Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 34 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының Жұмыс регламентіндегі № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:

      1. "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 3-тармақ мынадай мазмұндағы 3.2.11-тармақшамен толықтырылсын:

      "3.2.11. Техникалық регламенттің I бөлімінің 1-тармағының бесінші абзацында көрсетілген көлік құралдарын айналысқа шығаруға және пайдалануға беруге олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда және тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана жол беріледі. Мұндай көлік құралдарына қатысты Техникалық регламентте көзделген сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ресімдеуге жол берілмейді.

      Техникалық регламенттің I бөлімінің 1-тармағының бесінші абзацында көрсетілген көлік құралдарын иелену, пайдалану, оларға билік ету құқықтарын Қазақстан Республикасын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында жүзеге асыруға жол берілмейді.";

      б) көрсетілген шешіммен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының Техникалық регламентіндегі (КО ТП 018/2011) I бөлімінің 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 1 тамызға дейін Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін үшінші елдерден әкелінген (12000 бірліктен аспайтын) М1 санатындағы бірыңғай көлік құралдарының сәйкестігін бағалауға және айналымға шығаруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Техникалық регламентке № 4 қосымшаның 4-бөлімінің ережелерін қолданбай жол беріледі.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТП 018/2011) І бөлімі 1-тармағының бесінші абзацына сәйкес айналымға доңғалақты көлік құралының шығарылатыны және Қазақстан Республикасы ол орналасқан аумақ болып табылатыны туралы ақпарат осындай доңғалақты көлік құралын тіркеу туралы куәлікте көрсетілуі мүмкін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметінен:

      "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) I бөлімі 1-тармағының бесінші абзацына сәйкес айналысқа шығарылатын (шығарылған) доңғалақты көлік құралдарының тізілімін (олардың сәйкестендіру нөмірлерін, маркаларын және коммерциялық атауларын көрсете отырып) қалыптастыруды және жүргізуді;

      осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағында әкетуге (оның ішінде уақытша) жол бермеуді;

      мұндай көлік құралдарын базалық көлік құралдары ретінде пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ Ресей Федерациясында осындай көлік құралдарына электрондық паспорттарды ресімдеуге жол бермеу мақсатында, көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлері Техникалық регламенттің I бөлімі 1-тармағының бесінші абзацында көрсетілген Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 59 шешімімен айқындалған Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын жүйелерінің әкімшісіне беруді сұрау қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары жүзеге асырады.

      5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады