Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16 және 18-тармақтарына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1-қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 7002 20 100 0- кодымен сыныпталатын оптикалық шыныдан жасалған шыбықтарға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14-қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 7002 20 100 0- коды бар позициядағы Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне тіркелген ескертуге "4С)" сілтемесі "85С)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне тіркелген ескертулер мынадай мазмұндағы 85С ескертуімен толықтырылсын:
"85С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 01.01.2024 бастап 29.02.2024 қоса алған аралықта қолданылады.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін және оптикалық шыныдан жасалған шыбықтарға қатысты осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшерлерін қолданылатын тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күнінен ерте емес күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |