Үндістанда шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 102 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Үндістанда шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысын ұзарту туралы" 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 156 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шара қоса алғанда 2024 жылғы 16 мамырға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2024 жылғы 16 мамырға дейінгі аралықта алдын ала демпингке қарсы баж алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 156 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 25 қыркүйектен ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады