Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың 4-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 9-қосымша) және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 98-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне тіркелген № 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:
1. Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесіне, ал олар болмаған жағдайда –зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер қағидалары мен әдістері, оның ішінде "Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 042/2017) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидалары қамтылған ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіне және 2018 жылғы 7 ақпандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 22-шешімімен бекітілген техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау бойынша қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізуді жүзеге асыру.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
2024 жылғы 19 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 25-шешіміне тіркелген ҚОСЫМША |
Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесіне, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістері, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балалар үшін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидалары қамтылған ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы (ЕАЭО ТР 042/2017) және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 34-позициядан кейін мынадай мазмұндағы 341 позициямен толықтырылсын:
"
341 | № 016-1211 "Балаларға арналған өнімнің жекелеген түрлерінің гигиеналық қауіпсіздігін бағалау әдістері" қолдану жөніндегі нұсқаулық | тиісті мемлекетаралық стандарт әзірленгенге және оны осы тізбеге енгізгенге дейін қолданылады |
".
2. 51-позициядан кейін мынадай мазмұндағы 511 позициямен толықтырылсын:
"
511 | АМИ.МН 0003-2021 "Полиамидтерден жасалған бұйымдардан бөлінетін Е-капролактамның су және ауа ортасындағы массалық концентрациясы. Жоғары тиімді сұйық хроматография әдісімен өлшеу әдістемесі" (29.09.2021 жылғы № BY 00221 аттестаттау туралы куәлік) | 2024 жылғы 1 қазаннан бастап тиісті мемлекетаралық стандарт әзірленгенге дейін және оны осы тізбеге енгізгенге дейін қолданылады |
".
3. 73-позициядан кейін мынадай мазмұндағы 731 позициямен толықтырылсын:
"
731 | VI-бөлімнің 18-тармағының "а" тармақшасы, № 2 қосымшаның кестесінің 3-бағаны (капролактам бөлігінде) | АМИ.МН 0003-2021 "Полиамидтерден жасалған бұйымдардан бөлінетін Е-капролактамның су және ауа ортасындағы массалық концентрациясы. Жоғары тиімді сұйық хроматография әдісімен өлшеу әдістемесі" (29.09.2021 жылғы № BY 00221 аттестаттау туралы куәлік) | 2024 жылғы 1 қазаннан бастап тиісті мемлекетаралық стандарт әзірленгенге дейін және оны осы тізбеге енгізгенге дейін қолданылады |
".