Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылға және 2025 – 2027 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 83 шешімі

      Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 14 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық дамуының 2024 жылға және 2025-2027 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәні бекітілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасы төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
Б. Сұлтанов

  Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасының
2024 жылғы 16 шілдедегі
№ 83 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылға және 2025 – 2027 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәндері


Өлшеу бірлігі

Болжам

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамдарының аралық сандық мәндері (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есебі)

өткен жылға қосылатын пайыздар

2,4 – 3,2

2,6 – 3,2

2,7 – 3,2

2,7 – 3,1

2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамдарының аралық сандық мәндері

барреліне АҚШ доллары

77,5 – 87,0

68,8 – 85,0

62,1 – 76,0

59,1 – 72,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады