Оптикалық шыныдан жасалған шыбықтарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 16 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16 және 18-тармақтарына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 1-қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. 2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 80-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ЕАЭО СЭҚ ТН 7002 20 100 0 кодымен сыныпталатын оптикалық шыныдан жасалған шыбықтарға қатысты 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 2026 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда, кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде мөлшерлемесі белгіленсін.

      2.  2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 80-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 7002 20 100 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың "85С)" бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге сілтеме "95С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:

      85С ескертпесі күші жойылды деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы 95С ескертпемен толықтырылсын:

      "95С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.03.2024 бастап 28.02.2026 дейін қолданылады".

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес өздеріне қатысты тауарлардың тізбесіне өзгеріс енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес уақытта күшіне енеді, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылады, және оптикалық шыныдан жасалған шыбықтарға қатысты осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшеріне қатысты және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады