Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 8-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 9-қосымша) және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 98-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне тіркелген № 2-қосымшаның 8-тармағына сәйкес 2021 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 130-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінің 2-тармағының "а" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012) талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімнің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін, оған қатысты кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталады.
2. Белгіленсін:
2016 жылғы 12 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 30 "Оған қатысты кедендік декларацияны беру "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және оларға тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен сүйемелденетін өнім тізбесін бекіту туралы" шешімі (КО ТР 031/2012)";
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 21 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 30-шешіміне тіркелген қосымшаның 3-тармағы;
2021 жылғы 28 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 192 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне тіркелген қосымшаның 2-тармағы.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 136-шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және оларға тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012) талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын өнімдердің ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестікті бағалау туралы құжат | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Тракторлар мен тіркемелер: | |||
1) максималды есептік жылдамдығы кемінде 6 км/сағ болатын ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығының доңғалақты тракторлары |
8701 92 100 0 | сәйкестік сертификаты | |
2) максималды есептік жылдамдығы кемінде 6 км/сағ болатын ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы шынжыр табанды тракторлар | 8701 30 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
3) ауыл шаруашылығы немесе орман шаруашылығы мақсатындағы жүктерді тасымалдауға арналған ең жоғары есептік жылдамдығы кемінде 6 км/сағ болатын трактор тіркемелері |
8716 20 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
2. Тракторлардың немесе тіркемелердің компоненттері: | |||
1) жарықтандыру және жарық сигнал беру аспаптары: |
8512 20 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
ауқым шырағы және тежеу сигналдары | |||
артқы шамдар | |||
айналу көрсеткіштері | |||
алысқа түсетін жарық фаралары | |||
жақын жарық шамдары | |||
тұманға қарсы шамдар | |||
артқы тұманға қарсы шамдар | |||
тұрақ шамдары | |||
артқы нөмірлік белгіні жарықтандыруға арналған құрылғылар | |||
2) шағылыстыратын құрылғылар | 8708 29 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
3) артқы көрініс айналары | 7009 10 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
4) дыбыстық дабыл құрылғылары | 8512 30 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
5) шыны |
3926 90 970 9 | сәйкестік сертификаты | |
6) қауіпсіздік белдіктері | 8708 21 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
7) жылдамдықты шектеу құрылғылары |
8409 91 000 8 | сәйкестік сертификаты | |
8) спидометрлер | 9029 20 310 9 | сәйкестік сертификаты | |
9) механикалық тарту-ілінісу құрылғылары |
8708 29 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
10) шиналар | 4011 70 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
11) қозғалтқыш |
8407 32 100 0 | сәйкестік сертификаты | |
12) оператордың орны | 9401 20 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
13) кабина | 8707 90 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
14) қозғалтқышты газ тәрізді отынмен қоректендіруге арналған жабдық: | сәйкестік сертификаты | ||
сұйытылған мұнай газымен (СМГ): |
3926 90 970 4 | ||
80 пайыздық тоқтату клапаны |
8481 40 100 0 | ||
деңгей көрсеткіші |
9026 20 200 0 | ||
қауіпсіздік клапаны |
8481 40 100 0 | ||
шектеу клапаны бар қашықтан реттелетін жұмыс клапаны |
8481 30 990 2 | ||
қысым реттегіші және буландырғыш |
8481 80 591 0 | ||
қашықтан реттелетін өшіру клапаны |
8481 30 990 2 | ||
жанармай құю блогы |
8481 80 739 9 | ||
газ құбырлары мен шлангтар |
3917 31 000 8 | ||
СМГ компоненттері арасындағы байланыстырушы газ құбырлары |
3917 31 000 8 | ||
инжектор, газ айдағыш немесе газ араластырғыш |
8409 91 000 2 | ||
электрондық басқару блогы |
8537 10 100 0 | ||
қысымды шектегіш |
8481 40 100 0 | ||
тексеру клапаны |
8481 30 910 8 | ||
газ құбырының қауіпсіздік клапаны |
8481 40 100 0 | ||
газ диспенсері |
8481 80 690 0 | ||
сүзгі |
3926 90 970 9 | ||
қысым және температура сенсоры |
9026 20 200 0 | ||
жанармай сорғысы |
8413 30 200 8 | ||
оқшауланған қуат жүйесінің адаптері |
8409 91 000 2 | ||
резервтік отын берудің қосқыш келтеқұбыры |
3917 31 000 8 | ||
әр түрлі отынға ауысу жүйесі |
8536 50 110 9 | ||
жанармай желілері |
3917 31 000 8 | ||
сығымдалған табиғи газбен (СТГ): | |||
баллондар |
3926 90 970 4 | ||
қол клапаны |
8481 80 819 9 | ||
автоматты клапан |
8481 30 990 2 | ||
қауіпсіздік құрылғысы |
8481 40 100 0 | ||
шектеу құрылғысы |
8481 40 100 0 | ||
басқару клапаны немесе тексеру клапаны |
8481 30 910 8 | ||
қысымды төмендететін клапан |
8481 80 599 0 | ||
қысымды сақтандырғыш |
8481 40 100 0 | ||
шектеу клапаны |
8481 40 100 0 | ||
қысымды сақтандырғыш (белгілі бір қысым кезінде іске қосылады) |
8481 40 100 0 | ||
резервтік отын берудің қосқыш келтеқұбыры |
3917 31 000 8 | ||
әр түрлі отынға ауысу жүйесі |
8536 50 110 9 | ||
икемді отын құбыры-шлангтар |
3917 31 000 8 | ||
СТГ сүзгісі |
3926 90 970 9 | ||
қысым реттегіші |
8481 80 591 0 | ||
қысым және температура сенсоры |
9026 20 200 0 | ||
жанармай құю блогы немесе түйін |
8481 80 739 9 | ||
газ беру реттегіші және газ ауа араластырғыш немесе инжектор |
8409 91 000 2 |
Ескертпелер: 1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да басшылыққа алу қажет.
2. Осы тізбе "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 031/2012) Кеден одағының техникалық регламентінің 1-бабының 2-тармағында көрсетілген мынадай өнімге қолданылмайды:
а) шағын тракторлар және оларға тіркемелер;
б) арнайы мақсаттағы тіркемелер;
в) тіркеме шассиі.