Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 4-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 53 "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі және зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы" шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 22 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 18 маусымдағы № 64 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 53 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Көрсетілген Шешіммен бекітілген ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі мынадай мазмұндағы 141 және 26 позициялармен толықтырылсын:
"141 | Р МемСТ 70954-2023 "Аралас түрдегі температурасын тұрақтандыруды қажет етпейтін какао майын алмастырғыш. Техникалық шарттар" |
";
"
26 | Р МемСТ 70954-2023 "Аралас түрдегі температурасын тұрақтандыруды қажет етпейтін какао майын алмастырғыш. Техникалық шарттар" |
".
2. Көрсетілген шешіммен бекітілген зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі мынадай мазмұндағы 961 – 963, 1171 және 1321 позициялармен толықтырылсын:
"961 | МемСТ ISO 18363-1-2020 "Жануарлар мен өсімдік майлары және тоң майлары. ГХ/МС қолдана отырып, монохлорпропандиолдар (МХПД) мен глицидолдың май қышқылдарының күрделі эфирлерінің құрамын анықтау. 1-бөлік. Жылдам сілтілі қайта этерификацияны қолдану және 3-МХПД мөлшерін өлшеу және глицид құрамын дифференциалды өлшеу әдісі" | ||
962 | МемСТ ISO 18363-2-2020 "Жануарлар мен өсімдік майлары және тоң майлары. ГХ/МС қолдана отырып, монохлорпропандиолдар (МХПД) мен глицидолдың май қышқылдарының күрделі эфирлерінің құрамын анықтау. 2-бөлік. Баяу сілтілі қайта этерификацияны қолдану және 2-МХПД, 3-МХПД және глицидолдың мөлшерін өлшеу әдісі" | ||
963 | МемСТ ISO 18363-3-2020 "Жануарлар мен өсімдік майлары және тоң майлары. ГХ/МС қолдана отырып, монохлорпропандиолдар (МХПД) мен глицидолдың май қышқылдарының күрделі эфирлерінің құрамын анықтау. 3-бөлік. Қышқылдық қайта этерификацияны қолдану әдісі және 2-МХПД, 3-МХПД және глицидолдың мөлшерін өлшеу әдісі" |
1171 | МемСТ 34900-2022 "Жануарлар мен өсімдік майлары және тоң майлары. Ферментативті гидролизді қолдана отырып, 2-монохлорпропандиол және 2-монохлорпропандиол май қышқылдарының эфирлері, 3-монохлорпропандиол және 3-монохлорпропандиол май қышқылдарының эфирлері және май қышқылдарының глицидил эфирлерінің құрамын анықтау" |
1321 | ӘН 4.1.3547-19 "Тағамдық өсімдік майлары мен жануарлар майларындағы 3-монохлорпропандиол, 2-монохлорпропандиол және глицидолдың құрамын анықтау" (метрологиялық аттестаттау туралы куәлік № РОСС U.0001.310430/0062.28.05.19 от 28.05.2019) | тиісті мемлекетаралық стандарт 2024 жылы стандарттар тізбесіне енгізілгенге дейін қолданылады |
".