Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын, өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің ІІ бөліміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 6 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 57-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:

      1. Кеден Одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің ІІ бөлімінің 11-тармағындағы "ыдыс-аяқ, асхана керек-жарақтары" деген сөздер "асхана және асүй ыдыс-аяғы, асхана және асүй керек-жарақтары аспаптары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күнінен бастап, 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне ендеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан Құжаттар үшін М.Григорян

Беларусь Республикасынан Құжаттар үшін И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан Құжаттар үшін С.Жұманғарин

Қырғыз Республикасынан Құжаттар үшін А.Қасымалиев

Ресей Федерациясынан Құжаттар үшін А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады