Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 8-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 9 қосымша) және 2-тармақтың "а" тармақшасын іске асыру мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 2 қосымшаның 8-тармағымен және Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінің 3-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 033/2013) талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын, оған қатысты кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын өнім тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Тізбе "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінде (КО ТР 033/2013) декларациялау нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізу көзделген әкелінетін (әкелінген) өнім үшін ғана, аталған техникалық регламентке қатысты мемлекеттік тіркеу немесе ветеринариялық санитариялық сараптама нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізу көзделген әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты қолданылады деп белгіленсін, техникалық реттеу шараларының сақталуын растау Кеден одағының комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешіміне және Кеден одағының комиссиясының тиісінше 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тізбеге енгізілген және бір мезгілде ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын өнімге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде Кеден одағының комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес реттеу шаралары қолданылады.
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 033/2013) талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын, оған қатысты кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын өнім ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН-ның коды | Сәйкестікті бағалау туралы құжат | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Құрғақ сүт негіздері |
0403 20 510 0 | сәйкестік туралы декларация | |
2. Байытылған, қайнатылған, пастерленген, зарарсыздандырылған, ультра пастерленген, ультра жоғары температурада өңделген, ішуге арналған сүт және кілегей |
0401 10 100 0 | сәйкестік туралы декларация | . |
3. Қалпына келтірілген сүт |
0401 10 100 0 | сәйкестік туралы декларация | |
4. Пастерленген сүт, пастерленген кілегей |
0401 10 100 0 | сәйкестік туралы декларация | |
5. Сүтті сусын |
2202 99 910 0 | сәйкестік туралы декларация | |
6. Қантпен қоюландырылған сүт пен кілегей |
0402 10 910 0 | сәйкестік туралы декларация | |
7. Қант немесе басқа тәттілендіргіш заттар қосылмаған қоюланған немесе қойытылған сүт және кілегей |
0402 10 110 0 | сәйкестік туралы декларация | |
8. Құрғақ сүт пен кілегей |
0402 10 110 0 | сәйкестік туралы декларация | |
9. Құрамында сүті бар және құрамында сүті бар сүт майын алмастырғышы бар қоюланған және қантпен қоюландырылған құрғақ өнімдер |
1806 90 900 0 | сәйкестік туралы декларация | |
10. Майсу, ашытқан сүт өнімдері (сүзбе мен сүзбе өнімдерінен басқа), йогурт, айран, қымыз және қоюландырылған немесе қоюланбаған, қант немесе басқа тәттілендіргіш заттар қосылған немесе қосылмаған, хош иісті дәмқоспалармен (сүт емес компоненттермен) немесе онсыз, жемістер, жидектер, жаңғақтар немесе какао қосылған немесе қосылмаған ашыған өнімдер (сүзбе өнімдерінен басқа) |
0403 20 110 0 | сәйкестік туралы декларация | |
11. Қымыз өнімі, мечниковша ұйыған айран, айран, майлы айран, қаймақ, айран өнімі, құрамында сүт бар және (немесе) ашыған өнім, оның ішінде йогурт өінімі, қаймақ өнімі |
0403 20 110 0 | сәйкестік туралы декларация | |
12. Қоюландырылған немесе қоюландырылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүт сарысуы, ірімшік, сүзбе немесе казеин, құрғақ сүт сарысуы |
0404 10 020 0 | сәйкестік туралы декларация | |
13. Сүтті қайта өңдеу өнімі: көпіршітілген, қалпына келтірілген, қантпен қойылтылған, қоюландырылған, буланған немесе мұздатылған, аз лактозалы, қалыпқа келтірілген, майсыздандырылған, байытылған, қайта құрамдастырылған, сублимацияланған, құрғақ, термизацияланған, пастерленген, зарарсыздандырылған, ультра пастерленген немесе ультра жоғары температурада өңделген, қант немесе басқа тәттілендіргіш заттар қосылған немесе қосылмаған |
0401 10 100 0 | сәйкестік туралы декларация | |
14. Сарысу негізіндегі сүтті өнім |
0404 90 210 0 | сәйкестік туралы декларация | |
15. Сиыр сүтінен алынған майы, қышқыл кілегей және тәтті кілегей майы, ірімшікті сары май, ерітілген май |
0405 10 110 0 | сәйкестік туралы декларация | |
16. Қышқыл кілегейлі және тәтті кілегейлі, ірімшікті, майлы және сүтті паста | 0405 20 100 0 | сәйкестік туралы декларация | |
17. Сүт майы |
0405 90 100 0 | сәйкестік туралы декларация | |
18. Кілегейлі-өсімдік спреді, оның ішінде Кілегейлі-өсімдік қорытылған қоспасы |
2106 90 980 4 | сәйкестік туралы декларация | |
19. Сүзбе, ірімшік, балқытылған ірімшік, балқытылған ірімшік технологиясы бойынша өндірілген, оның ішінде ысталған сүт майы алмастырғышы бар құрамында сүті бар өнім |
0406 10 300 0 | сәйкестік туралы декларация | |
20. Жұмсақ, жартылай қатты, қатты, аса қатты ірімшік технологиясы бойынша өндірілген сүт майы алмастырғышы бар құрамында сүті бар өнімдер |
1901 90 920 0 | сәйкестік туралы декларация | |
21. Ірімшік технологиясы бойынша өндірілген сүт майы алмастырғышы бар тұзды, зеңді, шырышты құрамында сүті бар өнімдер, |
1901 90 920 0 | сәйкестік туралы декларация | |
22. Сүзбелі ірімшік, сүзбе, сүзбе қоспасы, сүзбелі өнім, дәнді сүзбе |
0406 10 500 2 | сәйкестік туралы декларация | |
23. Сүт өңдеу өнімдерін өндіруге арналған ашытқы |
2102 10 900 0 | сәйкестік туралы декларация | |
24. Жеміс-жидек, жеміс-жидек және тағамдық мұз негізінде жасалған балмұздақтан басқа, балмұздақ |
2105 00 100 0 | сәйкестік туралы декларация | |
25. Альбумин |
3502 20 910 0 | сәйкестік туралы декларация | |
26. Казеин, казеинат |
3501 10 900 0 | сәйкестік туралы декларация | |
27. Сүт ақуыздарының концентраты, Сарысу ақуыздарының концентраты |
0404 90 210 0 | сәйкестік туралы декларация | |
28. Сүт өңдеу өнімдерін өндіруге арналған ферменттік препараттар |
3507 10 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
29. Мүт қанты, лактулоза |
1702 11 000 0 | сәйкестік туралы декларация |
Ескерту:
1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да басшылыққа алу қажет.
2. Осы тізбеге дайындаушының (өндірушінің) құжаттарына сәйкес сүт өнімі болып табылатын тауарлар және сүтті қайта өңдеу өнімдерін өндіру кезінде функционалдық қажетті компоненттер ғана енгізіледі.
3. Кеден органдарына осы тізбеде көрсетілген "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 033/2013) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсыну туралы талап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылатын сүт өнімдеріне қатысты қолданылады және төмендегілерге қатысты қолданылмайды:
а) сүт және сүт өнімдері негізінде дайындалған мамандандырылған тамақ өнімдері мен балалар тағамына;
б) сүт және сүт өнімдерін пайдалана отырып немесе олардың негізінде дайындалған аспаздық және кондитерлік бұйымдарды, тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, дәрілік заттарды, мал азығын, азық-түлік емес тауарларға;
в) азаматтар үйде және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықтарда алған, сондай-ақ жеке тұтынуға ғана арналған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға шығаруға арналмаған сүт және сүт өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қатысты сүт және сүт өнімдеріне;
г) сүт және сүт өнімдерін пайдалана отырып дайындалған және қызмет көрсету кезінде сатуға арналған тамақтандыру (қоғамдық тамақтандыру) кәсіпорындарының тамақ өнімдеріне;
д) шикі сүтке, шикі майсыздандырылған сүтке және шикі кілегейге.