес Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін, оның ішінде Комиссияның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсынғаны үшін жеке тұлғаларға – 10 000-нан 15 000 ресей рубліне дейін, лауазымды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлеге – 10 000-нан 60 000 ресей рубліне дейін, заңды тұлғалар үшін 150 000-нан 1 000 000 ресей рубліне дейін айыппұл салады.

      "ДИАМЕД-фарма" ЖШҚ және оның бас директоры Н.Н. Беленький-Гордонов Комиссияға алғаш рет Комиссия сұратқан мәліметтерді (ақпаратты) толық көлемде және белгіленген мерзімде ұсынбады. Көрсетілген мән-жай Айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және салу тәртібіне № 2 қосымшаға сәйкес айыппұлдардың мөлшерін есептеу кезінде жауапкершілікті жеңілдетуші мән-жай ретінде ескеріледі.

      Айыппұлдарды есептеу әдістемесі мен салу тәртібіне № 1 және 2 қосымшаларда көзделген, айыппұл мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін жауапкершілікті жеңілдететін өзге де мән-жайлар және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

      _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады