Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" техникалық регламентіне (КО ТР 024/2011) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 27 ақпандағы № 14 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 98-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясы жұмысының регламентіне тіркелген № 2-қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. Белгіленсін:

      а) 2011 жылғы 9 желтоқсандағы Кеден одағының комиссиясының № 883-шешімімен қабылданған "Май өніміне арналған техникалық регламент" Кеден одағының техникалық регламентінде (КО ТР 024/2011) белгіленген міндетті талаптарға май өнімінің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар (бұдан әрі – техникалық регламент), оған қатысты 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 149-шешімімен өзгерістер енгізілген, 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 149-шешімі күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 149-шешімі күшіне енген күннен бастап 12 айдан кешіктірілмей жарамды;

      б) Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 149-шешімі күшіне енген күннен бастап 12 ай ішінде жол беріледі;

      в)  осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімнің айналысына оны дайындаушы белгілеген осы өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі.

      2.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады